Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар тұрғындар табысынан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынған салықтар жатады.
Жанама салықтар – мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.
Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:
Жалпы мемлекеттік салықтар. Олар мемлееттік бюджетті реттеудің қайнар көзі саналады. Жалпы - мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан (табысынан) салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандар салығы.
Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; көлік, құрал-жабдық салығы; кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымынан алым.
Салық өсімі (салық салу бірлігіне деген мөлшер, %) арқылы салықтар бөлінеді:
Тұрақты салықтабыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.