Дәрістер тезисі


Мемлекеттік бюджеттің төлемдері



бет82/114
Дата18.03.2022
өлшемі0,57 Mb.
#28391
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   114
Байланысты:
Лекция қолданбалы экономика

Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:

  • ассигнованиялар - кәсіпорындар мен мекемелерге міндеттерін атқаруға берілген ақша қаражаттары,

  • субсидиялар – мемлекеттің ақшалай көмегінің бір түрі,

  • сувенция – мемлекеттің белгілі бір мақсаттың орындалуына бағытталған ақша қаражаты,

  • дотоция – зиянды шығындарды жабуға арналған төлемдер.

Экономист Пигу мемлекеттік шығындарды екі топқа бөлген:

  • Трансформациялық шығындартауар мен қызметтерге, яғни мемлекеттің қаржы шығыны басқа игіліктерге айналады. Оларға мемлекеттік инвестициялар, бюджеттік жалақы, мемлекеттің тауар мен қызметтерді сатып алуы жатады.

  • Трансферттік шығындар – қайтарылмайтын, яғни тікелей мақсатқа жұмсалатын субсидиялар, үй шаруашылығына көмек ақшалар, әлеуметтік қорғау шығындары.

Бюджеттің кіріс бөлімі жинайтын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, салықтық емес түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар), бюджет тыс қорларға түсімдерден құралады. Бюджет тыс қорлар нақтылы әлеуметтік-экономикалық қажеттектерді қанағаттандыру үшін жасалады. Оларға медициналық, әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны сақтау сияқты шығындар жатады.

Бюджеттің кірістері мен шығындары тепе-тең болғаны жөн, дегенмен көп жағдайда шығындар көлемі бюджетке түсетін кірістерден асып кетеді. Осы жағдайда бюджеттік тапшылық пайда болады. Бюджеттік тапшылықтың себептері көп:



Бюджеттік тапшылықты жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджет тапшылығын қысқарту үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады:

  • мемлекеттік несие;

  • салық салу жүйесін қатайтады;

  • мемлекетті басқару шығындарын қысқартады.

Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз тығыз байланысты. Мемлекеттік қарыз – белгілі уақыт мерзімінде өткен жылдардағы жиналған бюджет тапшылығының сомасы. Мемлекеттік қарыздар қысқамерзімдік, ортамерзімдік, ұзақмерзімдік болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет