Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет33/50
Дата24.06.2022
өлшемі4,69 Mb.
#37265
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
Ұйымдастырушы көшбасшы .Көшбасшы келбетін қалыптастырып, барлық жағдайда басшылық, ұйымдастырушылық келбетін сомдауға көмек көзі – ұйымдастырушы қызметін атқару. Ол тапқырлық, болжам мен сенімділік, қиын жағдайда кесімді шешім қабылдау, т.т. қабілеттерді ұштайды. Мəселен, топқа бөліне салғаннан-ақ, кімнің қай қызметті атқаратыны, ақпаратты жинақтау мен жобаны қорғау əдіс-тəсілдерін таңдауды ұйымдастыра білуі керек.
Сонымен бірге, топ мүшелерінің пікірін тыңдап, əрқайсысының пікіріне қолдау көрсету, т.б. Оқушы бұл рөлде болу оңай емес екенін біледі, алайда ол осы бөгетті жеңе білгені абзал. Жауапкершілікті, зейінділік пен əрекетті назардан тыс қалдырмауды талап ететін қызмет осы. Ол өз білімін толықтырумен қатар, əр топ мүшесінің əрекетін, сонымен бірге жалпы топтың жұмысын, əрекеттер реті мен жұмыс қарқынын бақылап, нəтижелі табысқа жету көзін анықтауы керек.
Уақытты бақылаушы. Топтың табысқа жету көзі уақытты тиімді пайдалану мен мөлшерлі кезеңнің үдесінен шығуға тікелей байланысты. Уақытты белгілеп қана қоймай, топтағы əр əрекеттің атқарылатын уақыт мөлшерін бөле білуі керек. Нəтижелі табыстың белгіленген уақытқа сəйкес жүзеге асырылуын болжай білуге дағдылануы керек.
Үйлестіруші. Айтылып жатқан пікірлердің дəлелді де нақты болуын қамтамасыз ету үйлестірушінің біліктілігіне байланысты. Ол айтылған жауапты(сандық деректер, нақты тарихи ақпараттар, мақал-мəтел, белгілі бір ғалымның не зерттеушінің пікірін келтіру арқылы, т.т.) дəйектеуге дереккөздерден (баспасөз басылымдары, ғаламтор желісінен, түрлі əдебиеттерден, т.б.) қажетті мəліметті тауып, ұсынуға мүдделі. Оның дəлелді деректері топ жұмысының мəнді де мағыналы болуымен қатар, əр оқушының белгілі бір дəрежеде қосымша ақпаратпен танысуына да қазмет етеді. Жауапкершілігі жоғары əрі қызықты қызмет.
Сыни сараптамашы (бағалаушы). Тың пікір, идея, креативті көзқарасты бағалай білуді, қызығушылық пен шығармашылыққа жол ашып, ізденісті қалыптастырады. Əрекетті бұдан да əрі қызықты, ерекше жасауға ынталандырады. Əрине, ауыр əрі ерекше жайттарды тез ойлап, тапқырлықпен бағалауды қажет етеді. Сыни пікір айтып, бағалау – батылдықты талап ететін абыройлы міндет. Бұл қызмет, шындығында да, жауапкершілік пен нақтылықты, пайымды пікір мен шынайылық, əділдікті талап етеді. Оқушы бұл қызметті міндетті түрде өз басынан өткере білуі керек. Сыни сараптама барысында сыни көзқарас, салыстырмалы пайымдау, таңдалған жауаптың өміршеңдігі мен мəні, қажеттілігі мен маңызы жан-жақты ашылуы керек. Ол тек сараптамашы пікіріне ғана негізделген емес, өзге топ мүшелерінің де қорытынды ойлары ескерілген сипатта көрінуі керек. Мəселен, сараптамашыға көтерілген мəселеге байланысты қарастыруға кеңес берілді. Ал оқушылар өз кезегінде оны толықтырады.
Айтылған пікір, ұсыныстың маңыздылығы мен қажеттілігі. Ол тыңдағанға(оқығанға) қалай əсер етеді? Ерекшелігі неде? Неліктен қабылданбауы(қабылдануы) мүмкін? Ол тиімді ме? Салыстырып қарап, тиімділігін (тиімсіздігін) нақтылау. Бəлкім, келесі ұсыныс қолайлы болар? Əр ұсыныстың өз салмағы бар. Сырт көрініс қалай? Ол солай болуы міндетті ме? Ол ізденіске бастайды ма? Шығармашылық ұшқыны бар ма? т.с.с.
Хаттамашы  топтағы ойлардың жазылып, айтылған пікірлердің жинақталып отырғаны абзал. Хаттамашы мүмкіндігінше осы міндетті орындауы қажет. Осылай нақтыланған үлгі ұсынылғаннан кейін толғамды ойды тиянақтап жеткізуші шешеннің (спикердің) міндетін осы топтағы кез келген оқушы алып шыға алады. Бұл рөлді бір ғана оқушы орындай бермей, шешеннің əр тапсырмада, əр мезгілде ауысып отыруы  міндетті əрекет. Топ алдында жəне топ үшін есеп беруге əр оқушы үйренуі – басты шарт.
Белгілі ғалым А.Әлімов «Дәстүрлі сабақтарда оқушылардың тапсырманы орындауы мұғалім тарапынан қатаң талап қою арқылы жүзеге асатынын, ал бірлескен топтық жұмыста оқушылардың тапсырманы орындауы кеңес, сұраныс, ұсыныс арқылы орындалады. Топ мүшелерінің барлығы дерлік белсенділік танытады. Бірлескен жұмыс барысында шағын топ мүшелерінің барлығы да өзара қарым-қатынасқа негізделген интербелсенді әрекеттерді атқарады. (мәселен тыңдай білу өз пікірін ұтымды және дәлелді түрде жеткізе білу ортақпікір қалыптастырып бір мәмілеге келу, бірлесе шешім қабылдау) – деп топтық жұмыстың маңыздылығын атап көрсеткен.
Топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы мынандай мақсаттарға қол жеткізуге болады:
 оқушылар бір-бірімен жеке қарым-қатынас орнатады;
 оқушылар арасында сенім атмосферасы қалыптасады;
 өз ойын айтады, өзгенің ойын тыңдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет