Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет239/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   265
Сүлеймен қарақшы

«Қайда кеткенiн бiлмеймiн. Бiр жұмадан берi көзiме түспедi. 

Бiр  жұмадан  бұрын  үйiне  пәренжi  жамылған  екi  адам  кiргенiн 

көргем. «Таныс әйелдерi шығар» деп, оларға мән бермегем. Со 

күнi кешке бiр жұмысым болып, Дилдаға бардым. Есiгiнде құлып 

iлулi екен. Содан күнде қараймын, үйге ешкiм кiрiп, шықпайды. 

Сiз кiм боласыз? Үй жағына кiрiп көрейiкшi. Тегiн емес-ау, осы. 

Дилда мұнша күн жоқ болып кетпеушi едi», — дедi ол.

Екеумiз есiкке жақындап, құлыпқа назар аудардық. Құлыптың 

көптен берi ашылмағаны бiлiнiп тұр. Шаң басып қалыпты. Әлгi 

қоңсысы екеумiз тесiктен iшке сығаладық. Бiрiншi анау сығалаған 

едi. «Қараңызшы, пеш түбiнде адамның аяғы көрiнiп жатыр», — 

деген оның сөзiнен кейiн тесiктен қарасам, шынында, адамның екi 

табаны мен саусақтары көрiндi. Бiр сұмдықтың болғанын бiрден 

сездiм. «Сен тағы екi-үш көршiңдi шақыр. Құлыпты бұзып iшке 

кiрейiк», — дедiм мен. Ол екi-үш емес, бес-алты адамды ертiп, 

тез  келдi.  Құлыпты  бұздық  та,  iшке  кiрдiк.  Iшке  кiргенiмiзде, 

Құдай салмасын, қанның жаман исi мүңк ете қалды. Иiстен iшке 

кiру  мүмкiн  емес.  Содан  жаңағы  көршi  екеумiз  мұрнымызға 

орамал  байлап,  арғы  бөлмеге  кiрдiк.  Қарасам,  масқара,  пеш 

түбiнде тура тамағынан сойылған Дилда жатыр. Оң қолтығында 

баласы. Оны да пышақтап өлтiрiптi. Киiмiнiң қарын тұсына қан 

қатып қалыпты. 

Қойшы, қазiр олардың өлiктерi со кезде қандай күйде болғанын 

айтқым  келмейдi.  Әйтеуiр  әлiмiз  келгенше,  бар  рәсiмiн  жасап, 

екеуiн  «Құдияррабаттың»  үстiндегi  молаға  бiрге  жерледiк.  Ал 

өлтiргендер  туралы  еш  дерек  таба  алмадым.  Расын  айтқанда, 

табу қолымнан келмедi. Мiлисалар да iстi жаба салды. Дегенмен 

бiр адамнан күдiгiм бар», — деген-дi.

Дилда  мен  баласының  өлiгiне  қатты  қайғырған  Сүлеймен, 

ертесiне-ақ Пұсырманқұл күдiктенген адамды ұстауға кiрiскен. 

Бiрақ  ол  пәле  еш  ұстатпай-ақ  қойды.  Сүлеймендер  ендiгi  одан 

күдер үзгендей болып, Тәшкенге қайтуға жиналған. Ертең атқа 

қонамыз деген күнi азанымен үйге Пұсырманқұл келдi. Амандық-

саулықтан соң ол:

—  Былтырдан  берi  ұстатпай  жүрген  кiсiнi  кеше  орталық 

көшеде  көрiп  қалдым.  Найсап,  менен  күдiктендi  ме,  қалың 

адамның  арасынан  адастырып  кеттi.  Мен  көргенде  ол  базар 

алдында отыратын етiкшiмен сөйлесiп тұрған. Сол етiкшiге бiраз 



498

Сүлеймен қарақшы

ақша берiп, оның тұрағын бiлдiм. Шынымен сонда тұра ма екен 

деп, етiкшi айтқан мекен-жайға бардым да әбден аңдыдым. Нәлетi 

қашғарлық,  расында  сонда  тұратын  болып  шықты,  —  дедi.

— Үйi қай жерде екен? — деп орнынан атып тұрды Сүлеймен. 

— Хансарайының астындағы махаллада. Тура қазiр барамыз 

ба? 


— Әлбетте. Он ай соны iздеп, уақытымыз бекерге өткен жоқ 

па? 


Төртеуi үйден асығыс шығып, хансарай тұрған төбе етегiндегi 

махаллаға  келдi.  Пұсырманқұл  көрсеткен  үйге  жеткенде,  күн 

сәскеге көтерiлген кез едi.

— Үйiне баса-көктеп кiре беремiз бе, әлде берi шақырасың ба? 

— дедi Сүлеймен Пұсырманқұлға дарбаза жанында.

— Шақырсам, шыға ма, шықпай ма, кiм бiлсiн. Оның үстiне ол 

найсап үйiнде жалғыз ба, ол жағын да бiлмеймiз. Бәлкiм қарулы 

да шығар. Әй, не болса ол болсын, апыл-ғұпыл кiрiп барайық.

Сүлеймен дарбазаны бiр теуiп ашты. Бәрi топырлап iшке ендi. 

Ауладан  өтiп,  төр  жақтағы  үйге  таяғандарында,  есiктен  ұзын 

сақалы белiне түскен орта бойлы бiр кiсi шықты. Ол дереу iшке 

енiп, есiктi жауып қалмақ болды.

— Ұста, Сүлеймен. Аңдып жүрген кiсiмiз — осы.

Сүлеймен iшке ене берген ананың иығынан ұстай алды.

—  Қайда  қашпақсың,  ит?  —  Анау  Сүлейменнiң  қолынан 

босанбаққа  ниеттенiп,  бұлқына  түстi.  —  Өй,  мынау  маған 

қарсылық  көрсетпек  пе?  —  деп    оның  желкесiнен  бiр  қойды. 

Сақалды  кiсi  бетiмен  есiкке  соғылды  да,  жерге  құлеағанда 

желкесiнен  ұстап  қап,  бойын  тiктедi.

Осы кезде iш жақтан қолында ұзын қылышы бар бiреу көрiндi.

— Әй, жiбер оны. Әйтпесе шауып тастаймын сенi. 

Сүлеймен  ойланбады.  Қолында  ұстап  тұрған  кiсiсiн 

көтерiп  алып,  соған  қарай  лақтырып  жiбердi.  Сақалды  анаған 

көлденеңiнен  соғылды  да,  екеуi  де  сұлап  түстi.  Жетiп  барған 

Сүлеймен  екеуiн  екi  қолымен  баса  қойды:

— Парманқұл, Айдабол, байлаңдар мыналарды!

Парманқұлдар  оларды  байлап  жатқанда,  Сүлеймен  жердегi 

қылышты алып, арғы бөлмеге кiрдi. Там үш бөлмелi екен. Үшеуiн 

де қарап шықты. Бөтен ешкiм жоқ.



499



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет