Жастар - елдің келешегі. Ата-бабадан мұра болып қалған, оны ұрпақтың бірнеше буыны сабақтаса дамытқан тілімізді, әдет-ғұрыпты, тарихты, мәдениетті, өнер, білім мен ғылымды алға апаратын солар. Сондықтан да олардың білімді, өнерлі, еңбекқор болғанын ғана емес, мәдениетті болғанын, жаны да тәні де сұлу болғанын, тіліміздің қадірін түсірмей, абыройын асқақтата түсуін қалаймын. Президент ел жастарымен болған кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса –ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.» Сондықтан жастар Елбасының сенімі мен үмітін ақтауымыз тиіс. Қазақ елін «Мәңгілік ел» қылатын біздер, жастар!» Тар жол тайғақ кешумен келген Тәуелсіздік бізге шаттық пен бақыт сыйлады. Міне, егемендігімізді ту етіп, еңселі ел болғанымызға жиырма алты жыл толып отыр. Ұлт-азаттық көтелістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғасы, қатал сынақтан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біз өмір сүру бақытына ие болдық. Ел тізгінін ұстаған Елбасының сарабдал саясаты қазақ елін биіктетті. Қазақстан мелекетіндегі бейбітшілік пен тұрақтылық, ынтымақ пен бірлік-басты қағидаларының арқасында осындай жетістіктерге қол жеткіздік. Әрине, тәуелсіздік жылдары көп істер атқарылды. Жас мемлекетімізде саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім қалыптасып, Қазақ халқының береке, бірлігі артты. Білім мен ғылым, технология дамыған заманында мектептер мен жоғары білім беретін университеттер, балабақшалар салынып жатыр. Сан түрлі мамандықтар ашып, ел дамуына үлес қосатын азаматтар өсіп келеді. Алаш арысы Мағжанның Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін! – деп бүгінгі жастарға үміт артып кеткенін байқаймыз. Сондықтан мен ата-бабамыздың мұра еткен жерін одан әрі көркейту үшін қолымнан келгенінің барлығын жасауға тырысамын. Осындай ғажайып мемлекетте тұрып, бейбітшілік күннің астында өмір сүргеніміз – ең үлкен бақыт. Қаншама нағыз патриот қазақ аталарымыз армандаған, аңсаған бақыт. Сол бақытты бағалап, әрі қарай мемлекетіміздің өркендеуіне, гүлденуіне үлес қосу – біздің парызымыз. Отанға деген ыстық ықылас – мемлекеттің жарқын болуына септігін тигізер керемет сезім. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей »- деп қазақ атам айтқандай, бүгінгі жастарымыз еңбекқор, жаңашыл, ізденімпаз болып қалыптасуда. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында көптеген бағдарламалар іске асырылып жатыр. Бұлардың арасындағы «Болашақ» бағдарламасын ерекше айтып өтуге болады. Осы бағдарлама арқылы біздің көптеген жастарымыз сырт елдерге барып, білім алып, тәжірбие жинап қайтуда. Олар осы алған білімдерін еліміздің игілігіне жаратып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосып жүр. Бұдан бөлек, жастар саясатына қатысты басқа да бірқатар бағдарламалар қолға алынуда. Мәселен «Жасыл ел», «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға» сынды бағдарламалар бізге, яғни жастарға серпін беріп, алға қарай ұмтылуға ықпал етуде. Дегенмен қазіргі таңда жастар арасындағы мәселелер де жоқ емес. Біз қазақ жастары,есті де текті,көреген де кемеңгер басшының өзге мемлекеттер қазақ халқын көргенде таңғаларлық үлгі-өнеге тұтарлық ұлағаты зор айтулы елі, оның келел ұрпағы болуға міндетті. Ең қуатты, ең құнарлы, ең сауатты руханият тек жастарға ғана тән. Егер жастардың өздері білім алуға ұмтылмаса, ешкім де және ешнәрсе де, тіпті ең дамыған білім беру жүйесі де оларды ешнәрсеге үйрете алмайды.