Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет251/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Қара күздiң соңғы айы келсе де күн әлi жылып тұр. Бiр күнi 

қалың қар түсе салуы мүмкiн. Үйлерiңдегi малдарыңа жем-шөп 

дайындап па едiңдер?

—  Арбаға  жегетiн  екi-үш  ат,  бес-алты  уақ  мал  болмаса, 

басқадай түлiгiмiз жоқ. Шаһарда көп мал ұстауға қайыл да жоқ 

қой.  Осы,  Сүлеймен  әкә,  сiздiң  ел  Қазығұрт  жақта  ма?

— Иә.


— Iлкiде әкем айтып отырушы едi. “Қазығұрт жақта қонағына 

алтын табақпен ет тартатын Ордабек деген байбатша бар” деп. 

Сондай кiсiнi естуiңiз бар ма?

— Есiткенiң не? Ол кiсiнi көргенмiн де.

— Пай, пай, сол алтын табақтары қайда кеттi екен-ә? Байбатша 

оны тығып кеттi ме екен, әлде үкiмет тартып алды ма екен?

— “Ордабек алтын табақпен қонағына ет тартады екен” деген 

артықтау сөз-ау. Бiрақ оның алтын құмандары көп 

болған. Ал оларды қайда жiбергенiнен бейхабармын.

— Пай, пай, бәрiбiр қыр қазағы аңқау. Дүние-мүлiктiң қадiрiн 

бiле бермейдi. Жылқы мен қойдың мәнiсiн жақсы бiледi бiрақ. 

Қанша дегенмен мал— мал ғой. Жұт келсе — қырылып қалады. 

Қонақ келсе — сойылып кетедi. Қартайса — адамға ұқсап өледi, 

болмаса  базарға  түседi.  Ал  алтын  деген  жасай  бередi.  Пах, 

шiркiн, менiң қолыма бiр құмыра алтын түсер ме едi. Сонда менi 

күнде жұмсайтын мынау Бек... әй, дәу дәдәмнiң де, басқасының 

да түкке қажетi болмас едi.

Сүлеймен оның Бек... деген сөздi аяқтатпай, күмiлжiп барып, 

басқа нәрсенi айтып кеткенiне елең еттi.

— Әй, сен, бiреудiң атын атай алмай қалдың-ау деймiн.

— Не дейсiз? Ешкiмнiң атын ауызға алған жоқпын. Мен өзi 

сөйлегенде  қызбаланып  кетiп,  жаңылысып  қалам.  Қызбаланып 

отырғанда  тiлiм  бiр  нәрсенi  айтып  қалған  шығар.  Оған  алаң 

болмаңыз.  Әлгi  алтын  құрғыр  туралы  сөз  қоз-ғасам  делебем 

қозып  кетедi.  Естуiмше,  сiздiң  елдегi  iлкiдегi  байлар  әр  жерге 

алтын  тығып  кеткен  дейдi  ғой.  Сол  рас  па?

Сүлеймен  өзiнiң  жаңағы  ойы  жайында  iлезде  ұмытып, 

Қосылдың  сөзiне  мырс  еттi:

— Немене, сондай жерлердi қазып көрейiн деп пе едiң?



522

Сүлеймен қарақшы

—  Уай,  әкә,  көрсететiн  адам  болса,  ондай  жерлердi  қазар 

едiм. Әттең-ай, әттең-ай, ондай адам жоқ қой. Жатыр ғой, көп 

алтын  бекерге  жер  астында,  Уһ...  Өй,  құрысыншы  алтыны. 

Тұрағымызға да келiп қалыппыз. “Неғып кешiктiң?” деп дәдәм 

ұрыспаса болғаны. Қазiр анау есiктiң алдына арбаны жеткiзейiк. 

Одан  соң  кiремiз  үйге.

Сүлеймен  жан-жағына  қараса,  көзi  бiрiншi  биiктiгi  төрт-бес 

құлаш келетiн құлама жардан құлай аққан сарқыраманы шалды. 

Сарқыраманың  етегiндегi  жазықта  бес-алты  ат  байлаулы  тұр. 

Арғы жағындағы жарқабақ астында үңгiр аузы үңiрейiп көрiнедi. 

Ал маңайда там, болмаса бiр тұрғын жай жоқ. “Мына таулықтың 

үйге келдiк дегенi несi?”

— Үйiң қайда, Қосыл? Мына жерден сарқырама мен аттардан 

басқа ештеңе көрiп тұрғаным жоқ.

— Е, Сүлейман әкә, бiздiң үйлер анау үңгiрдiң iшiнде.

— Сендер баяғы адамдардай әлi үңгiрде тұрасыңдар ма?

— Қайтесiз, атам заманнан бергi тұрағымыз осы болса.

Осы  кезде  үңгiр  iшiнен  түрлерi  қорқынышты  үш-төрт  кiсi 

шығып,  бұларға  қарай  жүгiрдi.  Келе  салып,  Сүлейменнiң 

қолтығына  жармасты.

— Жүрiңiз, сiздi Бекаба жәкем бағаналы берi күтiп отыр, — 

дедi олардың бiрi.

— Кiм күтiп отырған?!

—  Бекаба  жәкем.  Ол  кiсi  онша-мұнша  кiсiнi  алдына 

шақырмайды.  Сiз  құрметтi  кiсiсiз  ғой.

Сүлеймен  аңтарылып  қалды.  Бекабаның  Бозсу  бойындағы 

сарқыраманың үңгiрiнде тұратыны жайында естiгенi ендi есiне 

сап еттi. Сап еттi де дереу белiн, қонышын сипалады. Әшейiнде 

тастамай  жүретiн  қанжары  белiнде  де,  қонышында  да  жоқ. 

Өмiрiнде бiрiншi рет қатты састы. Әлбетте, Бекаба жәй шақырған 

жоқ. Мына жылмақай тау-лық арқылы алдап шақырып отыр.

Қай  жерге  келгенiне  ендi  шындап  көзi  жеткен  Сүлеймен 

алдағаны үшiн Қосылды бiр-ақ мытып тастағысы келдi. Алдында 

тұрғандарды да бiр-бiр перiп, жер жастандыра салуды да ойлады. 

Бiрақ ол ойынан тез қайтты. “Бұларды жайратып салса, Бекабаны 

көре алмай қалуым мүмкiн. Оның үстiне, кiм бiледi, анау үңгiрдiң 



523



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет