Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет253/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  “Не  арманың  бар”  деймiсiң?  Әй,  хайуан  жөйiт,  мендегi 

арман  —  сенi  өлтiру!  —  деп  тiстене  сөйледi  де  жеңiндегi  тас 

қайрақты  суырып  алып,  Бекабаның  басынан  қойып  қалды. 

Соққының  қатты  болғаны  соншалық,  тас  қайрақ  Бекабаның 

басын қақ айырды. Миы шашылған бастың қозғалуға да шамасы 

келмедi. Алып дене бiр-екi рет дiр-дiр еттi де тыншыды. Сүлеймен 

атып тұрып, Бекабаның қарнының астындағы қылышты суырып 

алып, есiкке ұмтылды. Есiкке жете бергенде, арғы жақтан iлеген 

көтерген малай кiрiп келе жатқан. Сүлеймен айқайлап тұрып, оны 

қылышпен бiр шапты. Малай аһ деуден басқа дыбыс шығармады. 

Екi  аттап  екiншi  есiкке  жеттi.  Арғы  бөлмеде  басқа  жөйiттер 

әңгiмелесiп отыр екен. Сүлеймен көздi ашып-жұмғанша олардың 

быт-шытын  шығарды.  Ашудан  өзiн  игеруден  қалған  Сүлеймен 

жөйiттердiң өлi-тiрi екендiктерiне қарамай, далаға атып шықты. 

Есiк  алдында  Қосылмен  тағы  бiр  малай  аттарды  жайғап  жүр. 

Қолындағы  қылышы  қан-қан  Сүлеймендi  көргенде  екi  жөйiт 

қорқыныштан  орындарынан  қозғалуға  дәрмендерi  келмедi. 

Сүлеймен  шап  берiп  Қосылды  желкесiнен  бүрдi.  Анаусын  бiр 

теуiп, суға күмп еткiздi.

— Ал, айт сұм. Менi не үшiн алдадың? 

Қосыл сорлыда тiл жоқ. Сүлеймен оның басын суға батырып-

батырып алды.

—  Тiлiн  жұтқан  хайуан  неме,  тiлге  келген  шығарсың  ендi. 

Жауап  бер  сөзiме.

— Не айт дейсiз маған?

— Бекаба өзiңдi маған қалай жұмсады? Сол хақында айт!

— Ә, әкә, менiң түк кiнәм жоқ.

—  Кiнәң  болмаса,  бұл  iске  неге  араласасың?  Менi  ақымақ 

көрiп тұрсың ба, хайуан? Болды, айтпай-ақ қой ештеңе. Бәрiбiр 

сен  де  анау  Бекабаға  ұқсап  өлетiн  адамсың. 

Сүлеймен қылышын көтере бердi. Қосыл екi қолымен басын 

жауып, жерге жата кеттi.

—  Өлтiрмеңiзшi,  әкә,  өлтiрмеңiзшi.  Мен  бәрiбiр  Бекабаның 

өлетiнiн бiлгенмiн. Сiз өлтiрмесеңiз де, оны осындағы бiреулер 

алтыны мен пұлдары үшiн өлтiретiн едi.




526

Сүлеймен қарақшы

Сүлейменнiң есiне жөйiттер ортасында, сондай-ақ Бекаба мен 

оның мынадай жандайшаптары арасында достықтан гөрi үнемi 

сатқындық  жүретiнi  түстi.  Мұндай  топтар  арасында  басшысы 

малайын, малайы басшысын кез келген уақытта сатып, болмаса 

дүние-мүлiк  үшiн  өлтiрiп  кететiнiн  де  жақсы  бiлетiн.  Өлген 

басшы малайлар үшiн, мейлi, ол бұрындары қандай мықты адам 

болса да, көзi кеткен соң абыройсыз адам. Оның қадiр-қасиетiн 

таптап, соңында калған дүниесiн талап кетуге Қосыл

 сияқтылар 

құмбыл. Соған қарамастан өздерiнен мықты бiреу шықса, оның 

артын  жалап  жүруге  де  мұқым.  Бiрақ  мұны  қорыққандарынан 

iстейдi.  Ал  өзiңе  қорқып  дос  болғанның  айбалтасы  әркез  бiр 

қолында. Сондықтан ғой, Сүлейменнiң мұндайлардың сөзiне сене 

бермейтiнi. Сол үшiн де Сүлеймен осындай опасыз қаскөйлердi 

аяуды  бiлмейдi.

—  Бекаба  бұрын  не  iстедi,  оның  дүние  мүлiктерi  көп  пе, 

ол  жағы  менi  қызықтырмайды.  Талай  жазықсыз  жанды  жер 

қаптырған,  талай  әйел  мен  жас  баланы  жазықсыз  сойып,  етiн 

жеп, қанын iшкен ол хайуанның түбiне жету — баяғыдан бергi 

мақсатым едi. Бүгiн ойламаған жерден соған қол жеткiздiм. Бiр 

Бекаба  емес,  оған  қызмет  еткен  сен  сияқтылар  да  жер  бетiнде 

жүрмеуi  лазым.

— Сертiңiзден айналайын, әкә, сертiңiзден айналайын. Бiрақ 

мен  қайбiр  өз  дегенiммен  жүрген  адаммын.  Мейлi,  ол  жағын 

айтпай-ақ қояйын. Бәрiбiр сенгiңiз де, тыңдағыңыз да келмейдi. 

Дегенмен  Бекаба  жатқан  жердiң  астындағы  жертөледе  мол 

қазына  бар.  Еш  болмаса,  соның  бiразына  иелiк  етiп  кетсеңiз, 

қане.  Әйтпесе  оларды  бекерге  басқалар  тонап  кетедi  ғой.

Сүлеймен  ойланды.  “Мына  жөйiттiң  сөзiнiң  жаны  бар. 

Бекабаны өлтiрген — өзiм. Ендi бiраз қазынасына иелiк етсем, 

кiм  айыптайды  менi?  Айналада  ашқұрсақ  халық  көп.  Соларға 

таратып берсем, мың сауап алам. Жақында елге барам. Ол жаққа 

да  құр  қол  барғаным  жараспас”.

— Қазына, қазына деп қоймайсың. Жүр, рас болса, көрсетшi 

сол қазынаны.

Сүлейменнiң сәл де болса иi жiбiгенiн көрген Қосыл елп еттi.




527



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет