Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет256/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   265
Сүлеймен қарақшы

    Анау қарғып тұрды. Қарғып тұрды да, мұның жағасынан 

ала  кетті. 

      –Ит  қазақ!  Мені  өлтіріп  кеттім  деп  ойладың  ба?!  Мені 

кезінде  Бекаба  да  өлтіре  алмаған.  Сенің  де  өлтіру  қолыңнан 

келмейді.  Бағана  мені  қорқақ  екен  деп  ойладың  ғой.  Жоқ,  мен 

қорқақ  емеспін...  

    Бетпақтана ұмтылған ол, көкбет қатын тәрізденіп, Сүлейменді 

беталды  сабалай  жөннелді.  Бұл  оның  кім  екенін  енді  аңдады. 

Аңдады да, ашуы қайта қозды:

     –Ей, сен, опасыз Қосыл, мана тірі қалып па едің?! Енді осы 

жолы тірі қалмайсың! 

    Тістеніп тұрып, басынан қойып қалды. Заматта жерге бұрқ 

түскен Қосылдың үні өшті. Жерде жатқанды ұрмайтын әдетіне 

басқан Сүлеймен оны жағасынан тартып, тік көтерді:

    –Әлі тірімісің?! 

    Қосыл былқ-сылқ етіп тұр. Демек, өлмеген. Сүлеймен тағы 

бір рет ұруға ұмтылды да, дереу өз-өзін тежеп, Қосылды арбаға 

сүйреп  әкелді.  Арбада  жатқан  месті  алып,  ішіндегі  суын  оның 

басына сарқырата құйды. Анау қиқылдап-шиқылдап, әйтеуір тірі 

екенін білдірді.

    –Екіжүзді сұм, жаның сондай бекем екен-ау. Бағана сонша 

ұрғанымнан  қалай  аман  қалдың,?!  Әлде  талып  қалып,  осында 

жата бердің бе?! 

        Қосыл  қатты  соққыдан  әлі  есін  жинай  алмағандай,  сұлқ 

күйде. Аз ғана уақыттан соң Қосыл тілге келіп, тағы мүләйімси 

қалды.

        –Әлгінде  ұрғаныңызда  миымды  шайқап  жібергенсіз  бе, 



тентек адамдай не істеп, не қойғанымды білмеймін. Жаңа тағы 

ұрдыңыз. Содан басым бұрынғыдан да қатты  айналып, өлерге 

келдім.  Енді  ұрмаңызшы. 

        –Сені  сілейтіп  кеткеніме  талай  уақыт  болды  ғой,  сорлы. 

Мен мына көшенің сонау басына дейін барып қайттым. Қайтып 

келе  жатсам,  әлі  жатырсың.  Неге  осы  уақытқа  дейін  қараңды 

батырмағансың?!  Жоқ,  ажалыңды  күтіп  жатырсың  ба?!

    Қосыл өзін әлдекімдер құтқарып қалатындай, жан-жағына 

алақ-жұлақ  қарады.



532

Сүлеймен қарақшы

    –Біреуден көмек күткендей, неге алақтайсың сонша? Тастай 

қараңғы түнда саған жәрдемге келер ешкім болмас. Одан да, тірі 

қалудың амалын жасап, маған жалынбайсың ба?

    Анау жауап берудің орнына айналаға және алақтап, естілір-

естілмес күбір етті:

   –Жайрандар қайда кетті, өзі? Шетінен сужүрек екен ғой...

   –Не деп далбасалап тұрсың?..

    Сүлеймен осылай дей бергенде, қақ желкесінен тиген ауыр 

соққыдан  етпеттей  құлады.  Әлде  темір  заттар,  әлде  сойылдар, 

әйтеуір ауыр бірдеңелердің соққылары құлағанда да, бар денесіне 

жауып жатты. Ұрып жатқандар біреу емес, екеу емес, бірнеше 

адам  тәрізді.  Құлағына  олардың  бір-бірін  қайраған  дауыстары 

естілді. Соққылар енді басына тиді. Осы сәт талмаусыраған күй 

кешіп, есін жоғалтты. 

        Одан  соңғы  жерде  өзіне  не  болғанын  білмейді.    Бір 

кезде  көзін  ашып,  өзінің  тірі  екенін  білді.  Тура  баяғы  Өдімәт 

бастаған  жөйіттер  тамаққа  ұйықтататын  бірдеңе  қосып  сілесін 

қатырғандағыдай  күйге  түсіп,  бір  жерде  байлаулы  жатыр.Онда 

денесіне  соққы  тимеген-ді.  Енді  бар  денесі  соққылардан  ауыр 

тартып,  көзі  іскен,  бет-аузын  қан  басқан.  Еріндері  жыртылып, 

басы жарылған. Аяқ-қолдары зырқырап, тізе-сандары, шынтақ- 

білектері қақсап тұр. Екі қолы алдына айқастырыла, аяқтарымен 

қоса  шандып  тасталынған.  Іскен  көздерін  сығырайта  ашып, 

жан-жағына  қарады.  Жатқан  жері  бір  тамның  орта  тұсы.  Там 

адам  тұратын  кәдімгі  үйге  ұқсамайды.  Төбесі  дөңгелектенген 

күмбезді.  Қыштары  сарғыш,  араларына  жапсарға  құйылған 

лайлары үгітіліп, тым көне тартқан. Сірә, әлдебір мола үстіндегі 

ескі  сағана  болса  керек.

     Там ішінде жан жоқ, тып-тыныш. Сүлеймен аһ ұра күрсінді. 

Бұл күйге қалай тап болғаны жайына ой жүгіртті. Қосылды сұраққа 

алып тұрған. Сосын қақ желкеден оңбай соққы тиді. Арғы жағы 

тұманды. Өзін кімдер ұрды, мұнда кімдер әкеп тастады, белгісіз. 

«Әй, бағана мен ұрғанда Қосыл сұм «миым айналап кетті» деп 

еді. Ол тұрмақ мықтымын деген өзімнің басыма да қанша соққы 

тиді.  Сірә,  осы  мен  осындай  қапыда  тиген  соққылардан  ажал 

табатын шығармын».



533



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет