Дыбыстардың үндесуі



бет4/5
Дата05.12.2022
өлшемі31,78 Kb.
#54942
1   2   3   4   5
жазылуы айтылуы
Жүсіпбек Жүсіппек
Кеңесбек Кеңеспек
2.Біріккен сөздің бірінші сыңары не ұяң не сонор дауыссыз дыбысқа бітіп, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталатын болса, екінші сынарының басындағы қатаң дауыссыз дыбыс ұяңға айналып естіледі.
Сөз тіркесі сыңарлары аралығындағы прогрессивтік ассимиляцияның мынадай өзіндік белгілері бар: 1.Сөз тіркестерінің алдыңғы сөзі қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталып, екінші сыңары ұяң дыбыстан басталса алдыңғықатаң дыбыстың әсерінен келесі сөздің басындағы ұяң дауыссыз дыбысы айтылуда қатаңға айналады. Мысалы:
жазылуы айтылуы
Алып бар Алып пар
Тоқ бола Тоқ пала
2.Сөз тіркестерінің алдыңғы сөзі дауысты дыбысқа немесе сонор не ұяң дауыссыз дыбыстың біріне аяқталып келесі сыңардың басты дыбысы қатаң қ, к дыбыстарының бірі болса, айтылуы да екінші сөздің басындағы қатаң қ, к дауыссыз дыбыстары ұяң г, ғ дыбыстарына айналып естіледі. Мысалы:
жазылуы айтылуы
Қара қағаз қара ғағаз.
Боз көйлек боз гөйлек.
Регрессивтік ассимиляция
Түбір сөз бен қосымшаның, біріккен сөздің және сөз тіркестерінің аралығындағы соңғы дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа артикулияциялық жағынан әсер етуін регрессивтік ассимиляция дейді.
Қазақ тілінде регрессивтік ассимиляцияның үш түрі бар:

  • Түбір мен қосымша аралығындағы регрессивтік ассмиляция.

  • Біріккен сөз сыңарлары аралығындағы регрессивтік ассимиляция.

  • Сөз тіркестері аралығындағы регрессивтік ассимиляция.

Түбір мен қосымша аралығындағы, кейінді ықпалдың мынадай өзіндік белгілері бар. 1.Түбір сөз қатаң қ, к, п дауыссыз дыбыстарының біріне аяқталып, оған дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанса, түбірдің соңындағықатаң қ, к, п дыбыстары өзгеріп ұяң ғ, г, б дыбыстарына айналады.
2.Етістіктің түбірі қатаң п дыбысына аяқталып, оған
көсемшенің -ып, -іп жұрнағы жалғанса, түбірдің аяғындағы қатаң п дауыссыз дыбысы үнді у дауыссыз дыбысына айналады. Мысалы: шап-шауып, сеп-сеуіп т.б.
3.Түбір сөз н дыбысына аяқталып, оған ғ, г, б дауыссыз дыбыстарының бірінен басталып қосымша жалғанса, түбірдің соңындағы н дыбысы өзгеріліп ң немесе м дыбысының біріне айналып естіледі. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет