Дыбыстардың үндесуі



бет1/5
Дата05.12.2022
өлшемі31,78 Kb.
#54942
  1   2   3   4   5

Дыбыстардың үндесуі
Дәріс жоспары:
1.Үндестік заңы.
2.Дыбыстардың алмасуы.
3.Ықпалдың түрлері
4.Тіл үндестігінің ерекшелігі

Қазақ тілінде бунақтарды жұбын жазбай, араларында қатар келген дыбыстарды үндестіріп, бір ырғақ, екпінімен айтудың маңызы өте зор. Олай болмаған жағдайда сөздердің байланыс реті бұзылады да, тіл табиғи жарасымынан айырады, құлаққа жағымсыз естіледі, әрбірден соң айтылған ой көмескіленіп, тіпті, түсініксіз болып кетуі де қиын емес.


Бұдан шығатын қорытынды: бунақтар (бунаң екпіні) лексикаға (мағынаға қатысты), грамматикаға (сөз тіркесі, сөйлем мүшесі түрғысынан), әсіресе фонетикаға тікелей қатысы бар маңызды тілдік фактор ретінде қаралуға тиіс. Мұны білмейінше, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстардың үндесуі тура-лы айту мүмкін емес.
Есте болатын жай, қара сөздегі және өлеңдегі бунақтың үқсастығымен қатар, ерекшеліктері де бар. «Өлең сөйлемдерінде сөз ырғақтарының үстіне өлең ырғақтары қосылады. Өлең ырғағы жорға жүрісінің тайпалуы; теңселуі сияқты екпінші өңді ырғақ болады» (А. Байтүрсынов), Оның үстіне қара сөзде бір бунақ құрайтын қалыпты тіркестер өлеңде көрші бунақтарға бөлініп те кетіп жатады. Мәселен: Тастан түлкі /табылар/, аңдығанға (Абай). Өлеңге тән инверсияны (лат. Іпуегзі — аудару, ауыстыру) айтпағанда, қалыпты тіркес тулкі табылар екі бунаққа ажырап тұрғанын аңғару қиын емес. Әсіресе, морфемалардың аралығында (мұны жігінде, жапсарында деуге болады) қатар келген дыбыстар (буындар) бір-біріне әсте немқұрайды қарай алмайды, олар акустика-артикуляциялың жақтан үнемі бір-біріне жуықтап, өзара үйлесіп, тіл табысып тұрады. Қазақ тілінде кебіне алдыңғы дыбыс (буын) өзінен кейінгі дыбысқа (буынға) ықпал етіп, игереді. Мұны тіліміздегі қосымшалардың көп вариантты болып келуінен көруге болады. Мәселен, бір ғана көптік жалғауы тоғыз вариантта үшырайды. Оның алтауы (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар,
-тер) орфографиялың норма болып есептеледі де, алған үшеуі айтуда ғана кездеседі. Олар: -лөр (уй-лөр, тур-лөр), -дөр (кун-дөр, тун-дөр), -төр (шөп-төр, көш-төр). Бір жалғаудың бұлайша көп вариантты болып келуі сөздің соңғы буынына және дыбысына байланысты болады да, тіліміздің тарихи да-муының нәтижесі түрінде танылады.
Қазіргі қазак, тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесімі, яғни тілімізге тән, өзімізге мектептен таныс, негізгі үндестік заңдар мынадай болып келеді:
1. Түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан буынды болады: мал-шы-лық-та, ал-ды-рың-дар, институт-тар-дыц, уала-лъщ-тар-га, республика-мыз-дыц, жылцы-лар-ымыз.
2. Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке буынды болып келеді: мек-теп-тер-ің-ді, кел-тір-ің-дер, университет-ім-ді, пионер-лер-дің, қате-лік-тер-ді, муғалім-дер-ге.
3. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымшалар ұяң не үндіден басталады: бала-лар, бала-га, бала-да, бала-мен, жел-діц, эюел-ге, жел-мен.
4. Түбірдің соңғы дыбысы үяң болса, қосымша үяңнан басталады: цаг-дар, цаз-га, жез-ге, жез-ді, муқтаж-дыц, уәж-дер, уәж-ге уәж-ді уәж-ден.
5. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша тек қатаңнан басталады: мақсат-қа, мақсат-тан, мақсат-пен, универ-ситет-те, университет-пен.
Бүл заң әсіресе түбір мен оған жалғанатын жалғаудың арасында жақсы сақталады. Ал жұрнақтар туралы бүлай деу бір жаңтылау болып шығады.
Қысқасы, морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.
Дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы казақ тілі фонологиясының ең өзекті мәселелерінің біріне жатады. Дыбыстардың акустика-артикуляциялық сипаттары нақты білгенде ғана бұл заңдылықты жақсы аңғаруға және түсінуге болады. Олай болса, тіліміздегі дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп бөлу, оларды сан және сапа жағынан айқындау, өр дыбысңа тән белгі-қасиеттерді мүқият оңып, үйрену — алдымен осы дыбыстардың үндесу заңдылыңтарының сырын, сипатын білуге, айқындауға қажетті бірден-бір тетік, кілт деп қараған жөн. Ә. Жүнісбеков өз зерттеулерінде түркологияда сингармонизм туралы ертелі-кеш айтылатын пікірлерді елеп-екшеп, соны бір қорытындыға келді, тілімізді басы артық қоспалардан арашалап, осы уақытқа дейін еленбей келгсн тың арнаның көзін ашты. Атап айтқанда:
Сингармонизмнің басты фонологиялың қызметі — қазақ (түрік) сөзінің өн бойында біркелкі тембрдің (франц. іетЬге — дыбыстың сапасы, бояуы) сақталуында. Бүлай болмаған жағдайда сөз құлаққа жағымсыз естіліп, қабылдауды, түсінуді қиындатады.
Үндіевропа тілдеріндегі фонеманың конститутивтік (франц. сопзШиШ — мағына айқындаушы) қызметін түркі тілдерінде сингармонизм (сингармема) аңғарады.
Бір ғана дыбыс түрінде түсінетін т: ат, ет, от, ет сөздерін-жіңішке, еріндік — жуан, еріндік — жіңішке) реңге ие болатынынан хабарымыз бар. Олардың әрқайсысы құрамындағы дауыстылармен жымдасып, тембр жағынан орайласып, сөзді сөз етіп түр. Оларды бірінің орнына бірін қолдану сөзге зор нүқсан келтірер еді. Дыбыстардың үйлесімі сол сөздің өзіндік тембрін айқындайды.
Байырғы қазақ сөздері мынадай сингармониялық белгілермен ажырайды.
1)жуан езулік — жіңішке езулік: тыс — тіс, бас- бәс.
2) жуан еріндік — жіңішке еріндік: сол — сөл, жон — жөн, от — өт.
3) жуан еріндік — жуанезулік: тот — тат, сур — сыр, от —ат.
4) жуан еріндік — жіңішкеезулік: тон — т ін, тус— тіс, өт— ет.
5) жіңішке еріндік — жіңішкеезулік: өн— ін, тур — тер, өт— ет.
6) жіңішке еріндік — жуанезулік: тус — тас, өр— ар, өт— ат.
Бұдан тіл және ерін сингармонизмдерінің сөз мағынасын ажыратудағы қызметінің бірдей екендігі байқалады.
Қазақ тіліндегі дауыстылардың да, дауыссыздардың да фонологиялық қызметі алдымен буын дөңгейінде айқын көрінеді. Дауыстылардың ролі тек буын жасау ғана болса керек, ал әртүрлі дауыстылар — сингармотембрдің өмір сүру варианттары.
Қазақ тілінде дауыстылардың сингармотиптерініц (тип. тироз — форма, үлгі) саны олардың сингармониялық варинаттарынан (реңінен) әлдеңайда аз. Дауыстылардың сингармотиптері жақтың қызметіне сай келеді де, үш түрлі бола-ды: 1) қысаң дауыстылар (Дқ), 2) ашықтар (Да), 3) дифтонгілер — жартылай ашықтар (Дд). Бүлар — сингармобуын деңгейінде өзара қарсы қою арқылы ажыратылатын дауыстылардың топтары.
Сонымен қысаң дауыстылар өз алдына бір сингармотип құрайды. Мысалы: тыз — тіз, туз — туз. Дауысты ы, і, ұ, ү бір дауысты дыбыстың терт сингармореңі болып табылады. Бүлар бас-басына буын жасайды, алайда бір дауысты ретінде қызмет етеді.
Ашық дауыстылар да сингармотип құрайды, бұлар да бас-басына буын құрап, бір дауысты дыбыстың екі сингармореңі болады.
Жартылай ашық дауыстылар — дифтонгілер — бір сингармотип құрап, бас-басына буын жасайды, бір дауысты дыбыстың (дифтонгінің) үш сингармореңі түрінде көрінеді.
Бүл үш типтегі сингармореңдрр өз ішінде бірін-бірі алмастыра алмайды.. Булардың бәрі де сингармобуынның дауысты сиітшмокомпоненті ретінде көрінеді. Ашық, қысаң, дифтонгілер бір-бірше қарама-қарсы қойылады.
Әр сингармотиптегі сингармодауыстылардың әрқайсысы екі тембрден құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет