«Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту» Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні



бет2/4
Дата29.09.2023
өлшемі35,39 Kb.
#111601
1   2   3   4
Байланысты:
Дидактикалық ойын

Ойын арқылы бала тілін дамыту
Ойын балалар үшін айналадағы танып білу тәсілі.
Ойынның негізгі ерекшелігі – Балалар үн – түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғаның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым – қатынас үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен, «Аурухана», «Ұшқұштар», «Отбасы», «Балалар бақшасы» және т.с.с. болып ойнайды.
Ойынның сюжетті, мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым – қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қозырады. Ойын процесінді балалардың өздері ойнаушылардың мінез – құлқы мен өзара қарым – қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Олай болса тәрбиеші ойындыақылмен ұйымдастыра білу қажет. Ол балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушы болуға тиіс.
Ойын көбінесе серуен кезінде ұйымдастырылады. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар ( кемелер, автобустар), көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге сабақ кезіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызықтылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті – рольді, драматизиялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Сюжетті рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Сюжеті – рольді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылдық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжеті – рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы: «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді.
Драматизиялық ойындарда мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжетті мен мазмұнына сәйкес болады. Ол сюжетті – рольді ойынға ұқсас. Драматизия ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.
Құрылыс ойыны – балалар әрекеттің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс — әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті – рольді ойынға ұқсас келеді, және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттерінің өзіндік шешімін енгізеді.
Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейілінше тән оқыту формасы болып табылады. Ойын олең мен қимылды ұштастыру негізінде жүргізіледі. Мысалы: «Сиқырлы қапақтың сырын ашайық» деген ойында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті — қаппақтың астында не бар екенін білу.
Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да өту емес, балалардың білімді игеру, ақыл – ой қызметін дамытуда, өзара қарым – қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарды да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ережені ой елегінен өткізе білу т.б. Олар балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруіне көмектеседі. Дидактикалық ойындар айналамен табиғатпен таныстыру сабағында жиі қолданылады. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, учаскіде өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.
Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек. Стол үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар («Қайда не өседі?» «Бұл кімге керек?» т.б.) пазылдар, леголар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар («Ұшатын қақпалар», «Қаздың балапаны», «Нысанаға тигіз»т.б.), мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар үшін қағазға басылған стол үстінде ойналатын ойын қызықты келеді. Оларға табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (кім не біледі, немен жүреді, немен жүзед, немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.
Қимыл ойындары балалардың қозғалысын жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алуды жаттықтыруға, дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке – пихикалық дамуына, жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым – қатынасын, баланың мінез – құлқын анықтайды. Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізілнді. Олар сондай – ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнау алады. Қимылды ойындарды ұлттық ойындар желісінде ұйымдастыруға болады. Мысалы: «Соқыр теке», «Көкпар», «Асық», «Бәйге», «Тақия тастамақ» т.б. ойындар жатады. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі.
Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді.
Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет