«Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту» Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні


Ойын – балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы



бет4/4
Дата29.09.2023
өлшемі35,39 Kb.
#111601
1   2   3   4
Ойын – балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы
Бала мен балалар ұжымының дамуында мектеп жасына дейінгі іс — әрекеттің негізгі түрі ойын – орасан зор роль атқарады. Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәслі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұннан әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап – ақ маңайындағыларымен қарым – қатынас жасауға ұмтылады, соның арқасындажасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді. Балалар ойындарның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала ойында қалай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан ұқсас болады». Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізі ерекшелігі – ол балалардың қоршаған өмірді — адамдардың қимылын, іс — әрекеттерін, олардың бала қимылын туған жағдайдағы қарым – қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар үн – түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді.
Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез — келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынас жасайды. Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары, сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойынан басталады. Ойынның негізгі ерекшелігі – ол балалардың қоршаған ортаны – адамдардың қимылын, іс — әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарам – қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме, теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар үн – түнсіз ойнамайды, жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысады, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті , сюжетті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рольдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшақтар», «Отбасы», «Бала бақшасы» және т.с.с. болып ойналады.
Ойынның сюжетті, мазмұны- бұл оның жанды тұлғасын қарайты, ойын әрекеттерінің, балалардын өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылырдың мінез – құлқы мен өзара қарым — қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиеші балаларға жақын болуға олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесі, өзінің ойындағы ролін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың өзара қарым – қатынасын бағыттып отырады. Өзі де сол ролге қатыса алады. Ойынның көп уақытты серуенде өтеді. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар (кемелер, автобустар), көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге оқу роліндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті – рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Сюжетті – рольді ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті – рольді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқы да болуы мүмкін. Сюжетті – рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әректтері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы, «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» болып ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Педагог өткізілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті – рольді ойындарына одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.
Драматизациялық ойындарда мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжетті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті – рольді ойынға ұқсас. Драматизация ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.
Дидактикалық құрылыс ойыны – балалар әрекетінің біртүрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірде алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс — әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті рольді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, теміржолдар, театрлар, цирктер, т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.
Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейілінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылымен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы, «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» — деген ойында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті – қалпақтың астында не бар екенін білу.
Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да ұту емес балалардың білімді игеру, ақыл – ой қызметін дамытуда, өзара қарым – қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ой күшін жұмсау, ережені ой елегінен өткізе білу, іс — әрекеттердің жүйелігін қиыншылықтарды жою керек болады. Олар балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруіне көмектеседі. Дидактикалық ойындар айналамен табиғатпен таныстыру сабағында, математика, тіл дамыту, сауат ашу, көркем әдебиет, сабақтарында жиі қолданылады. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, орманда, өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.
Әрбір топта дидактикалқ тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың керектілері болу керек. Стол үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар («Қайда не өседі?», «Бұл қай кезде болады?», «Бұл кімге керек?» т.б.), пазылдар, леголар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар («Ұшатын қалпақтар», «Қаздың балапаны», «Нысанаға тигіз»т.б.), мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтар балалар үшін қағазға басылған стол үстінде ойналатын ойындар қызықты болады. Оларда табиғат құбылыстары, транспорттың алуан түрлері (кім не мінеді, немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет