Дін, МӘдениет және қОҒам дәрісті оқушы: Арын Д. А


Қазақстан Республикасы - көп ұлтты және көп конфессиялы мемлекет



бет3/3
Дата03.12.2023
өлшемі2,22 Mb.
#133369
1   2   3
Қазақстан Республикасы - көп ұлтты және көп конфессиялы мемлекет.
ҚР дін саясаты 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңы аясында іске асырылады:
  • Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.
  • Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең.
  • Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.
  • Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДІН САЯСАТЫ

ҚР аумағындағы діни конфессиялар


2019 жылғы мәлімет бойынша Қазақстан Республикасында 18 конфессия (діни бірлестік) жұмыс жасайды.
Осы 18 конфессияға біріккен 3738 діни субъектілер тіркелген:
  • 2611 – Ислам, 339 – православие, 86 – католик, 591 – протестанттық, 60 – Иегова куәгерлері, 24 – Новоапостоль шіркеуі, 9 – Кришна санасы қоғамы, 7 – иудейский, 6 – Бахаи, 2 – Буддизм, 2 – Иса Мәсіхтің Соңғы күндегі шіркеуі (мормондар), 1 – муниттер.
  • Олардың 2610 – мешіттер, 302 – православиелік ғибадатханалар және 109 – католиктік шіркеулер, 406 – протестанттық намаз үйлері, 55 – Иегова куәгерлерінің дұға үйі, 24 – Новоапостол шіркеуінің дұға үйі, 6 – синагог, 3 – Бахаи дұға үйі, 2 – "Кришна санасы қоғамы" РО дұға үйі, 1 – будда храмы жұмыс істейді.

Үйге тапсырма:
Тақырып бойынша негізгі ұғымдарға карта жасау (негізгі діндер, ұлттық діндер, секуляризация, фундаментализм, прозелитизм, т.б.)
Үлгі ретінде:
Мәдениет ұғымы латынның cultura сөзінен шыққан, яғни өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу деген мағынаны білдіреді. Мәдениет - әлеуметтік өнім, яғни мәдениет – адамның қолымен жасалған және ой-санасы арқылы өңделген еңбегінің жемісі. Мәдениет қоғамның дамуы үшін қажет. Мәдениеттер салыстырмалы. Мәдениет – проблеманы шешетін құрал. Мәдениеттің екі формасы: материалды және рухани. Рухани формасына – тіл, құндылық, норма жатады.
Тіл – сөйлеу құралы, мәдениеттің тасымалдаушысы.
Құндылық – қажетті мақсаттар туралы ортақ идеялар.
Норма – белгілі-бір мәдениет шеңберінде қолданылатын мінез-құлық ережелері. Үйге тапсырма – осы ұғымдарды ашу.
Мәдени этноцентризм – басқа мәдениетті өз мәдениеті тұрғысынан түсіну, бағалау. Үйге тапсырма – мәдени этноцентризмге мысал келтіру.
 
Үйге тапсырма. Мына ұғымдарды оқып келу, интеллект карта жасау: Мәдениет элементтері. Мәдениет пен өркениет ұғымдарының мазмұны мен арақатынасы. Мәдениет әлеуметтануы нені зерттейді? Мәдени көптүрлілік (әркелкілік). Құндылықтар, дәстүрлер мен ғұрыптар.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ:

  • Әлеуметтану: Оқулық. Биекенов К.Ү., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Алматы, 2016 жыл
  • Әлеуметтану негіздері: Оқулық. 9-басылым. Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Ұлттық аударма бюросы. Астана, 2018 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет