Дін, МӘдениет және қОҒам дәрісті оқушы: Арын Д. А


О.Конт, Г.Спенсер, Э.Дюркгейм, К.Маркс, М.Вебер



бет2/3
Дата03.12.2023
өлшемі2,22 Mb.
#133369
1   2   3

О.Конт, Г.Спенсер, Э.Дюркгейм, К.Маркс, М.Вебер діннің қоғамда алатын орнын зерттеп, дін не үшін керек, адам мен қоғамға тигізетін ролі қандай деген сұрақтарға жауап іздеген. О.Конт қоғамның үш даму сатысын көрсеткен: 1- сатысы: діни кезең (дүниені түсіндіруде діннің маңызы жоғары болған) 2-сатысы: метафизикалық (философиялық) 3-сатысы: позитивті (ғылыми кезең, ғылымның үстемдік құра бастауы). Ғылымның дамуы діннің құлдырауына алып келеді және діни көзқарас міндетті түрде құрдымға кетеді деген О.Конт. Э.Дюркгейм діннің жеке адамдар мен қоғам үшін атқаратын қызметін зерттеген. Э.Дюркгейм дінге мынандай анықтама береді: дін дегеніміз құдайға сенетін адамдарды моральдық қауымдастықтарға біріктіретін, тылсым және қасиетті дүниелермен байланысты танымдар жүйесі.

К.Маркс діннің қоғамдағы ролін жоғары бағалаған: «дін арқылы үстем тап өкілдері қаналушы, кедей тап өкілдеріне билігін жүргізе алады. Жоғарғы тап өкілдері (меншік иелері) кедейлердің қаналуын байқатпау үшін, олардың ойын өлімнен кейінгі өмірге аударады. Дін – халықты билеу үшін қажетті идеология құралы».

  • К.Маркс діннің қоғамдағы ролін жоғары бағалаған: «дін арқылы үстем тап өкілдері қаналушы, кедей тап өкілдеріне билігін жүргізе алады. Жоғарғы тап өкілдері (меншік иелері) кедейлердің қаналуын байқатпау үшін, олардың ойын өлімнен кейінгі өмірге аударады. Дін – халықты билеу үшін қажетті идеология құралы».
  • М.Вебер дінге ғылыми түсінік берген ғалым: «Дін – қоршаған ортаны түсіндіре алатын әдістің бірі. Адам тіршіліктің түпнегізі, өмірдің мәні туралы сұрақтарына харизмалы діни көшбасшыға жүгіну арқылы жауап таба алады. Харизма – адамды өзге адамдардан даралап тұратын, ерекше тұлғалық қасиет. Харизмалы тұлғалар адамдарды артынан ілестіре алатын тұлғалар. Харизмалы тұлғаларға исламдағы Мұхаммед пайғамбар, христиан дініндегі Ийсус Христосты жатқызуға болады».

Дінді социологиялық талдау
Әлемдік діндердің таралу картасы
Жер шарының қай бөлігі қай дінге сенеді? Ең көп таралған дін қайсы? Діни ұстанымға қарап халықтардың экономикалық және әлеуметтік сипатын байқауға болады ма?
Әлеуметтанушы С.Хантингтон «Өркениеттер қақтығысы» (1993) атты еңбегінде 2025-жылға қарай әлемде халқының саны ең көп дін ислам болады деп болжаған. Алайда қазіргі уақытта бұл болжам расталмады. Не себепті?
Алайда зерттеушілер 2050-жылға қарай христиан діні мен ислам дінін ұстанатындардың саны теңесуі мүмкін деген болжам айтады. Неліктен?
Pew Research Center ұйымының демографиялық зерттеуінің қорытындысы бойынша 6,9 млрд. адамның 5,8 млрд-ы дінге сенеді екен. Оның 32% христиандар, 23% ислам дінін ұстанушылар, 15% индуизмді ұстанатындар, 7% буддистер. Ал, 1,1 млрд. адам немесе әлем халқының 16%-ы өздерін ешбір дінге жатқызбайды, бірақ кейде белгілі-бір деңгейде дін ережелерін ұстанады.
Болашақта ислам дінін ұстанушылардың саны христиан дінін ұстанушылармен теңеседі деген болжам бар.
Бұған себеп:
  • агностиктер мен атеистердің саны АҚШ, Европада артуы мүмкін.
  • Миграцияның әсерінен Европада ислам дінін ұстанатындардың саны артуы мүмкін
  • Ислам - әлемдегі «ең жас дін», бұл дінді ұстанушылардың орташа жасы 23 жас.

Дін әлеуметтануындағы негізгі ұғымдар:
Секуляризация – қоғамдағы діннің ролінің төмендеуі, зайырлы мемлекеттегі діннен тыс, рационалды басқарудың үстемдік етуі немесе ғылымның, мәдениеттің, қоғамның діннен аласталуы
Дін әлеуметтануындағы негізгі ұғымдар:
ДІНИ ФУНДАМЕНТАЛИЗМ – консервативті діни топтардың секуляризацияға (ғылымның, мәдениеттің, қоғамның діннен аласталуы) қарсылығын білдіретін қозғалыс, ағым. Діннің қоғамда алатын ролі төмендеуіне, діннің маргиналдануына қарсылық білдіруші діни топтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет