Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз



бет11/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67
Мәшһүр Жүсіп: «Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа салиалла тағала

ғалияөссалам 570 жылында 27 апрельде 12 інші абиғлауында дүйсенбі таң ата дүниеге келміш дүр» /2/, деп құнды мағлұмат келтіреді. Бірақ көптеген әдебиеттерде пайғамбарымыздың дүниеге келген жылы мен күні әр түрлі көрсетіледі де, айы мен аптасы Мәшһүр Жүсіп жазбасындағы көкектем және дүйсенбiге сай келеді.

Пайғамбарымыздың анасының аты - Уахаб қызы Әмина. Ол Құрайш руының iшiндегi құрметтi адамның қызы болған. Расулдың әкесi Абдулла бiрде Иасрибке (қазiргi Мәдина қаласы) керуен тартып, сауда жасай барғанда, кенеттен қайтыс болады да, сол жерге жерленедi. Бұл кезде Пайғамбарымыз әлi жарық дүниеге келмеген, анасының құрсағында едi. Мәшһүр Жүсіп:



Ғабдолла Әмина атты қатын алды,

Ибраһим мәтиімен некеленді.

Әуелгі жолыққанда, ғабдолладан

Расулдің Әминаға нұры барды.

Алты айда Ғабдоллаға ажал жетті,

Пайғамбар тумай тұрып өтіп кетті.

Бір құдай Мұхаммедтей сүйер досын

Қарнында анасының жетім етті /3/,- деп Мұхаммед Пайғамбардың жетім қалғанын жырға қосып, жетім баланың жаратушымыздың қанатының астында болғанын ескертеді.

Мәшһүр Жүсіп «Пайғамбардың нұры» деген шығармасында: «Мүталлап-парасатты, болды дана.... Алланың беруімен Мүталлаптан, Он ұғлы пайда болып, туды бала» /3, 296 б./, -деп  Мұхаммед Пайғамбардың ата бабалары туралы мағлұмат бере келе Абдулланың он ағайынды болғанын баяндайды.  Пайғамбарымыздың әкесі де жай адам болмаса керек. Себебі Мәшһүр Жүсіп:



Ғабдолла сұлу еді, артық түрі,

Бар еді маңдайында расул нұры /3, 296 б./, - деп жазады.

Мәшһүр Жүсіп: «Сол уақытта пайда болды көп ғаламат, Сиарда бәрін бірдей айтады жат», - деп Мұхаммед Пайғамба дүниеге келген тұста, бірнеше ғаламаттар орын алса керек. Сол таңда болған елеулі оқиғалар былай жазылған: «Аллаһтың елшісі туылған күні Кисра сарайында он төрт ұстыны құлады. Мәжусилердің (отқа табынушылар) өмірі өшпеген оттары сөніп, Сауа көлі құрыды». Бүкіл әлем ұзақтан бері сағына күткен Мұхаммед (саллаллаһу ъалайһи уа сәлләм) дүниеге келеді. Енді бірде Мәшһүр Жүсіп:

«Туды енді көк пен жерге шағып нұрын, Кенелді кеңсірігі ашық мұрын» /4/, - деп жақсылыққа жориды. Жамандықпен жақсылықтың қатар жүрері хақ. Сондықтан да жетім болса да әкесінің көзі ретінде, туған туысқандарының шапағатында болды.

Араб халқында салты бойынша жаңа туған баланы өз анасынан басқа сүт ананың тәрбиесіне беретін болған. Мұндағы мақсат - жас сәбилердiң таза ауада денi сау болып, зейiн-зердесiнiң кiршiксiз толысып еркiн өсуiне жағдай жасау едi. Пайғамбарымыз бес жасқа келгенше Халима анамыздың тәрбиесінде болады. Ол Пайғамбарымызды өз тәрбиесiне алғанда, тұрмысы өте нашар, iшiп-жемi кем, кембағал адам болған екен. Пайғамбарымызды қарамағына алғаннан кейiн көп ұзамай береке-байлық бiтiп, бiрте-бiрте денсаулығы да жақсарып, оңала бастайды. Ол Пайғамбарымызды бес жасқа келгенше тәрбиелейдi. Беске толған соң оны анасы Әмина өз қолына алады.

Туған туысқандарына деген сағыныштың сүйреуімен Әмина анамыз ұлымен біргеИасриб қаласындағы нағашы жұртына барып, әрi сонда жерленген ерiнiң басына зиярат етiп қайтпақшы болады. Осы сапары барысында Әмина анамыз Мәдинада болып, Меккегебаруды жөн көріеді. Бірақ екi қаланың ортасындағы Әл-Абуа деген жерге келгенде кенеттен қатты ауырып, қайтыс болып, сол жерге жерленеді. Мәшһүр Жүсіп:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет