Дипломдық жұмыс 6В01515- «Химия» Қызылорда, 2021 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі



бет15/70
Дата31.12.2021
өлшемі0,66 Mb.
#21376
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   70
Жұмыстың практикалық маңыздылығы:

  • орта мектепте химия пәнін оқыту кезінде саралап оқытуды дамыту технологиясының әдістер жүйесі талданды;

  • зерттеу материалдарын мектеп химия пәні мұғалімдерінің практикалық қызметінде қолдануға болады.

Зерттеу нәтижелерін тәжірибелік тексеру педагогикалық практика кезінде Қызылорда облысындағы «№50 Абай атындағы орта мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесінің 11- сынып оқушыларымен жүргізілді.

Зерттеудің тәжірибелік базасы – Қызылорда қаласы, Шиелі ауданы, Бала би ауылы «№50 Абай атындағы орта мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесінің 11- сыныбы. Зерттеу 2020-2021 оқу жылында жүргізілді және үш кезеңнен тұрды.

Бірінші кезең –ізденіс кезеңі. Зерттелетін проблеманы теориялық талдау жүзеге асырылды, оның маңыздылығы мен ерекшелігі анықталды; оны шешу үшін қажетті тақырып, мақсат, болжам, міндеттер анықталды. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге теориялық талдау жүргізілді.

Екінші кезең - теориялық-жобалау. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес химиядан білім алушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған педагогикалық жағдайлар анықталды, білім алушылардың білім сапасын арттыру моделі әзірленді.

Үшінші кезең – тәжірибелік кезең. Ұсынылған гипотезаны тәжірибелік тексеру және әзірленген үлгінің тиімділігі тексерілді. Орта мектепте химияны оқытуда саралап оқытуды есепке ала отырып, білім сапасы көрсеткіштерінің сапа деңгейінің динамикасы анықталды, қорытындылар жасалды, нәтижелер пысықталды, дипломдық зерттеудің ресімделуі аяқталды.




НЕГІЗГІ БӨЛІМ



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет