Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдістерінің дамуы»


Мақсаты: Баланың зейіннің тұрақтылық және өнімділік қасиетін анықтау көрсетілген нұсқауы арқылы жүргізіледі. Нұсқау



бет9/18
Дата29.12.2022
өлшемі158,36 Kb.
#60184
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Мақсаты: Баланың зейіннің тұрақтылық және өнімділік қасиетін анықтау көрсетілген нұсқауы арқылы жүргізіледі.
Нұсқау: «Мен сенімен қазір ойын ойнаймын, бұл ойынның аты «Мұқият бол және жылдам жасауға талпын». Бұл ойында сен басқа балалармен жарысасың, одан кейін біз сенің нәтижеге қол жеткізгеніңді байқаймыз. Менің ойымша, сен басқа балалардан гөрі жақсырақ орындайсың."
Ары қарай балаға Ландольттың сақиналар бейнеленген іс-қағаз көрсетіліп, түсіндіріледі: ол сақиналар қатарын мұқият қарап шығып,бір жерден үзілген сақиналарды тауып белгілеуі керек.
Тапсырма 5 минутқа созылады. Әр минут сайын жүргізуші «белгілеу» деген сөзді айтып тұрады және сол уақытта бала бұйрық берілген кезде тоқтаған сақинаны белгілеу керек.
5 минут өткен соң жүргізуші «бітіреміз» дейді. Осындай сөзден кейін, бала келген жерінен тоқтау керек және тігінен екі белгі қояды.
Нәтижені өңдеуде жүргізуші баланың әр минут сайын және бес минут аралығында қарастырған сақина санын анықтайды. Сонымен қатар әр минутта жіберілген қателер саны анықталады. Мына формула бойынша баланың зейінінің тұрақтылығын және өнімділігін анықтауға болады
S
бұл жердегі:
S - зейіннің өнімділігі мен тұрақтылығы;
N - баланың бір минутта қарастырған сақина саны (егерде осы формуланың көмегімен зейіннің 5 минут ішіндегі тұрақтылық өнімділігі анықталатын болса, онда N-бес минут аралығында қарастырылған сақинаның санына тең болады, ал келесі n көрсеткіші-бес минут аралығында жіберілген сандардың қатесіне тең. Ал, осы формуланың бөлгіші-300); n-баланың осы уақыт аралығында жіберілген қателер саны.
Нәтижені өңдеу барысында әр минуттық S-көрсеткіші және барлық бес минутқа байланысты S көрсеткіші есептеледі. Алған нәтижелері бойынша график сызылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың интерпретациясы сияқты жүргізіледі.

4 кесте - №7 «Айгөлек» және №8 «Еркетай» ересек топтағы балаларға диагностика жүргізудің қорытынды кестесі (зейіннің тұрақтылық және өнімділік қасиетін анықтау дамуының деңгейін анықтау)







Деңгейі

№7 «Айгөлек» ересек топтағы балалар

№8 «Еркетай» ересек топтағы балалар

Қорытынды
(пайызбен)

1

жоғары

4

5

18

2

орташа

11

13

48

3

төмен

10

7

34

Анықтау эксперименттің нәтижесі бақылау топтардағы балаларға жүргізілген зейіннің тұрақтылық және өнімділік қасиетін анықтау дамуының деңгейін анықтауда келесі орташа көрсеткіштерінің қорытынды нәтижелерін көрсетті: жоғары – 18% (9 бала), орташа – 48% (23 бала), төмен – 34% (17 бала).





4 сурет. №7 «Айгөлек» және №8 «Еркетай» ересек топтағы балаларға диагностика жүргізудің қорытынды нәтиже көрсеткіштері


Жалпы мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының танымдық үрдістерінің деңгейі №8 «Еркетай тобына қарағанда №7 «Айгөлек» тобынада төмен.


Жалпы анықтау эксперимент барысында байқағанымыздай, екі топта да төмен деңгейін көрсетті. Сол себепті біз зерттеу жұмысымыздың қалыптастырушы тәжірибе барысында танымдық үрдістерін дамытуға арналған тренингтер сабақтарынан тұратын бағдарлама ұсынамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет