Ландольд сақиналары әдістемесі Зейіннің тұрақтылығы мен өнімділігін анықтау



Дата10.12.2023
өлшемі14,36 Kb.
#136471
Байланысты:
ландольдт


(Ландольд сақиналары) әдістемесі
Зейіннің тұрақтылығы мен өнімділігін анықтау.
Балаға ландольдтық сақиналармен салынған бланк берілген. (5-6жас)
Нұсқау: Қазір сенімен біз ойын ойнаймыз. Ойынның аты (Алаңдамай, тез жұмыс істе). Бұл ойында сен басқа балалармен жарысасың. Сосын қараймыз, сен қандай нәтижеге жеткеніңді. Мен сенің қолыңнан бәрі келеді деп ойлаймын.
Содан кейін балаға ландольдтық сақиналары салынған бланк көрсетіледі. Бала қатар бойынша сақиналарды дұрыстап қарап, ішінен үзілген ретімен тұрған сақиналарды тауып, астын сызу керек. Оған 5 минут уақыт беріледі. Сосын, 5 минут уақыт өткеннен кейін зерттеуші (Тоқта) деп айтуы керек. Осы команда бойынша бала сақиналар салынған бланкті сол жерде тоқтату керек. Белгілі уақыттың ішінде, өткізген психодиагностикалық экспериментті тексеру нәтижесінде, зерттеуші сақиналардың санын анықтайды. Сонымен қатар, баланың 5 минутта қаралған жұмыстары, қателіктері анықталады. Баланың зейіні мен тұрақтылығымен өнімділігін келесі формуламен анықтауға болады:
S=0.5N-2.8n:60
Мұндағы S- зейіннің тұрақтылығы мен өнімділігінің көрсеткіші. N- баланың 1 минутта қараған сақиналарының саны. Егер осы формула бойынша баланың барлық зейіннің тұрақтылығы және өнімділігі 5 минут анықталса, онда N= 5 минут қараған сақиналарының тең. n= 5 минут ішінде жіберген қателерінің саны.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет