Дипломдық жоба " Манипуляторлы роботтың электр жетегін жасау" 6В07116 "Автоматтандыру жəне басқару"


Өлшеу құрылғысы және келіспеу сигналын түрлендіргіш



бет10/28
Дата12.06.2022
өлшемі1,63 Mb.
#36731
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28

Өлшеу құрылғысы және келіспеу сигналын түрлендіргіш


Өлшеу құрылғысы және келіспеу сигналын түрлендіргіш, немесе келіспеуді өлшегіш (КӨ) басқарушы әсер мен реттелінетін координаттың мәнін салыстыру үшін және алынған электрлік сигналдағы айырымды түрлендіру үшін тағайындалған. Сонымен қатар екі функцияда біріктірілген келіспеуді өлшегішпен тек сигналдарды салыстыру үшін және тек қателік сигналын табу үшін қолданылатын құрылғылар бар, мысалы радиолокациялық станция жүйелерінде.


Келіспеуді өлшегіштің негізгі сипаттамасы мен параметрлері келесідей болып табылады:

  • шығыс сигналдың келіспеу қателігінен тәуелділігін көрсететін статикалық сипаттама 𝑈𝛿 = 𝑓(𝛿𝛿);

  • түрлендіру коэффициенті (сезімталдылық) 𝑘𝛿 = 𝑈𝛿/𝛿𝛿;

  • өлшеуші құрылғының қателігі;

  • шығыс сигналдың қуаты.

Келіспеуді өлшегішке қойылатын негізгі талаптар:

  • өлшеудің жоғары дәлдігі және келіспеу бұрышын түрлендіру;

  • сызықтылық және статикалық сипаттаманың үлкен тіктігі;

  • электрлік энергияның аз қуатын пайдалану;

  • инертсіздік;

  • сенімділік, аз масса мен өлшем.

Құрылымдық сұлбада сигналдардың келіспеуін өлшеуге арналған құрылғы 1.5–суретте көрсетілгендей суреттеледі.



    1. Сурет - Құрылымдық сұлбадағы КӨ-нің шартты белгісі Ерекше қатаң талаптар сезімталдылық пен өлшеудің дәлдігіне қойылады,

сондықтан қадағалау жүйесінің дәлдігі келіспеу қателігін өлшейтін және түрлендіретін құрылғы дәлдігінен артық бола алмайды. Өлшеу дәлдігінің негізгі көрсеткіші өлшеу қателігі болып табылады, яғни өлшеу нәтижесінің шын мәннен өлшенетін шамаға айытқуы. Өлшеу қателігін айтылу әдісі бойынша абсолютті және салыстырмалы болып бөлінеді, ал туындау көзі бойынша – өлшегішті дайындау кезінде жіберілген құралдық және өлшеу амалының себебінен туындайтын әдістемелік.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет