Өзен кенорнында ТБХӘ өңдеу нәтижелері
Бұл технология бойынша 8 ұңғыма өңделген. 2006 жылы бұл ұңғымалар 529 тәулік бойы жұмыс істеп, бір ұңғыға дебиттің орташа өсімі 2,1 т/тәулік. Өңдеу тиімділігі 76%. Өзен кенорнындағы ТБХӘ әдісін қолданылуы ұңғыма қабырғасындағы парафиндер мен тұздардың шөгуі әсерінен сағасын герметизациялау қиынға соқты. Сол себепті алғашқы екі ұңғыда(№ 5216, 5992) құрал-жабдықтар қабат түбіне жетпей қалды, ұңғы жөндеу бригадаларының оларды шаюы мен қырғыштарымен өңдеуіне қарамастан. Бұл ұңғымалардағы өңдеу тек үшінші түсірілімде ғана іске асты.
Сурет 2.3-де №5216-ншы ұңғыма түп аймағын үшінші түсірілімдегі ашылған қысым мен температура диаграммасы көрсетілген. Бұл ара тәріздес диаграммадан ұңғыма сағасынан ұңғыма түбіне дейін құрал-жабдықтың жылжуы қиын екені көрініп тұр. Бұған ұқсас диаграммалар №4553, 5441, 8509 ұңғымаларда байқалған.
Сурет 2.3 - Ұңғыма түп аймағының температура мен қысымның өзгеру диаграммасы
Пакер герметизация жағдайында және ТБО-01 технологиясымен қабатты газогидрожару кезінде ұңғыманың түп бөлігінде компоновканың ұсталып қалу қаупі төнді. Ұңғыма түп аймағын қыздырғанда және қысымды арттырғанда қатты тұз шөгінділері шегендеу тізбегінің қабырғаларынан ұңғыма түбіне түсіп бұзылады.
ТБХӘ технологияларында порохты зарядтар салмағы өте үлкен маңызға ие. Зарядтың жетіспеушілігінен жеткілікті дәрежеде қызу журмей, тиімділігі де төмен болады. Жұмыстар тиімділігі зарядтың салмағын көбейткенде болады. Зарядтың салмағын өте көбейту себебінен де ұңғыма түп аймағы қатты қызып, тиімділік кеуектердің парафин шөгінділерінен төмендейді.
Себебі, 120-1400С арасында парафиндер кокс түзу процессі арқасында қатты күйге өтеді.
Зерттеулер нәтижесінде ұңғыма дебитінің өсімінің порох зарядтарынан тәуелділігі алынды (Ақінген кенорны бойынша). ТБХӘ технологиясының төмен тиімділігі 3-5кг/м кезінде көрінді. Тиімділік заряд салмағы төмендегенде де өсіргенде де байқалады. Бұны заряд салмағының 3-5кг/м болғанда органикалық шөгінділердің қатты қызуы болып, олардың кокстелуімен түсіндіріледі. Салмақтың аз болуы есебінен тек жылулық әсермен парафин шөгінділерінің аққыштығы болады. Зарядттың үлкен салмағы қабаттың газогидрожарылуына әкеледі де, жаңа каналдар мен жарылымдарды түзіп, ұңғыма түп аймағы қабатының өткізгіштігін арттырады. Ақінген кенорнында аз төмендегіш ұңғылар дебитінің (алевролит, тығыз құмтастар) үлкен қорының бар екенін ескеріп, ТБХӘ әдісінің келесі нұсқауларын ұсынуға болады:
механико-гидравликалық түрдегі ұңғыма қабырғасына тірелетін пакерлік құрал-жабдықтар қажет.
зарядты жаққаннан кейін қабатқа гидросоққыларсыз жұмсақ депрессионды әсер етуі керек, мысалы, ұңғымадағы деңгейдің түсуі.
қабаттың газогидрожаруға қажетті порохты зарядттар салмағы 6-10 кг (1 м перфорация интервалының).
Сурет 2.4. Ұңғымасына термобарохимиялық өңдеудегі қысым мен температура диаграммасы
Достарыңызбен бөлісу: |