ТБО-01 технологиясы (геофизикалық кабельмен, пакерсіз ұңғыма сағасын герметизациямен).
Сонымен бірге ТБО-01 кабелі технологиясында заряд салмағынан дебиттің өсімінің тәуелділігі байқалды. Заряд салмағы 0,7 кг/м болғанда жұмыс тиімділігі 40%-ды құрайды. Заряд салмағын өсіре отырып тиімділікті 1,2-1,8 кг/м-ге де 100%-ға жеткізуге болады.
ТБХӘ-ден кейін 2 ұңғыма сағасындағы температура өзгерісінің өлшеу профилдері жүргізілді. Өлшеулер порохтық зарядтардан төмен орналасқан, берілген тереңдіктегі өлшеу нүктелерімен тартылған автономды электронды манотермометрмен анықталды. Зарядтың 16-18 кг болып, оны 0,5 сағат жаққаннан кейін температура өсімі 62-ден 82-850С-ға дейін қамтамасыз етілді. Жылулық әсер ұңғыма сағасымен 40-50 м-ге таралып, төменге аралыққа максималды 10-20 м жетті.
Өзен кенорны жағдайында бір ұңғымаға шаққандағы мүмкін өсім (ТБХӘ технологиясын қолданнан кейін) орта есеппен алғанда 5,2 т/тәу болады (егер заряд салмағы 1-2 кг/м шарты орындалса).
Достарыңызбен бөлісу: |