Есептеу түсіндірме жазбахат 3 ші беттен бастап нөмірленеді және қатты түппен қапталады.
А)Графикалық бөлім:
А2 форматында орындалған модель суреттері немесе буклет.
Жоба тақырыбы бойынша бір конструктивтік негізде құрылған 10 киім моделдерінің эскиздерін А4 форматындағы қатты қағазға түрлі-түсті бояумен салу.
Бұйымның базалық және модельдік конструкцияларын А1 және А 4 форматтағы сызу қағаздарына 1:2, 1:4 масштабта сызу
Бұйымның негізгі , астар, астараралық материалдардан пішілетін бөлшектердің лекалоларын А1 және А 4 форматтағы сызу қағаздарына 1:2, 1:4 масштабта сызу
Бұйымның негізгі бөлшектердің лекалоларының градациясын А1 және А 4 форматтағы сызу қағаздарына 1:2, 1:4 масштабта сызу
Бұйымның негізгі бөлшектердің лекалоларының эксперименталды жайылмасы 1:4 масштабта сызу.
Бұйымның астар және астараралық бөлшектердің лекалоларының жайылмасы 1:4 масштабта сызу.