Disney анимациясы Орындаған: Адыкаменов. Е. Е тексерген: Ибрагимова. Ж. Б disney деген кім?



бет3/3
Дата24.11.2022
өлшемі91,4 Mb.
#52463
1   2   3
Микки Маус дәуірінің бастауы
Дисней Освальдтан айырылып қалған соң, өзінің мультфильмдері үшін жаңа жұлдыз ойлап табудан басқа амалы қалмады. Осылайша өмірге өзінің қоян ағасына қатты ұқсайтын атақты Микки Маус атты тышқан дүниеге келді. Оны жасауға Диснейдің өзі мен оның студиясының бас суретшісі Аб Иверкс қатысты.Дегенмен, студия Микки Маустың қатысумен түсірілген екі мультфильмді сата алмады: ол мультфильмдер дыбыссыз болатын, ал кинотеатрларға ол кезде дыбыс келіп қойған еді. Ол кезде студиялар мультфильдерді жылдам-ақ жасап шығаратын, оның үстіне Диснейдің студиясы әлі толық кәсіби бола қоймаған еді. 1927 жылы дыбысты кино шыға салысымен, Уолт кинемотограф әріптестерінің тәжірибесін өзі қолдана бастап, мультфильмдерін дыбыстады. Осы серияның үшінші фильмі (дыбысталған) экрандарға 1928 жылғы қарашаның 18-де шықты, дәл сол күн Микки Маус дәуірінің басталған сәті болды.
Диснейдің бар шығармашылығының тақырыбы — зұлымдықпен күрес. Дисней бақытты финалдарды жақсы көрді және барлық персонаждарына өзінің дүниетанымының кеңістігін мекендетті. Осылайша ол өзінің имиджін өнегелі таза адам ретінде көрсете білді. Ал басында ол кәнігі шылымқор, тіпті маскүнемдіке жақын болатын. Голливудта оның Долорес дель Рио атты актрисамен болған махаббат хикаясы баршаға мәлім еді. Алайда бірде бір репортер оның беделіне нұқсан келтіре алмады. Неліктен? Дисней біз үшін бақытты әлемді құрып берді, сұмдықтан ада шынайылықты көрсетті, ал оны бұзу ақымақтық болатын. «Ана, алма пирогы және Дисней» бұл үшеуі америкалық киелі «үштік» деп есептелді. Ал киеліні қорлауға болмайды.
Дисней сол 1933 жылы өзінің алғашқы түрлі түсті «Үш торай» атты мультфильмін шығарады. Ол жерде орындалған «Біз көкжалдан қорықпаймыз» атты ән ұлттық хит болады.
Студия күн санап өседі. Тағы да бірнеше мультфильмдер түсіріледі. Микки Маус миллиондаған жүректерді жаулап, соның ішінде тек америкалықтарды ғана емес, сонымен бірге европалықтарды да баурап алады. «Көңілді әуендер» түсіріледі, экрандарда барылдаған Дональд Дак, ұлыған күшік Плуто және көлшіктен суды кепсермен іліп алуға тырысқан миғұла Гуфи пайда болады. Дисней «Колумбия Пикчерзпен», сосын «Юнайтед Артистспен» келісім-шартқа тұрады.
1934 жылы Уолт Дисней өзінің қызметкерлеріне Ақшақар және жеті гном туралы толықметражды мультипликациялық фильм түсіргісі келетінін хабарлайды. Бастапқыда бұл идеяға көбісі күмәнмен қарады: тірідей актері болмаған картинаның үлкен кино секілді көрерменді қызықтыра алатынына сенушілер аз болды. Алайда Диснейдің ойы құр қиял емес екеніне сеніп, жұмыс қайнап кетеді.
Фильмнің түсірілімі үш жылға созылады және сол кезеңдегі бас айналдырарлықтай $1,499 млн жұмсалады. Диснейді тақырға отырғызбай аман алып қалған «Bank of America» несиесі болды, оның басшысы — Амадео Джаннини Микки Маусты өте қатты жақсы көретін еді. Фильмнің нәтижесі кеткен шығынды ақтады, өйткені Ақшақар ұзақ уақыт бойы барлық кезеңнің ең жоғары кассалық фильмі болды (оның рекордын тек қана Желмен ғайып болғандар жапты). Ал 1939 жылы Уолт Дисней осы толықметражды фильмі үшін саны бойынша тоғызыншы «Оскар» жүлдесіне ие болды. Диснейді осы марапаттау барысында, ол толыққанды мүсіннен бөлек тағы да гномдар саны бойынша символикалық кішкентай жеті «оскар» алғанын ескеру керек. Содан бері Диснейдің студиясы басты әрі әлеуетті табыс әкелетін осы толықметражды мультфильмдер деп санайды.
Сонымен қатар Пиноккио(1940), Дамбо (1941) және Бемби(1942) атты толықметражды мутфильмдері жарық көрді.
Уолт Диснейдің таланты кино және телебизнес аясы шеңберінен асып жатты. Оған келесідей қызығушылықты әкелік тәжірибесі үйретті. Ол қыздарымен жануарлар бағына, карнавалдарға және сауық-сайрандық орындарға жиі баратын. Балалары әткеншектерде ойнап жүргенде, әкесі сәкіде отырып, қыздарының асыр салып ойнап біткенін күтетін. Осындай отырыстардың бірінде Америкада үлкендер де, кішкентай балалар да көңілді уақыт өткізетін жердің жоқ екеніне көзі жетеді. Сол кезде Дисней осындай жерді өзі салуды ұйғарады.
Алғашқы Диснейлэнд 1955 жылдың 17 шілдесінде Лос-Анджелестің оңтүстігіндегі Анахайм қаласында (Калифорния штаты) ашылды. Оның құрылысына $17 млн жұмсалып, салынған қаржысы тез арада он есе мөлшерде қайтарылды. Парк ашылған соң 25 жылдың ішінде 200 млн-нан астам адам келді. 1983 жылы Диснейлэнд Токиода және 1992 жылы Парижде өз Диснейлэндтері ашылды.
1966 жылы 15 желтоқсанда Уолт Дисней қайтыс болды, брендтің тарихы мұнымен бітпеді, бірақ ең жақсы уақыт болған жоқ. Рой Оливер Дисней компаниясын басқаруды және Орландодағы жаңа саябақтың құрылысын бақылауды жалғастырды. Уолт Дисней дүниежүзілік демалыс орталығы пайдалануға берілгеннен кейін үш айдан кейін Рой 1971 жылы 20 желтоқсанда қайтыс болды.
Кард Уокер, Донн Татум және Рон Миллер - Диснейдің жаңа көшбасшылары, бұл атаулар бренд тарихына белгілі бір себептермен жазылған, олар Дисней ағайындылармен келісілген және мұндай рөлге алдын ала дайындалған. Уолт Диснейдің қалған жобалары компанияға жиырма жыл бойы негізін қалаушының идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Істер жақсы жүріп жатты, күшті сәтсіздіктер, сондай-ақ импульсивті көтерілулер мен құлдыраулар болмады.Дисней брендінің тарихы екі күшті дағдарысты бастан өткерді, бірі жасаушы қайтыс болғаннан кейін, екіншісі 2000 жылдан 2005 жылға дейін. Майкл Эйснердің жетекшілігімен табыс әкелмейтін сәтсіз фильмдер түсірілді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет