Disney анимациясы Орындаған: Адыкаменов. Е. Е тексерген: Ибрагимова. Ж. Б disney деген кім?



бет1/3
Дата24.11.2022
өлшемі91,4 Mb.
#52463
  1   2   3
Байланысты:
Дисней анимациясы. Ернар Ерланұлы


DISNEY анимациясы
Орындаған: Адыкаменов.Е .Е
Тексерген:Ибрагимова.Ж.Б
DISNEY деген кім?
Уолт Дисней — атақты америкалық суретші-мультипликатор, аты әлемге танылған режиссер, актер, сценарист әрі продюсер, толық метражды мультфильмдердің толық сериясын жасаушы. Әлемдегі бүкіл балалар жақсы көретін Микки Маустың, Қоян Освальдтың, Дональд Дактың және 200-ден астам персонаждың атасы. Ол «Оскардың» 29 премиясының және АҚШ жоғары азаматтық үкіметтік марапаты «Бостандық медалі» иегері болды. «Walt Disney Productions» компаниясының құрушысы және әлемдегі алғашқы үлкен сауық-сайрандық «Диснейлэнд» балалар саябағын құрушы болып табылады.
Уолт Диснейдің жетістігінің тарихы:
  • Уолтер Диснейдің өмірбаяны сонау 1901 жылдың 5-ші желтоқсанда ағаш ұстасы мен мұғалімнің отбасында бес баланың төртіншісі болып Уолтер Элиастың дүние есігін ашуымен бастау алады.
  • Уолттың сурет салғысы келетін, алайда отбасында қарандаш пен қағаз сатып алуға ақша болмады. Ол қара май және таяқ тауып алып, үйдің суретін салды…
  • Бала күнінен Уолт сурет салуға құштар болды, ал жеті жасында өзінің алғашқы комикстерін сата бастайды. Жас Уолт мектепішілік газетті шығаруға суретші және фотограф ретінде ат салысып, ал кешкілік уақыттарда әсем өнер академиясына барып жүрді. Соңында газет карикатуристтерінің курсынан өтіп, мұнда ерекше ойлауды, қалыпты логиканың қызықты бұзылысы мен ықшамды үлгіге үйренді.
  • Уолт 8 жасқа толғанда, әкесі оған жұмыс істете бастайды. Баласы әкесіне тиесілі фирманың хаттары мен жарнамаларын тарататын: кез келген ауа райында, жаңбырда да, қарда да, таңертең және қараңғы түнде де қисайып кеткен бәтеңкесімен Уолт көше аралап, почтаны дер кезінде жеткізу үшін жүгіріп жүретін.
  • Дисней 10 жасқа толғанда оның әкесі сүзек ауруына ұшырайды. Бертін келе, әкесі ауруынан айығып, олар Америкадағы өзге де күнкөріс үшін тынымсыз көшіп-қонушылар секілді Канзас Ситиге көшу туралы шешім шығарады. Осы көшу Уолттың өміріне айрықша әсер етеді. Канзас Ситиде ерекше бай, биік қоршауға жасырынған және бау-бақшамен көмкерілген зәулім үй болады. Зәулім үйдің жеке иесі болды және жергілікті балалардың құмартып тұратын орны болды. Балалардың барлығы құпия тесіктер арқылы баққа кіріп, бақшада ойнап, кейде тіпті жекежайдың өзіне кіріп, әсем анфиладаларда жүгіріп, ескі портреттерді тамашалағысы келетін.
  • Уолт та талай рет жекеменшік мекенге кіргісі келген, оның әр талпынысы сәтсіздіктермен аяқталушы еді. Сол кезде ол өскен соң балаларға арналған алаңқайларымен, ойнауға арналған ауқымды бақшалы зәулім үй саламын деп өзіне ант береді. Осылайша, қырық жыл өткен соң арман Диснейлендте орындалды.
  • Диснейдің ең алғашқы жақын досы Уолт Пфайффер болды. Балалар қалталарындағы бар ақшаға киноға баратын. Олардың кумирі Чарли Чаплин болды. Кинотеатрдан шыққан соң, олар көше бойында кезектесіп Чарлидің жүрісін салып, оның трюктерін қайталап жүретін. Сол кезеңде-ақ Уолттың достары да, ұстаздары да, тіпті Уолттың өзі де актерлік өнерге бару керек деп санайтын.
  • Уолт еліне оралған соң, Чикагодағы өнер институтына түседі, мұнда ол өз талантының қыры жобаларды пайымдау мен үйлестіру саласында екенін ұғынады. Ол сол ғимараттан тезірек құтылғанша асығып, өз жұмысын бастауды қалайды. Ол өзінің бар болмысын сурет салуға арнау үшін, осы оқу орнын жылдам аяқтауды армандайды.
  • Ақыр аяғында ол оқу орнын тәмамдайды. Бірден жас суретші Диснейдің алдында қайда барып жұмыс істеу керек деген қиын сұрақ туындайды. Ол алдымен көңілді жарнамалық суреттерді маңдайша жазуға салатын ресторандық фирмалардың біріне жұмысқа тұрады. Оның директоры Диснейді әрең дегенде жұмысқа алады да, аптасына бар болғаны 50 доллар ғана төлеп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет