Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психология ғылымдарының докторы


БОЛАШАҚ ПЕДАГОГА-ПСИХОЛОГТЫҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІН ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТКІЗУ ЖҰМЫСЫ



бет27/52
Дата06.04.2022
өлшемі0,94 Mb.
#30024
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГА-ПСИХОЛОГТЫҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІН ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТКІЗУ ЖҰМЫСЫ





    1. Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі

Оқытудың құзыреттілік үлгісіне бағытталған университеттік білім беру мазмұны мен құрылымының өзгеруінің белсенді үдерісі жүріп жатқандықтан, болашақ психолог-педагогтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруға әзірленген әдістеме Б. Блум таксономиясына сәйкес жасалған.

Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігінің құрылымына нақтырақ тоқталып өтейік. Ол үшін диагностикалық құзыреттіліктің әр компонентінің құрамына кіретін құзыреттіліктерді ажыратып алуымыз қажет.

Ынталандырушы-когнитивті компонент: Болашақ педагог-психологтың диагностикалық іс-әрекетті жүзеге асыруына, оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын арттыруды қамтиды. Болашақ педагог- психологтардың диагностикалық іс-әрекетін ұйымдастыру қажеттіліктерін қарастырады. Диагностика, құралдар мен әдістердің маңызын, диагностиканың ұйымдастырушылық түрлерін, олардың мүмкіндіктерін білу: психиологиялық- педагогикалық диагностикадағы оқу материалының мазмұны, білім алушылардың жас ерекшелік және жеке ерекшеліктері, диагностикалық үдерісті ұйымдастыру ережелері мен дидактикалық диагностикалық материалдарға қойылатын талаптар, қолданылу аймағының объективтілігі.

Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігінін компоненттері мен деңгейлері



Когнитивті құзыреттіліктер:

Білу:


  • диагностикалық процедуралардың мақсаттарын, олардың өзін-өзі дамыту мақсатында қолдану мүмкіндіктерін;

  • «тест», «сауалнама», «сұрақнама» ұғымдарын, тест және сауалнаманың негізгі түрлерін; тест және сакуалнаманы жүргізу ережелерін т.с.с. білу;

  • психологиялық-педагогикалық диагностиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін сипаттау;

  • психодиагностикалық әдістер мен оларды қолданудың жіктемесін құру;

  • диагностикалық зерттеулер мен сараптаманы жобалау мен жүргізудің этикалық принциптерін атау;

  • диагностикалық іс-әрекетті құрудың құрылымы мен үлгісін, ерекшелігін көрсете білу;

  • психологиялық-педагогикалық диагностиканы ұйымдастырудың технологиялары мен әдістерін, негізгі ұйымдастыру түрлерін білу;

  • педагог-психологтың диагностикалық іс-әрекетін жоспарлау кезеңдерін білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет