Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психология ғылымдарының докторы



бет24/52
Дата06.04.2022
өлшемі0,94 Mb.
#30024
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52
Тұлғалық рефлексия ұстанымы бақылау мен өзіндік бақылау, бағалау мен өзіндік бағалау әдістерін қолдануды, болашақ педагог-психологтарға рефлексивті бейнесін белсендендіру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді және оқыту нәтижелерін болжауды, сыни ойлау мен өзін-өзі реттеу қабілеттерін дамытуды көздейді. Тұлғалық рефлексия - жеке адамның өзін - өзі тануы мен өзіндік қасиеттері мен қабілеттері, мінез-құлқы, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы.

Мазмұндық-процессуалдық компонент рефлексивті-бағалаушы, функционалды-аналитикалық, мотивациялық-когнитивті компоненттерден тұратын болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігі құрылымын; диагностикалық құзыреттілік қалыптасуы кезеңдерін: түсіну,

қолдану, орындау; шарт, әдістері, формалары, құралы және әдістемелік қамтамасыз етілуін ашып көрсетеді.

Мазмұндық-процессуалдық компонент студент болашақ педагог- психологтың тәрбие жұмысын кезең-кезеңімен ұйымдастыруды, болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың нақты жолдарын және құралдарын таңдауды қарастырады.

Диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыру - оның барлық құрамдас бөліктерінің кезең-кезеңімен сапалы түрленуін қамтитын тұтас, қайтымсыз процесс. Сондықтан біз болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің кезеңдерін анықтадық: дайындық, негізгі және қорытынды. Аталған кезеңдерді құру кезінде біз: диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыру болашақ педагог-психологтың өзін кәсіби іс- әрекеттің белсенді субъектісі, оның мақсаттары мен құндылықтары ретінде ұғына білуінен, одан тұлғалық-маңызды мәнді табуынан бастау аладыдеген ережені басшылыққа алдық.

Дайындық кезеңінде құзыреттілік,іс-әрекетте көрінуі және диагностикалық қызметке қатысты тақырып белсенді болған кезде ғана іске асырылуы мүмкін, себебі оған мотивация бар. «Мен болашақ диагностпын» кәсіби рөлін қалыптастыру студентті оған маңызды себептер негізінде өзін-өзі дамытуға, олармен жеке траекторияны құруға мүмкіндік беретін, ынталандырылған іс- әрекеттік «өмір сүруге» кірігуіне ықпал етеді.

Студенттер диагностикалық іс-әрекет субъектісі ретінде оны жоспарлай, реттеп, бағыттап және бақылай отырып белсенді түрде қатысады, ал жүзеге асырылатын диагностикалық іс-шаралар оған қатысуға лайықты, тартымды және жағымды болады.

Екінші кезең - негізгі. Бұл кезеңде оқу үрдісінде психологиялық- педагогикалық диагностика туралы алынған білімдерді түсіну және қолдану жүзеге асады.

Диагностикалық қызмет туралы қажетті білімді алу арқылы кәсіби даму қажеттілігін қалыптастыру; диагностикалық дағдыларды меңгеру; педагог- психолог-диагностикасының ұстанымы бойынша болашақ кәсіби қызметті жүзеге асыру қажеттілігіне студенттің назарын аудару.

Бұл кезеңде оқыту келесі жұмыс үшін қажетті білім практикалық жаттығуларда бекітілетіндей етіп құрылымдалуы керек. Бұл кезеңнің құралы ретінде көрінетіндер: дәстүрлі дәріс, проблемалық дәріс, дәріс- пікірталас, шақырылған эксперттермен өткізілетін дәріс, кеңес беру дәрістері және тренинг сабақтары формасындағы семинарлар, іскерлік ойын семинарлары және т.б. Сабақ барысында қолданылған әдістер: өз бетінше іздену, жобалық- диагностикалық зерттеу, кейс-стади, портфолио-диагноста, студенттің диагностикалық портреті, жобалық-диагностикалық әдіс, шынайы практикалық жағдайларды талдау.

Сурет 2 - Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін

қалыптастыру моделі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет