университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру әдістемесі жасалып, тиімділігі тәжірибеде сынақтан өткізілді;
болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру деңгейін анықтауға арналған: «Психологиялық-педагогикалық диагностика» курсы бойынша оқу құралы, педагог-психолог-диагност жұмыс дәптері, «педагог-психологтың 100 әдістемесі» диагностикалық минимумы сияқты әдістемелік құралдар әзірленіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тәжірибесіне ендірілді.
Зерттеу нәтижелері университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтарды сапалы даярлауда үлкен мәнге ие және білім беруде психологиялық-педагогикалық қызметті ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесіне белгілі бір үлес қосады деп санаймыз.