Осы жұмысты орындау барысында диссертацияның мақсаты мен міндеттері толығымен орындалды және ғылыми және тәжірибелік құндылығы бар келесі нәтижелер алынды.
автоматтандырылған өндірістің ақпараттық инфрақұрылымын виртуализациялауда инновациялық веб-қызметтер технологиясының негізгі міндеттерін шешу механизмдерін қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу үшін АИВ әдістерін және модельдерін негіздеу;
автоматтандырылған өндіріс үшін АИВ кезіндегі иерархиялық түсті Петри желісіне негізделген, қызметтік-бағытталған бағдарламаларды модельдеудің әдістері мен Петри желілеріндегі композитті веб-сервиске негізделген үлгісін құруды ұсынылды.
қызметтерді автоматтандырылған құрастыру үшін хореография негізінде виртуалды инфрақұрылымдық қызметтерді жасау әдісін автоматтандырылған өндіруге арналған АИВ семантикалық веб-сервистің алдыңғы қатарлы технологиясы әзірленді;
бірінші рет автоматтандырылған өндіріс үшін ақпараттық инфрақұрылымның типті нұсқаларын бейімдеу мен жобалау, алгоритімін таңдау және әдіснамасы әзірленген;
Қазақстандағы автоматтандырылған өндірістерге арналған семантикалық веб-сервис пен сервистердің автоматты композициясы әдісін пайдалана отырып, ақпараттық инфрақұрылым виртуализациясы қызметтерін көрсету үшін ақпараттық жүйе құру.
Виртуалдандыру арқылы табысты шешілу – автоматтандырылған өндірістің біртекті ақпараттық жүйелерін (АЖ) интеграциялау болып табылады. АЖ гетерогенді интеграциясының негізгі жолдары іске асырылды: кәсіпорын деректер шинасының идеологиясы және мұндай кәсіпорындардың автоматтандырылған жүйелерімен деректермен алмасу модульдері.
Талдау кезінде бұл қызметке бағытталған қосымшалар мен композициялық Петри-Марков қызмет желілерін пайдалану ұсынылды. Бұл жағдайда, Петри желілерін талдаумен байланысты классикалық мәселелерді шешуді ғана емес, сонымен қатар, ықтималдық бағалау нәтижелері алынды.
Жобалаушыларға семантикалық мәнді алуға мүмкіндік беретін, сондай-ақ, WSDL тілінде автоматтандырылған өндірістің арнайы бизнес-қосымшаларынан алынған үлгілерін талдау тәсілі мен интерпретациялық Петри желісін және әрі қарай формалды тұтастығын тексеру мүмкіндігі арықарай талдау арқылы түсіндіріледі. Бөлімде автоматтандырылған өндірістің ақпараттық инфрақұрылымын виртуализациясы кезінде, асинхронды жүйелерде үрдістерді имитациялау және иерархиялық түсті Петри желісіне негізделген қызметке бағытталған қосымшаларды модельдеу әдісінің моделін құру мен Петри желісі негізінде әзірленген композиттік веб қызметтердің модельдеу әдісін әзірлеу.
Корпоративтік ақпараттық жүйелерде делдал ретінде ұсынылған веб- сервистердің жергілікті тіркелімі және операциялық жағдай мониторингі қызметін қосымша түрде атқаратын сервистік шинаны (ESB) пайдалануға
негіздеме берілді. Диссертациялық зерттеуде дердалды клиент пен сервердің өзара әрекеттесуіне араластырудың екі нұсқасы модельденді және клиент пен веб-сервисті URL алу жолымен байланыстыруды модельдеудің оңтайлы нұсқасы негізделді.
Өзара әрекетесетін бизнес-үрдістерді ұйымдастыру үшін; жан жақты екі негізгі тәсілдерге талдау жүргізілді: оркестр және хореография негізінде, хореография автоматтандырылған өндіріс үшін ақпараттық инфрақұрылымды виртуалдандыруды ұйымдастыруға және басқаруға ең қолайлысы болып табылатынын көрсетті.
Аппараттық виртуализацияға арналған бұлттық платформа - KVM (Kernel- based Virtual Machine) еркін таратылатын бағдарламалық қамтамасыз ету қарастырылды және оны таңдау негізделді және ОС Ubuntu еркін таратылатын ортасында виртуалдық машинаны тәжірибелік жүзеге асыру және жөнге келтіру іске асырылды.Автоматтандырылған өндірістердің ақпараттық инфрақұрылымының қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескеретін бұлттық сервисті құрудың алгоритмі ұсынылды. Сонымен қатар ақпараттық инфрақұрылымды виртуалдандыру сервисін техникалық-экономикалық негіздеудің әдістемесі әзірленді.
Автоматтандырылған шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін веб- сервис бағдарламасының негізгі құрылымы 8 негізгі топқа бөлінген. Шағын және орта бизнестің автоматтандырылған өндірісінде талап етілетін өндірістік және өнім сапасының интеллектуалды басқару жүйесі айқын емес логикасына негізделген модельді әзірлеу әдістемесі ұсынылып, іске асырылды. Автоматтандырылған өндірістік нысандар үшін типтік ақпараттық инфрақұрылым нұсқаларын таңдау, жобалау және бейімдеу әдістемесі мен алгоритмдері әзірленді.
Қазақстандағы автоматтандырылған өндірістік нысандар үшін семантикалық веб-сервис және автоматтандырылған қызмет көрсету құрамы әдісі арқылы виртуализация қызметтерін ұсыну үшін ақпараттық жүйе енгізілді. «1С Кәсіпорын» корпоративтік ақпараттық жүйесінің құрамдас бөліктері арасындағы өзара әрекеттесуді басқаруды автоматтандыру бойынша эксперимент кезінде хореография принциптерінде виртуалды инфрақұрылымдық қызметтерді автоматтандырылған құрастыру әдісінің тиімділігі көрсетілген.
Автоматтандырылған өндірістің ұсынылатын технологиясының практикалық қолданысы мен тиімділігі «Жақсылық» ЖШС-де ақпараттық- инфраструктуралық виртуализация қызметтерін және «Әділет» өндірістік кооперативін ұсыну бойынша әзірленген ақпараттық жүйені енгізу нәтижелерімен расталады.
Достарыңызбен бөлісу: |