бөлім: Құрылғы конфигурациясын таңдау
Бұл бөлімде клиент құрылғы конфигурациясын таңдайды (3.19 сурет)
CPU (процессор) – қанша ядро, қандай жиілікте
Жедел жады – қанша Гб
Сурет 3.19 - Бағдарлама таңдау терезесі
Интернет/желі трафигі – қанша Гб/айына
Диск – қанша Гб орын керек
Бірақ таңдамас бұрын веб-бағдарлама клиенттің таңдаған бағдарламалары бойынша өзі кеңес ретінде шамалап конфигурацияны толтырып қояды. Содан соң клиент керек жерін өзі дәлелдеп, түзеп алады
бөлім: Жалға алу бағасы
Бұл бөлімде веб-бағдарлама жоғарыда таңдалған тізім бойынша жалға алу бағасын көрсетіп беруі тиіс (сурет 3.20).
Сурет 3.20 - Жалға алу бағасын көрсететін терезесі Санақта қолданылатындар:
Таңдалған бағдарламалардың бағалары. Әрқайсысының бөлек бағасы бар, клиент таңдағанда жалпы сомаға қосылатын.
Мысалы, клиент 1С, МС Офис және бізге тегін түскен архиватор таңдаса, біз осы үшеуіне де баға қойып жалпы сомаға қосамыз.
Қысқаша айтқанда: 1С+МС Офис < 1С+МС Офис+Архиватор
Конфигурацияның әрбір пункты бағаланып, жалпы сомаға қосылады. Мұнда CPU ядросы бір бөлек, жиілігі бір бөлек саналады. Және де жедел жады секілді басқа да пунктер әрбір Мб үшін болек саналып, жалпы сомаға қосылады
Достарыңызбен бөлісу: |