Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология



бет29/39
Дата10.12.2023
өлшемі219,8 Kb.
#136567
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа Косыбаева М.М.

Yılkı yazın atlanur, Otlap anın etlenür. Begler semüz atlanur, Sewnüp ögür ısrıšur.
«Жылқы жазда ат болар, Оттап сонсоң ет алар.
Бектер семіз ат мінер,
Сүйініп үйір тістесер» деп, ешбір өзгеріссіз қазіргі тұлғасында қолданылған [10, T.1, 335 б.]. Дегенмен аталмыш лексеманың мағынасы төрт түліктің барлығына берілетін жалпы атау екенін де байқауға болады. Мəселен сөздікте кездесетін «тұяқты мал» tuyaglıg yılkı ал «тоқал (мүйізі жоқ) мал» tok yılkı деп көрсетілген [10, T.3, 242 б; I, 390 б.] «Құдатғу білікте» адамға бағытталып айтылған ауыспалы мағынасын bilgisiz kišiler tükel yılkı «надан адамдар мал сияқты» нұсқасында кездестіруге болады [221, 67 б.]. Yılkı лексемасының семантикасы орта түркі тілінде тым жалпы екенін oglı kızı takı kulı karavašı takı yılkı karası «қызы және ұлы, құлы мен күңі, ірі қара малдары» деген мысалдан да көреміз [222, 968 б.]. Яғни ескерткіш тіліндегі yılkı сөзі тұяқты үй хайуандары үшін қолданылып, уақыт өте келе мағынасы тарылып, қазақ, қырғыз, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, өзбек тілдерінде «желден жүйрік жануардың» атауы ретінде қалыптасқан. А.М. Щербак, Г. Дерфер бұл сөздің ескі мағынасы «табын, үйір» деп қарастырса, А. Вамбери «жинау топтастыру» деп көрсетеді [223, 190 б.]. Ал зерттеуші Н. Махмудов сөздің шығу төркінін желмен байланыстырып, жылқы лексемасы «жылдам қимылдайтын жануар» мағынасын беретінін атап өтеді [219, 54 б.]. Жəдігерде Kiši alası ištin, yılkı alası taštın «Кісі аласы ішінде, мал аласы сыртында» деген мақал берілген [10, T.1, 120 б.].
Сөздікте аттың тағы бір сипаттағы атауы el деп берілген. М. Қашқари «ат түріктердің қанаты болғандықтан атты ел деп те атайды. Атбағарларды (ат бапкерлерін) «ел басы» дейтіні сондықтан. Бұл «уәләят басы» деген сөз болса да, одан «атбағар» деген ұғым аңғарылады» деген түсініктеме береді [10, T.1, 7 б.].
Қазақ тілінде жылқы жасы мен жынысына байланысты құлын (алты айға дейін), жабағы (алты айдан бір жасқа дейін), тай (бір жастан екі жасқа дейін), жыныс ерекшелігіне байланысты еркегін – құнан, дөнен (үш пен төрттің арасында), бесті (бес жасқа толған) деп, ал ұрғашысын құнажын байтал, дөнежін байтал жəне бие деп əртүрлі аталатыны белгілі. Жеке үйірге ие болмаған құнан, дөнендер сәурік деп, үйірі бар жылқы түлігінің аталығы айғыр деп аталады. Зерттеу нысанымыз «Диуани лұғат-ит-түрікте» жылқының төлі жалпытүркілік kulun лексемасы арқылы берілген [10, T.3, 129 б.]. Қазіргі түркімен жəне əзірбайжан тілдерінде: gulun, татар тілінде: kolın, қырғыз жəне өзбек тілдерінде: kulun» түрлерінде қолданылады [224, 1098 б.]. Қазақы дəстүрлі ортада құлынды тұқымына, ерекшелігіне қарай арғымақ құлын, қарабайыр құлын жəне қазақы құлын деп жіктеген. Одан бөлек ерте туған құлын – марқа құлын, кеш туған құлын – кенже құлын, құлындағаннан кейін енесі өліп немесе басқа да себеппен жетім қалған құлын – жетім құлын, қолға ұстатпайтын құлын – қашаған құлын, қолдан сүт ішіп үйренген құлын – еміншек немесе тіленшек құлын, қолға ұсталмаған асау құлын – асау немесе шу асау құлын деп аталады. Құлынның сұлулығына байланысты тілімізде
«құлын мүше», «құлындағы даусы құраққа жетті», «құлын мүшесі бұзылмаған», «қысыр емген құлындай» тұрақты тіркесі қалыптасса, жаңа туған құлынды «құлан мүшелі құлын», «қаз мойын құлын» деп те атайды.
Сөздікте бір жастан асқан екі жасқа əлі толмаған жылқы төлі tay лексемасы арқылы берілген. Тайдың ат болса міністен құтылатыны, ұл ер жетсе атасының демалатыны Tay atatsa at tınur, оγul eredhse ata tınur «Тай ат болса ат тынар, ұл ер жетсе ата тынар» мақалы арқылы көрсетілген [10, T.1,246]. Қазақ тілінде ел арасына іріткі түсті, жік-жік болды деген мағынада «ала тайдай бөлінді», дұрыс жүре алмау мағынасында «бас білмейтін тайдай» тұрақты тіркестері мен «Ат тұяғын тай басар», «Тарта жесең тай қалады, қоя жесең қой қалады» мақал-мəтелдері қолданылады. Одан бөлек екі жасқа толатын тай sıp деп берілген [10, T.1, 377]. М.Қашқари ök лексемасын «ақыл- ес, зерде, пайым» деп аударып, орта жастан асқан хайуанның барлығын ök деп атайтынын ескертіп, төрт жастан асқан атты ök at деп көрсетеді [10, T.1, 77 б.].
Жылқы түлігінің аталығы, үйірдің құтпаны айғыр ескерткіш тілінде adhır түрінде кездеседі [10, T.1, 125 б.]. М. Қашқари Sewünmegil yund ögür adhgır anın, Altun kümüš bulnaban agı tawar «Сүйінбегін үйір жылқы, айғыр атанға, Алтын-күміс, жібек, тауар алғанға» деп көрсетеді [10, T.2, 215 б.]. Аталмыш лексема көне түркі ескерткіштер тілінде де kül tigin bayırkunuŋ aq adgırıg binip oplayu tagdı «Күлтегін Байырқудың ақ айғырын опыра шапты» түрінде кездеседі [182, 188 б.]. «Қорқыт ата» дастанында қазіргі қазақ тіліндегідей aygır түрінде көрініс тапқан [224, 1099 б.]. Дəстүрлі қазақы ортада айғырлардың 3-4
жастағы піштірілмегенін, əрі үйірге салынбағанын сәурік айғыр, алты жаста піштірілгенін азбан айғыр, үйірінде бірнеше ұрғашы жылқылар болатын жасамалы айғырды құтпан айғыр (құт айғыр) деп атайды. Ең қадірлі түлікке саналатын жылқының құтпаны айғырға қатысты сан алуан ғұрыптар мен ырымдар дəстүрлі наным-сенімдегі өркендеу идеясына негізделеді. Қазақтың тіршілік циклына қатысты ғұрыптарда айғыр жиі араласқан. Мəселен босанатын əйел «марту» басып қиналса толғағын жеңілдету үшін көрші ауылдың айғырын əкеліп көрсеткен, толғатып жатқан жатқан əйелдің көкірегіне айғырдың тұмсығын тигізетін болған. Көптеген түркі халықтарындағыдай қазақтарда да шаңырақтың, əулеттің құты үйірдегі айғырдың жалында байланып жүреді деп сенген. Соған байланысты, қазақта айғырдың жалына қол тигізу шаңырақтың құт берекесін қашырады деп ырым еткен. Айғырдың жалын күзесе күші қайтады деп оған қол тигізіп, қырықпайды. Желі тартып алғаш бие байлағанда үйірдің бастаушысы айғырдың сауырына май жағылады, қымызмұрындық ғұрпында айғырдың маңдайына қымыз тамызған [225, 84 б.].
Құлындаған ұрғашы жылқы бие ескерткіш тілінде bi нұсқасында берілген [10, T.3, 284 б.]. Э.В.Севортян аталған сөз жайлы «бийе является производной основой от би десе, Г. Рамстедт жалпы түркілік bi/bie қатарына сино-корейлік biren «тигрица», bimsu, bimšu «куропатка» лексемаларын жатқызады [226, 133 б.]. Бие жасына қарай құнажын бие, дөнежін бие, бесті бие, кәрі бие, лақса бие, жасаған бие, сары қарын бие деп, айғырдан шығуына қарай буаз бие (құрсағында төлі бар), қысыр бие, ту бие (құлын тастаған немесе құлыны өліп қадған), тұмса бие (бірінші рет құлындаған бие), қулық бие (бірінші рет құлындаған бие), кіші қулық бие (тайында айғырдан шығып, құнажынында құлындаған бие), сақа бие (көп құлындаған бие) деп, күйіне қарай бас мама бие (ұрпағы көп өрбіген кексе бие), мама бие (сүті мол, қонды бие), ақтандыр бие (сүтсіз), көбең бие (қыстан арықтап шыққан яки, көп мініліп титықтағанда жайылымға жіберілген, бойына ет бітіп, қондана бастаған бие), исіншек бие (сауар алдында құлынына жақындап, тез исініп құлынын емізіп жібереді немесе сүті ағып кетеді), мәнерсіз бие (сүті аз бие), нәкүс бие (сүті аз, шабан), саба бие (көп құлындаған қарны үлкен), қасаба бие (жеті-сегіз жастағы бие), тебеген бие (маңына жан жолатпайтын), асау бие (сауылып үйретілмеген бие) деп т.б. аталады. Төрт жастағы не одан жоғары жастағы құлын тастаған биені сойтал бие деп атайды. Қазақ үшін ұрғашы малдың төл тастауы əжептеуір шығын болып табылады. Тіліміздегі адамның іске қырсыздығына байланысты кейігенде айтылатын сойталдай деген теңеудің қолданылуы осы жайтқа байланысты қалыптасқан [225, 84 б.]. Одан бөлек дəстүрлі ортада жаңа түскен келіннің беті ашылғаннан кейін енесі келіннің маңдайыннан сүйіп, жақсы тілек тілеп, сол жерде отырған жұрттың бəріне жеткізе «биелерің қысырамасын» деп тарататын кəде «бие қысырамас» деп аталған. Тілімізде жылқы төлінің жасы мен жынысына байланысты «Құлын жатырына, бала нағашысына тартады»,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет