Диссертацияның өзектілігі



бет7/9
Дата28.06.2023
өлшемі0,7 Mb.
#103682
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1.8 Электрондық кітапхана
Ақпарат кеңістігінде кітапхана каталогтары қорды пайдаланудың ізденісі мен ақпарат көздерімен қамтамасыз етуші негізгі құрал болып саналады. XIX ғасырда қалыптасқан дәстүрлі каталогтар жүйесінің негізгі типтері белгілі бір тәртіппен ұйымдастырылған құжаттардың қысқаша сипаттамасы мен оның сөредегі сақталу орнынан тұрады.
Жалпы автоматтандыру жұмысының негізгі мақсаты - кітапханаға келген оқырман талабын, сұранысын сапалы қанағаттандыру барысында сервистік қызмет көрсету дәрежесін көтеру.
Ұшан теңіз ақпарат пен білім көздерін бір арнаға тоғыстырып талдауда, іздеуде, табуда алдымен көмекке келетін автоматтандырылған ақпарат көзі. Электронды каталог – кітапхана ісін автоматтандыру жұмысының алғашқы баспалдағы болып табылады. Электронды каталог дегеніміз - кітапхана оқырмандарына нақты уақыт аралығында жұмыс істейтін әрі машина арқылы оқылатын кітапхана каталогы.
Электронды кітапхана дайындауда келесі мақсаттар көзделеді:
- ЖОО-да мамандар дайындау профилі бойынша электронды құжаттардың топтамасының қалыптасуы;
- оқу процесін электронды тасымалдаушылардағы оқу материалдарымен қамту;
- жойылған режимде кітапхананың ақпараттық ресурстарына еркін қол жеткізу;
- қолданушыларды кітапхана ресурстарының қазіргі кезгі қолдану әдістемелеріне үйрету.
Электронды кітапхананың құрылымына міндетті және қосымша элементтер кіреді.
Міндетті элементтерге мыналар жатады:
- электрондық ресурстар (электронды ақпараттың түрлері);
- персоналды компьютерлер;
- мәліметтерді жіберу ортасы (Интернет);
- кәсіби кітапханашы.
Қолданушыларға қызмет көрсетуді жақсартатын қосымша элементтер:
- локальды есептегіш желі (ЛЕЖ);
- телекоммуникациялық серверлер;
- жеке электрондық ресурстар;
- файлдық серверлер, веб-серверлер.

Электрондық кітапханаларды құру


Кітапхана үрдістерін автоматтандыру деңгейі автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйелерді (АИБС) енгізуді көздейді және компьютер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді игеру процесіне кітапханашының белсенді қосылуын талап етеді. Кітапхана жұмысына АИБС енгізудің басты нәтижесі жоғары деңгейде ақпаратқа зияткерлік қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады, соның ішінде осындай ақпараттық өнімдерді жасау арқылы:
- электронды каталогтар;
- электронды картотекалар;
- әдебиеттің библиографиялық көрсеткіштері;
- жаңа түсімдер мен т. б. тізімдері .
Бүгінгі таңда көптеген мектеп кітапханалары "Марк SQL - мектеп кітапханасы", "1С: мектеп кітапханасы" сияқты АИБС-ты кітапхана үдерістерін автоматтандыру, библиографиялық деректер базасын құру және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді жетілдіру үшін енгізеді.
Электрондық кітапхананың артықшылықтары​:

  • көлемінің аздығы (электронды, оптикалық және т.б. тасымалдаушыда ондаған және жүз мыңдаған кітапты сақтау мүмкіндігі);​

  • толықмәтінді іздестіру мүмкіндігі (кітап мәтіні оқылған немесе басылған ғана болса);​

  • гарнитура мен қаріп кеглін тез әрі оңай ауыстыра алу мүмкіндігі;​

  • кітап мәтінін тыңдай алу мүмкіндігі (ағылш. text-to-speech, аудиокітап);​

  • жарықтың жеткіліксіз деңгейінде кітапты оқи алу мүмкіндігі (көмескі жарығы бар құрылғыларда);​

  • таралымның арзандығы (көп жағдайда компьютер желісімен таратылған ақпараттың көлемі немесе физикалық тасымалдауыш, мысалға компакт-дискі бағасы есептеледі).​

  • қағаз бетіндегі кітаптармен салыстырғанда шығару уақыты азырақ (салыстыру үшін:электронды кітап үшін - апта, қағаздағыға - жарты жыл)​

экологиялық тазалығы әрі үнемділігі — ағаш жұмсалмайды.
Кемшіліктері​:

  • материалдық және безендіру элементтерінің эстетикалық құрамдас бөлік ретінде жоқтығы;​

  • жаңа аппараттық немесе бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарымен ықтималды сәйкессіздігі (осыны алдын-алу үшін қарапайым немесе стандартталған ашық форматтары қолданылады);​

  • кейбір құрылғылардың дисплейлері көзді тез шаршатады;​

  • бүгінгі күнге шаққанда көпшілік құрылғы дисплейлерінің рұқсаттығындағы «кескін сапасы» қағаз жүзіндегі баламамен салыстырғанда әлдеқайда нашар;​

  • тасымалдауыш құрылғының жұмыс уақыты батареясының көлеміне байланысты шектеулілігі;​

  • суретті қағаз басылымдарын электронды нұсқаға өткізу көптеген ыңғайсыздықтарды тудырады (мысалға, өнер тарихы, фотоальбомдар, карталар жинағы және т.б. сол сындыс шығармалар).

Әлемдегі топ-10 электрондық кітапхана:
1. Максим Мошковтың кітапханасы (www.lib.ru) – орыстілді электронды кітапханалардың ішіндегі танымалы. Бұл кітапхана 1994 жылы ашылған. Авторлар мен оқырмандар кітапхананы күнделікті толықтырып отырады. Сервис ақша талап етпейді, барлығын тегін оқи аласыз. Бір кемшілігі – кітаптарды жүктей алмайсыз. 
2. «Альдебаран» кітапханасы (aldebaran.ru) кітапты ыңғайлы әр түрлі электронды форматта (epub, fb2, rtf, mobi, pdf) тегін жүктеуді ұсынады. 
3. Бүкіл Толстой ((www.readingtolstoy.ru) бір кітапхана ішінде. Әлемнің 49 елінің өкілдері Толстойдың 90 томдығының электронды нұсқасын жасап шықты. Барлық шығармаларды кез келген ыңғайлы форматта тегін жүктеп алуға болады. Орыс классигінің 700-ге тарта шығармасы топтастырылған.
4. Энтузиаст Сергей Рублёв Фёдор Михайлович Достоевский ((www.fedordostoevsky.ru) туралы барлық ақпаратты бір жерге жинауды қолға алған. Бұл жерден тек қана кітаптар ғана емес, әр түрлі әдеби жаңалықтарды, сондай-ақ фотомұрағат пен мұражайлардың тізімін көруге болады. 
5. TarraNova кітапханасы (tarranova.lib.ru/about.htm) – өзін электронды кітапхана емес, мұрағат деп атауды өтінеді. Сайт басшылығының айтуынша, барлық мәтін авторлардың келісімі бойынша салынған. 
6. Libereya.com (www.libereya.com) – «Либерейя» онлайн-кітапханасын тіркелгеннен кейін ғана тегін қолдануға болады. Қолданушыларға көптеген міндеттер жүктеледі, алайда кітаптар тізімі өте жақсы.
7. Артефакт (artefact.lib.ru/library) – кітапханасында 8 мыңға жуық мәтін бар. Бұл кітапхананың бір артықшылығы – кітаптар тек орыс тілінде емес, әлемнің 32 тіліндегі кітаптарды таба аласыз. Барлық файлдар тек doc форматында ғана.
8. ThankYou.ru (thankyou.ru/lib) – тегін музыка және әдебиет порталы. Электронды кітаптарды fb2 форматында оқи аласыз. Сонымен бірге бұнда жазуды жаңадан бастаушы авторлар өз кітаптарын тегін жариялауына болады. 
9. Bookland.com (www.bookland.com/rus) – электронды кітаптар дүкені шығармалардың тегін коллекциясын 18 тілде ыңғайлы форматта оқуға мүмкіндік береді.
10. «Қазақстанның ашық кітапханасы» (kitap.kz) – ұлттық әдебиетіміз мен отандық ғылымның, өнеріміз бен сан-саладағы шығармашылық өкілдеріміздің жәдігерлерін заңды негізде бір жерге жинақтап, насихаттауды мақсат ететін онлайн жоба.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет