Дістемелік кешені



бет65/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   114
Дәрістің тақырыбы: Терісі бағалы аң, балық және ара гигиенасы
Дәрістің мақсаты: Терісі бағалы аң, балық және ара шаруашылығындағы ерекшеліктермен танысу.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қояндарды күтіп-бағу гигиенасы
2. Терісі бағалы аңдарды ұстау ерекшеліктері
3. Балық өсіру гигиенасы
4.Ара ұстау гигиенасы


1. Қояндарды күтіп-бағу гигиенасы
Қояндарды бағу жүйесі жергілікті климатына тікелей бацйланысты, себебі бұл жағдай қояндардың денсаулығына, өсімталдығына, ет және тері өніміне әсерін тигізеді. Қазіргі кезде қояндрды бағудың үш жүйесін қолданады: сыртқы торлық, шедтік және микроклиматты қолдан жасалатын жабық қоралар.
Сыртқы торлық жүйе. Бұл жүйеде қояндарды жыл бойы жылжымалы немесе тұрақты торларда ашық аспан астында күтіп бағады. Қояндарды күтіп – бағу үшін жеке және топтық әр түрлі конструкциялы торлар қолданылады.
Шедтік жүйе – бұл екі қатармен орналасқан бір немесе екі қабаттан тұратын, жалпы ұұзындығы ересек жануарлар үшін 50-65 м, жас төлдер үшін 58-85 м болатын торлы блоктар жиынтығы.
Енесінен айырған көжектерді алғашқы күндері енесімен бірге тұрағандағы азықты береді. Жаңа азықтарға бірте бірте үйретеді.
2. Терісі бағалы аңдарды ұстау ерекшеліктері
Аңдарды бағудың үш әдісі бар: торлы, жартылай еркін және еркін.
Торлы әдіс ең тиімді әдіс болып саналады. Бұл жағдайда жануарлар және олардың төлдері торда өсіріледі. Күтіп-бағудың бұл әдісінде сапалы өнім және мол төл алуға болады.
Аңдарды еркін күтіп бағу кезінде олар табиғи жағдайда болады, бірақ белгіленген аймақтан шыға алмайды. Шаруашылық территориясы толық қоршалады. Түлкі, бұлғын, құндыз ұстайтын шаруашылықтарда қоршау биіктігі 2 м, ал күзендер үшін 1,5 м болады. Табиғи азықтар жеткіліксіз жағдйда, қолдан азықтандырып тұрады. Бірақ мұндай жағдай мал дәрігерлік бақылау мүмкіндігі болмайды. Сондықтан аңдардың өнімділігі мен сапасы төмен болады.
Жартылай еркін күтіп-бағу жүйесі – бұл аралас әдіс, яғни торлы жәнерекін күтіп-бағу жүйелерінен тұрады.аңдардың негізгі басын торда ұстайды, ал төлдерін керекті мезгілге дейін табиғи жағдайда ұстайды.
Аңдарды жабық қораларды ұстау ірі фермаларда жыл бойы тері өңдеуге мүмкіндік береді. Аталық түлкі мен бұлғындарға арналған тор жеке екі бөлімнен тұрады – үйшік және серуен алаңы. Үйшіктің қабырғасында серуендеу алаңында азық өткізетін есікше және аңдар өтетін есік орнатылып, сөре, науа қойылады.
Ол аңдарды азықтандыру үшін етті, балықты, сүт өнімдерін, витамин концетраттарын қолданады. Түлкі, поляр түлкісі және жанат рационында 50 пайызға дейін жарманың орнына пісірілген картоп енгізуге болады. Жарманы ботқа түрінде, ұнды азыққа араластырады немесе одан нан пісіріп, оны кептірген күйінде береді. Ет азықтарының 50 пайызын балықпен немесе ірімшікпен алмастыруға болады. Аңдарға бауыр, балық майын, ашытқы, өскен дән беруаса пайдалы. Ауески ауруынан сақтау үшін шошқа етін температуралық өңдеуден өткізеді. Қой етінен энцефалопатия ауруын жұқтырмас үшін күзендер мен бұлғындарға пісіріп береді. Бұзау және қоян етін пастереллез бен сальмонеллезден сақтану есебінде пісірілген түрінде ғана береді. Ересек аңдарды тәулігіне тек 1 рет, ал асыл тұқымды және буаз ұрғашы аңдарды 2 рет азықтандырады. Аранйы автоматты суару немесе қарапайым суару тәсілімен суарады. Қыста аңдарға мұз немесе қар тордың сыртында береді.
3. Балық өсіру гигиенасы
Тауарлы балықты өсіру арнайы тоған шаруашылықтарында, өзенді тауарлы шаруашылықтарында, су қоймаларында, шағын су сәуеттерінде және бассейндерде жүргізіледі.
Тоғандық балық шаруашылықтары толық жіне толық емес жүйелі болуы мүмкін. Толық жүйелі шаруашылықта балықты уылдырықтан тауарлық кондицияға дейін өсіреді. Бұған сонымен қатар, асыл тұқымды шаруашылық тар да жатады. Ал, толық емес жүйелі шаруашылытарға барлық питомниктер мен семірту шаруашылықтары жатады. Балық тәлімбақтарында жас балық өсіріледі, ал олар жетілген соң басқа арнайы су қоймаларын балықтандыру үшін семіртуге арналған шаруашылықтарға жіберіледі. Балық шаруашылық тоғандарының бірнеше түрі болады.Барлық шаруашылықтарына арналған жалпы ветеринариялық-санитариялық шаралар кешені төмендегідей:
Тоғандарда оптимальды гидрохимиялық режим құру;
Балықтың инфекциялық және инвазиялық ауруларының қоздырушысының тоғанағ түсуін болдырмау;
Гидрожабдықтарды, аулау құраладрын, ыдыстарды және тоғанды профилактикалық дезинфекциялау;
Балықтың уылдырық шашуын, өсуін, денсаулық жағдайын және олардың қоректенуін бақылау;
Сырттан әкелінген балықтар мен гидробионттарды профилактикалық карантиндеу;
Ауру және ауруға күдікті балықтарды уақтылы анықтау және жою.
4.Ара ұстау гигиенасы
Омарта балды алқаптардың маңында орналастырылады. Әр бір ара ұясына 30-40 м² жер ауданы келетіндей етіп алады. Омарта орналастырылатын жер шағын, су қоймасына жақын маңда, ық жерге орналастырылуы керек. Ұялар – омарта жабдығы және ара өсіру құрылыстары шаруашылықтарының негізгі өндіріс құралдары болып табылады. Олардың міндеті – ара семьялараының өсіп, дамуы және өнімділігін арттыру, ара өсірушінің еңбек өнімділігін жеңілдету үшін қолайлы жағдай туғызу, ара бал ұяшығының биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру. Қазақстанда омартаның негізгі үш типі қолданылады: көп тұрқалы, екі тұрқалы, және жатын омарта.
Көп тұрқылы омарта: ол 4 тұрқыдан тұрады, 10 бал кәсегі сыяды, түбі алмалы салмалы, қабырғасының қалыңдығы 35 мм. Төбесі тегіс, кәсегі үнемі бөлініп тұрады.
Екі тұрқылы омарта: ол 2 тұрқыдан тұрады, әр қайсысы тұрақты бөлгіштермен жабдықталған. Қабырғасы 40 мм, түбі темір тормен жабдықталған. 12 ббал кәсегі сыяды.
Жатын омарта: Ол 26-30 ара бал ұясының кәсектері сыятын, созылыңқы тұрқы. Түбі бүтін, төбесі тегіс. Қабырғаларының қалыңдығы – алдыңғы жағы 30 мм, ал артқы жағы 40 мм.
Ара ұяларында үнемі тұрақты температура сақталуы тиіс, яғни 34-35º С. Ара ұясындағы ең оптимальды салыстырмалы ылғалдылық 65-70 пайыз арасында. Ұядағы көмірқышқыл газы 0,3 пайыз болғанда оны 6-7 ара желдетеді. Ал, бұл газдың концентрациясы 0,8 пайызға жеткенде желдеткіш аралардың саны 20 –ға дейін өседі.
Ара семьяларының зиянкестеріне жататындар: балауыз күйесі, соналар, құмырсқалар, тышқандар, көк торғайлар, және т.б. зиянкестерден сақтау мақсатында кәрездерді күкірт газымен өңдейді, ол үшін рамкалары бар шкафты 1 м3 көлеміне 50 г жаңғыш күкірті жұмсалады. 10-20 күн арасында үш дүркін түтіндетеді.
Тышқандардан сақтану үшін барлық ұяларды нығыздап бітейді. Тышқандар ара семьясына елеулі зиян келтіреді, аралар тышқанның иісіне төзімсіз және тышқандар зақымдаған кәрездерді қайта құрмайды. Ал, құмырсқаларадан қорғану үшін ұялар тұратын қазықтар мен тіреулерді минералдық маймен жағып қою керек.
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Ветеринария» факультеті


«Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет