Б. Бурамбаева терісі бағалы аңдарды



жүктеу 6.11 Mb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата25.12.2016
өлшемі6.11 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

А. А. Теміржанова,  Н.  Б.  Бурамбаева

ТЕРІСІ БАҒАЛЫ АҢДАРДЫ 

ӨСІРУ

г а е н

Б АСПАСЬ


Павлодар

Казахстан Республикасы 

Білім 


жэне ғылым  министрлігі 

С.  Торайғьфов атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Теміржанова А. А.,  Бурамбаева Н.  Б.

ТЕРІСІ БАҒАЛЫ АҢДАРДЫ 

ӨСІРУ

Оқу құралы

Павлодар

Кереку

2015


і

ӘОЖ 636 93 (075.8)

КБЖ 47.1 я73

ТЗЗ

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің



оку-әдістемелік кеңесімен баспаға ұсынылды

П ікірсарапш ы лар:

Б. Ж.  Кажибаев -  ауыл  шаруашылығы ғылымдарының докторы, 

профессор,  Шакәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті;

К.  К.  Нуржанова  —

  ауыл  шаруашылыгы  гылымдарының 

кандидаты,  доцент, 

Шакәрім  атындағы 

Семей 

мемлекеттік



университеті;

Р.  Б.  Абельдинов  -   ауыл  шаруашылығы  гылымдарының 

кандидаты, 

С. 


Торайгыров 

атындағы 

Павлодар 

мемлекеттік 

университетінің доценті.

Теміржанова А, Ам Бурамбаева  Н. Б.

ТЗЗ  Терісі бағалы аңдарды өсіру  : оқу құралы  / А.  А. Теміржанова,

Н. Б. Бурамбаева. — Павлодар  : Кереку, 2015. -  94 б.

«Терісі  бағалы  аңдарды  өсіру»  оқу  құралы  жогары  оқу

орындарының  «Мал  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру  технологиясы" 

мамандыгында  оқитын  студенттерге  арналган.  Оқулықты  терісі 

багалы  аңдарды  жаңа  технологиялар  негізінде  өсіру,  азыктандыру,

асылдандыру  жұмыстары,  механикаландьфу  мәселелері,  олардың

дұрыс  сою  және  терісі  бағалы  аңдарды  өсіру  ерекшеліктері 

қарастырылган.

С.Торайгы ров 

Г   атындағы  ГШУ-дің  ф ж  636 93 (075.8) 



академик  С.Бөйсембэ  ҚБЖ47.1я73 

[I 


атындағы  ғылыми 

§



I

И 

Бурамбаева  Н.  Б., 2015



Торайгыров атындагы  ПМУ, 2015

Материалдың дұрыс болуына, грамматикалык жэне орфографиялык кателерге

авторлар мен кұрастырушылар жауапты



Кіріспе

Терісі  бағалы  аң  шаруашылығы  -   күзен,  түлкі,  қара  түлкі, 

бұлғын және құндыз терілерінің негізгі көзі болып табылады.

1931  жылы аңдарды өсірумен жалпы табын саны 6,5 мың бас аңы 

бар 20 -  шаруашылық айналысты.  Ол кезде андарды жер немесе ағаш 

еденді  торкөздерде  ұстады,  ақдарды  өсіру  және  азықтандыру 

принциптерін  әзірледі,  бір  аналықтан  екі  күшіктен  өсірді.  Соғыстан 

кейінп жылдары аң шаруашылығы қарқынды түрде дамыды,  аңдарды 

күту,  өсіру  және  азықтандыру  жүйесі  жетілдірілді.  Аңцардың  астына 

еден  төселіп,  жерден  сәл  көтерілген  торда  көлемі  бойынша  шағын 

қораларда  ұстау  сияқты  жаңа  жүйесі  аңцарды  ұстауға  бөлінетін 

ауданды  үнемдеп  қана  емес,  сонымен  бірге  аң  өсірушілердің  жұмыс 

жағдайын  жақсартуға,  механикаландыруды  енгізуге,  авдардың  басьш

сауықтьфуға мүмкіндік берді.

Неғұрлым 

арзан 


жемдердің 

жаңа 


түрлері 

іздестірілді, 

азықтандыру  нормасы 

әзірленді,  аңдарды  өсіру  тәсілдері  және 

олармен  асылдандьфу  жұмыстары  жетілдірілді.  Осылардың  бәрі 

елтірінің  сапасын  жақсартуға,  оның  өзіндік  құның  төмендетуге, 

ассортимент™  көбейтуге,  бірінші  кезекте  күзен  және  құндыздардың 

түрлі түстерін өсіруге мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта елдің аң өсіру шаруашылықтарының күзен, түлкі, 

қара тулік, күзендердің  түрлі -  түсті түрлері өсіріледі.

Қазіргі  кезде  елімізде  бірқатар  шаруашылықтарда  бұлгын

өсіретін  фермалар  бар.  Аң  өсіру  шаруашылықтарынан  алынатын 

елтірілердің  шамамен  80  %  күзен  елтірілерінің үлесіне тиесілі,  оның 

ішінде түрлі — түсті күзен елтірісі  шамамен 40 %, көк түсті  қара түлкі 

8—10 %,  күміс түсті  қара түлкі — шамамен  5  %,  құндыз  шамамен  2  %. 

Торда өсірілетін терісі  бағалы  аңдардың ассортиментін  кеңейту үшін,

түстері  жаңа  аңдарды  жасау  бойынша  жұмыстар  жүргізіледі,  аң

шаруашылығының 

жаңа 

нысандарын 



өсіру 

зерттеледі 

олар:

камчатканың қызыл түлкісі, ақ түлкі, қара түлкі.



Торда  өсірілетін  терісі  багалы  аңдарды  өсіруді  кеңейту 

мақсатында  жұмыстар  істелінуде.  Аң  шаруашылығын  дамытып 

өсіруде  жаңа  обьектілерін  жетілдірілді,  көптеген  аңдардың  жаңа

түстерін  шығарылды: 

қьпыл  камчаткалық  түлкі,  ақ  түлкі,  өзен 

камшаты, жанат тәрізді итгер.

Қалыпты  түсті  күзен,  қара  бұлғын,  күміс  — қара  түлкі,  вуапьды

және  күміс  түсті  қара  түлкі  ауыл  шаруашылығы  жануарларының 

тұқымы ретінде бекітілген.

3


Әлемде терісі бағалы аң шаруашылыгьшда тері өндіруде алғашқы

орындарды  түлкі  мен  ақ  түлкілер  келесі  орындарды  күмт>™  теріёі 

алады.

Аң  шаруашылығы  саласының  одан 



әрі  дамуы 

елімізде


ауылшаруашылығы  бойынша  көптеген  мәселелелер  шешіміге  жетгі,

ол  өндірісті  мамандандьфу  және  шоғырландырумен  тэжірибеге

индустрияландыру  әдістерін  енгізумен,  андарды  өсіру технологиясын 

жетілдірумен байланысты.

Оқу  кұралындағы терісі бағалы әртүрлі андарды  өсіру,  күту және 

азықтандыру 

бойынша 

биолгиялық 

негізгі 

мәліметтер 

ауыл 

шаруашьшьіқтарында  жұмысты  дұрыс  -ұйымдастыру,  ян гтярпт.т 



өнімділік және асылтұқымдылық сапапарын үнемі жетілдіру қажет.

4


1  Терісі  бағалы  аңдардың  биологиялық  негізі  жэне  торда 

осірудің негізгі нысандарды

Түлкі  —  иттер  тұқымдасына  жататын,  жыртқыш.  Ересек 

аталықтарының салмағы 5,5-7,5  кг; аналықтары  5-6,5  кг. Түлкілердің 

даму  кезеңі  -   желтоқсан  айының  аяғынан  қаңтар  айының  басы. 

Көбеюдін  алғашқы  кезеңі  9-11  айда басталады.  Орташа өсімталдығы 

5-6 күшік. Түлкінің тіршілік ету ұзақтылығы  10-12 жыл, асылтұқымға

қолдану  мерзімі  4—6  жыл.  Торда  өсіру  жагдайында  күміс  -   қара 

түлкіні өсіреді. Түлкілердің бірнеше мутантты түрлері алынған.

Қара  түлкі  — иттер  тұқымдастына  жатады,  жыртқыш.  Ересек 

аталықтарының  салмағы  6-8  кг,  аналықтары  5-7  кг.  Көбеюдің 

алғашқы кезеңі (акпан айының соңы наурыз басы) 9-11  айлықтарында 

басталады. 

Орташа  өсімталдығы 

10-12  күшік.  Тіршілік  ету 

ұзақтылығы 8-Ю жыл. Асылтұқымға қолдану мерзімі 3-5 жыл.



Күзен 

— 

кэмшат 



тұқымдасына 

жатады, 


жыртқыш. 

Аталықтарының  салмағы  1,8-3,2  кг  дейін,  аналықгарында  1-2  кг 

арасында  ауытқиды.  Салмағы  3,5  кг  артық  андар  да  кездеседі.

Көбеюдін  алғашқы  кезеңі  он  айлық  жасьшда  басталады.  Шағылысу 

наурыз  айында  болады,  сәуір  айының  соңында  мамыр  айының 

басында  күшіктейді.  Өсімталдығы  орташа  есеппен  алты  күшік. 

Тіршілік ету ұзақтылығы  7-8  жыл,  асылтұқымға  қолдану  мерзімі  2-4 

жыл.


Құндыз  -   кеміргіпггер  отрядынан,  өсімдікпен  қоректенетін 

жануар.  Бағалы  теріден  басқа  одан  сапасы  жоғары  тагамдық  ет 

алынады.  Ересек аталықтарының орташа салмағы  5-7  кг,  аналықтары 

4-5  кг.  Салмағы  10  кг  жануарлар  да  кездеседі.  Жыныстық  жетілу 

мерзімі  3—4  айлық  жастарында  басталады.  Шағылысу  жыл  бойы 

жүреді.  Өсімталдығы  орташа  есеппен  5-6  күшік.  Тіршілік  ету

мерзімінің ұзақтылығы  6 — 8 жыл. Асылтұқымға  қолдану мерзімі 2—4 

жыл.


1.1  Терісі бағалы аңдардың биологиялық ерекшеліктері

Терісі  бағалы аңдарға оларды ауыл шаруашылық жануарларынан 

айыратын  бірнеше  ерекшеліктер  тән.  Оларда  адамга  қатысты 

қорғаныс реакциясы  жоғалмаған,  сондықтанда күзен,  түлкі  және  қара 

түлкілердің  азықтануы  олардың  жануарлардан  алынатын  нәруызды 

көп колдануымен сипатталады.

Жыртқыш  авдардың  асқазаны  қарапайым,  шағын  келемді, 

ішектері  қысқа,  сондықтан  тағам  асқазан  -   ішек  жолынан  жылдам 

өтеді. Нэруыз және майға қарағанда аңдар көміртегін қиын қорытады,

5


ал  жасымықты  мүлде  қорыта  алмайды.  Ішектің  жуан  бөлігінде 

микрофлораның  аз  дамуына  байланысты 

аңдар 

В 

тобыньщ 



дәрумендерін  элсіз синтездейді  және  олардың азықпен берілуін  қажет 

етеді. Күзендердің жеген азығының  қорытылмаған  калдықтары  15-20 

сағатган  кейін,  түлкілерде  және  қара  түлкілерде  азықты  жегеннен 

кейін 24-30 сағаттан кейін сыртқа шығады.

Терісі  бағалы  жыртқыш  аңдарда  ауыл  шаруашьшыгының  басқа 

жануарларымен  салыстырғанда  биологиялық  циклдің  кезеңділігі 

байқалады:  көбею  кезеңі  шектеулі,  түкті  жабынының  түлеуі  белгілі 

бір  мерзімде  өтеді,  зат  алмасуында  кезеңдік  өзгерістер  байқалады. 

Аңдарда  зат  алмасу  жаз  айларында  нег^рлым  екпінді,  күзде 

төмендейді,  қыста  неғұрлым  төмен  болады,  ап  көктемде  қайта 

жоғарлайды.  Зат  алмасудың  өзгеруіне  байланысты  андардың  тірі 

салмақтары  өзгереді.  Жазда  ол  неғұрлым  төмен,  қыста  желтоқсан  ■= 

қаңтар айларында неғұрлым жоғары болады.

Құндыздарда  биологиялық  цикл  осылайша  кезеңдік  өзгеріс 

болмайды.  Олар  жыл  бойы  көбейеді,  тулеуі  белгілі  бір  мерзіммен 

шектелмейді.  Олардың  зат  алмасуында  да  осылайша  кезеңдік  күрт 

ауытқу жоқ.

Қыста  ол  жазбен  салыстырғанда  тек  10  % 

ғана  жоғары. 

Жануарлардың тірі салмағында да кезеңдік өзгерістер байқалмайды.

Кезендік  өзгерістер  көбінесе  күндің  жарық  болу  ұзақтылығымен 

реттеледі -  ол  сыртқы  тұрақты тітіркендіргіш болып  енеді.  Тағамның 

кұрамы  және  мөлшері,  температура  сияқты  сыртқы  орта  жағдайлары 

өміршеңділік процестердің өтуіне эсер етеді, бірақ олар тңэақты емес.

1.2 Терісі багалы аңдардың көбейуі

Түлкі,  қара  тулкі  және  қара  күзеннің  шағылысуы  қыстың 

соңында  — көктемнің  басында  болады.  Ересек  андардың  жыныстық 

мүшелері  шағылысуға  дейін  кезеңдерде  көлемі  бойынша  кішірейеді 

және  жыныстық  мүшесі  дамыған  жануарлар  сияқты  болады, 

жыныстық  жасушалары  қалыптаспайды.  Жаздың  соңында  күннің

қысқаруына  байланысты, 

жыныстық  мүшелері 

баяулап  дами 

бастайды.

Аңдардың  4-5  айлық  жасында  олардың  жыныстық  мүшелері 

әлсіз  дамыған  болады,  алайда  қанның  құрамында  жыныстық 

гормондардың  жоғары  екендігі  байқалады, бұл  олардың ол  кезеңінде 

белсенділігін  көрсетеді.  Көбею  мүшелерінің  өсуі,  сперматогенездің 

дамуы  және  жыныстық  жасушаның  жетілуі  көбею  кезеңінің 

басталуымен  байланысты.  Жыртқыш  терісі  бағалы  аңдарда  көбею 

кезеңі алғаш рет  9-11  айлық жастарында басталады.  Көбею кезеңінің

6


алдында  жыныстық  мүшелері  көлемі  жағынан  үлғаяды,  аналық 

безінде,  жыныстық  жасушасы  жетіледі.  Күйлеу  кезеңінде  фолликуль 

үзілсді  және  жыныстық  жасушасы  фолликуль  сүйықтығымсн  үрық 

жолына  түседі.  Бұл  процесс  овуляция  деп  аталды.  Қара  күзен  және 

құндыздарда овуляция, шағылысумен қозады. Түлкі және қара түлкіде 

овуляция кездейсоқ болады, шағылысуға қарамайды.

Жыныстық  ішкі  мүшелерінің  өзгеруі  жьшыстық  мүшелерінің 

және аңцардың мінез қылықтарының өзгеруімен байланысты.

Жыныстык  белсенділік  кезеңі  (күйлеу)  түлкілерді  7-11  күнге, 

қара  түлкілерде  11—15  күнге  созылады.  Аналық  — аталық  аңдарды 

шагылысуға  жақындасу  кезеңі  (жыныстық  аулау)  қара  түлкі  жэне

түлкілерде  бір,  түлкілерде  2-3  күнге,  қара  түлкілерде  3-5  күнге 

жалгасады.

Күзеннің аталықгарында көбею кезівде жыныстык аулауға шығу

болады,  ол  орташа  есеппен  7-10  күннен  кейін  қайталанады.  Бұл 

күзендердің көбею ерекшелігі.

Түлкі  және  қара  түлкілердщ  буаздық  мерзімі  50-52  күн, 

күзендерде  37-80  күн.  Үрықтьщ  екпінді  өсу  кезеңі  күзендерде  26-28 

күн.  Күзендердің  буаздық  мерзімі  латентті  кезең  есебінен  ұзарады,

брі кезде  ұрықтың дамуы  баяу жүреді,  мұның  өзі  күзендердің көбею

ерекшелігі  болып табылады.  Құндыздар жыл  бойы шағылысады және 

күшіктейді.  Аналықгарының  жыныстық  аулауы  25-30  күн  сайын 

қайталанады,  ересек аналықтарында  күшіктегеннен  кейін  1—2  ші  күні 

басталады. Буаздық кезеңдері  126-137 күнге созылады.

1 3  Төлдіц өсуі және дамуы

Жыртқыш  терісі  багалы  аңцардың  күшіктері  әлсіз  болып  туады

Олар  соқыр,  есту  жолдары  жабық,  түгі  туссіз,  түкті  жабыны  өте 

кысқа және сирек болып туады, бірақ олар тез дамиды.

Кузеннің  күішктері  туғаннан  кейін  20  күнде  салмагын  10  есе 

ұлгайтады;  2  айлығында  олардың  салмағы  ересек  аңдардың 

салмагынын  40  %  тең,  ал  4  айлыгында  80  %  тең  болады.  Түлкі  және

қара түлкшің күшисгері  аздап баяу өседі.  Ақцар  9-10 айлық жасында 

көбеюге қабілетгі болады.

Қүндыздардың  күшіктері  жақсы  дамыған  түкті  болып  туады 

жүзе алады, ал  1-2 күннен кейін жем жей бастайды.

Құндыздар  өте  баяу  өседі,  бірак  жылдам  дамиды.  Жыныстық 

жағынан  олар  3-4  айда,  бірак  бір  жарым  жылга  дейін  өсуді

7


Төлдхң  өсуі  өмірінщ  алгашқы  айларында  қарқынды  болады, 

сондықтан  да  азыктандыру  жағдайы  өсуіне  ыңғайлы  жағдай  жасауы 

керек.

1.4 Торда өсірілетін терісі багалы аңдар



Күзен. 

Аң  өсіру  фермаларында  күзендердін  эртүрлі  түстері 

өсіріледі.  Күзендердің түстерінің әр түрлі  болуы қальшты күзендердің 

түлегендегі  түсін  анықгайтын  (жабайы  күзендерің  түсіне  ұқсас) 

тұқымдық  белгілерінің  (гендерінің)  кездейсоқ  өзгеруі  нэтижесінде 

қалыптасқан.

Тұкымдық  қүрылымының өзгеруі  салдарынан олардың белгілері 

де  өзгереді.  Тек  қүрылымының  өзгеруі  келесі  үрпақтарына  беріледі. 

Тұқьшдықтың осылайша өзгеру түрі мутация деп аталады.

Қазіргі  уақытта  күзендер  генінің  20  жұбы  анықталған,  олар 

онының  түсінің  дамуын  анықтайды.  Егер  бір  жүптың  гені  қүрылымы 

бойынша өзгерсе, онда түсі жаңа күзен -  мутантты түрі пайда болады. 

Түстің  мутациялануы  әлсіз болуы мүмкін,  егер  шағылыстыру кезеңде 

түсті  және  қалыпты  күзен  гибридтерінің  түсі  калыпты  болса  онда 

гибридтердің 

түсі  түсті  күзеннің  түсіндей  болады.  Мутантты 

түрлердін әріптік белгілеу қабылданған.

Бір  жүптың  гендері  бірнеше  түрлі  формалардың  қүрылымын 

өзгерте  алады.  Мұндай  жағдайда  мутацияны  индексін  көрсете  отыра 

бірдей  әріппен  белгілейді.  Мысалға  Рр  1   қалыпты  күзен  күміс  -   көк 

түсі бойынша гетерозиготты.

Қазіргі уақытта күзен  шаруашылығының барлық өнімін  қалыпты 

күзен терілері  кұрайды,  осы  түсті  бастапқы деп  есептейді,  осы 

түстін 

олай деп  есептелінуі  осындай  түсті  күзеннің табиғатга кең таралуына 

байланысты.

Қ алы пты   түсті  күзендер.  Қалыпты  түсті  күзендерді  тұкым 

ішілік екі  түрге  бөледі:  қара жэне  қара — қоңыр  түсті  деп.  Қара түсті 

күзендердің  түсі  неғұрлым  бір  қалыпты  және  үзындығы  бойынша 

қысқа қара немесе қара түске жақын қоңыр немесе қара -  қоңыр түсті 

түбітті жүн жабыны болады. 

,

Қара  -   қоңьф  түсті  күзендердің  жүн  жабыны  қара  түстілермен



салыстырғанда 2—3  мм ұзындау,  сондықтан олардың терілері  жұмсақ,

толық  пішінді  болып  көрінеді.  Қара  түсті  және  қара  — қоңыр  түстен

қылшық жүндері түсі бойынша ауыспалы болады қара -  қоңыр түсТен

С¥Р  -   қоңыр  түске  өзегереді.  Қоңыр  түс  терінің  кұидылыгын 

төмендетеді.

Түрлі  -   түсті  күзендер.  Түрлі  түсті  күзенде  қалыпты  түсті 

анықтайтын  гендерді  өзгерту  нәтижесінде,  сонымен  қатар  түқымдық

8


оелгшері  өзгерплген  екі  немесе  оданда  көп  жұптарды  шагылыстыру 

салдарынан пайда болған.

Мутантты гендердің кеп мөлшерде күзен генотипінде мутациялау 

және  шагылыстыру  кузендердің  180  түрлі  -   түсінің  пайда  болуына 

негіз  болды.  Мутантты  түрлері  анықталғанда  ресми  түрде  солай 

қабылданады.  Шагылыстырылғын  кузен  түрлері  осы  шагылыстыру 

қурамына  енетін  мутация  аталуынан  калыптасады.  Геменде  елдің 

шаруашылықтарында өсірілетін түрлерін  алу  үшін  қолданылған түрлі 

-  түсті күзеңдер берілген.

Көп таралмаған  мутация  күзендері.



Пастель

  (вв).  Ашық  коңыр  түстен  қоныр  туске  дейінгі  түс. 

Көзінің  түсі  кара  -   қоңыр.  Одан  алынатын  орташа  және  қара  түсті 

күлгін  -   көк  түсті  есептелінеді.  Осы  түстін  кемшіліктвріне

жататындар:  сары  -   нызгылт  түс,  ақ  дақты,  қаралау  дақгы  түктер,

қоңыр 


дақтар. 

Кұзендер 

өздерінің 

өсімталдыгымен 

және 

өміршеңділігімен ерекшеленеді.



СОКЛОТ (tt).

  Түсі  бойынша  пастель  күзендерінен  біраз  қаралау, 

бірақ  түбітгәрі  өрескелдеу.  Көздері  қара  -   қоңыр.  Күзендердін

өсімталдығы  жақсы.  Оларды  тері  алу  үшін өсірмейді,  шағылыстырған

түсін алу үшін қолданады.

Шведттпік  паюмино  (tt).

  Акшыл  -   қоңыр  түсті,  кара  -   қоңыр 

көзді кузен.

Финдік ақ (tt).

  Ақшыл сары тусті, ақ түс сиякты.



Сачтүстік  буфф  (tt).

  Финдік  ак  түске  ұқсас,  бірақ  сарғылттау 

күэен.

Американдық  папомино  (kk).

  Түкті  жабынының  түсі  акшыл  —

 

сарғыигтан  кара -  саргыш түсті, көздері кызгылт.  Қажетгі түсі  сарғыш 



түсті  көкшіл  реңді.  Арқасының  түсі  сары  және  тоқ  сары  ренді 

күзендерді брактайды.

Кұзендер 

өсімтал,  өміршеңділіктері  жақсы,  тері  өндіруде 

кеңінен қолданылады.

Орхид (kk) —

 пастель түсті, бірак сұргылт реңді.



Жасыл көзді (гг)

 -  пастель күзенге ұксас, бірақ қызғылт реңді. 



Мойя (mm)

 -  акшыл -  сарғыштан ақшыл -  қоңыр түске дейін. 



Камео (mm)

 -  акшыл -  қоңыр кузен.

Түлкі

Күміс  — кара  түлкі  (NN).  Негізгі  түсі  кара,  түбіті  акшыл  сурдан 



қара  сұрға  дейін.  Аркасының  және  бүйірінің  қылтық  түктерінің  түбі 

қара  жэне  үепңгі  жагында  түссіз  аймақ  — күміс  сакина  орналасқан. 

Мүндай  түктерді  күміс  тусті  деп  атайды.  Тек  үстіңгі  жағы  боялғанда

9


ақ  алтын  түсті  деп  атайды.  Түлкінің  түктерінде 

ақ  алтын 

түстің  көп 

мөлшерде  болуы  қажетті  емес.  Олар  күміс  түске 

Караганда әлсіз 

(түк 


сағағы сынғыш).

Түктің  қара  ұштары  күміс  аймағында  вуальды  (бетпердені) 

қалыптастырады.  Түстін  кемшіліктері  қоңыр реңнің болуы,  вуальдың 

әлсіз  дамуынан  және  күміс  сақинаның  көп  дамуынан  қатты 

түссізденді.

Ақ  тұмсықты  -   ақ  алтын  түсті  түлкі  (WwNN)  -   мутантты  түр. 

Түгінің түсінің әлсіздігінен және тұмсыгында, мойынында, кеудесінде

ақ  дақтардың  пайда  болуымен  сипатталады.  Ақ  алтын  түсті  түлкінің 

түсі  өте  ақшылдан  қара  -  

сүр

  түске  дейін  болуы  мүмкін.  Бүл



түлкілерге ақ алтын түсті түлкілердің болуы,  жоғары бөлігі дакгы,  ал

ортаңғы  және  төменгі  бөліктерінің  түсі  ақ болуы  тән.  Мұндай  түстің 

кемшілігі өте ақшыл, қоңыр реңнің болуы деп есептелінеді.

Күміс -  қара түлкілермен  шағылыстыруда ақ алтын және күміс -  

кара  түсті  күшіктер  туады,  аналықтарының  өсімталдығы  қалыпты. 

Таза  өсіруде  өсімталдық  25 



%

  кемиді.  Ақ  алтын  түстің  гені  қатты 

эсер  етеді және гомозиготалар өледі, ақ алтын және күміс -  қара түсті  „ 

күшіктер туады.  Ақ тұмсықты түлкі -  мутантты түр.

10


Асылдандыру жұмысы -  ақцардың өнімділік сапасын жақсартуға 

бағытталған  шара.  Оған  жануарларды  бағалау  (бонитировкалау), 

өнімділік  және  тұқым  куалаушылық  сапалары  бойынша  жақсыларын 

іріктеу,  оларды  ата  -   аналар  жұбына  сұрыптау  енеді.  Асылдандыру 

жұмысының қажетті бөлігі болып, зоотехниялық есепті жақсы жүргізу 

енеді.


Асылдандыру  жүмысының  жетістікті  болуының міндетті  шарты 

жануарлардың  тұқым  қуалаушылық  сапалары  толығымен  көрінетін, 

жануарларды  күту  және  аз  азықтандырудың  экономикалық  тиімді 

жағдайын жасау.

Мысалға,  андардың  дене  көлемін  ұлгайту  үшін  селекция 

жүргізіп, бірақ оларды дұрыс азықтандыру қамтамасыз етілмесе, онда 

гүқым  қуалаушылық  белгілері  ірі  жануарлар  айқын  болмайды. 

Азықтандьфу  және  күту  жағдайлары  андардың  тұқымдық  сыртқы 

белгілерінің  көрінісін  өзгертеді,  ол  аңдарға  дұрыс  бага  беруді,

олардың  жақсысын  таңдауды  қиындатады  да,  сонымен  бірге 

асылдандьфу жұмысын қиындатады.

Аң  шаруашылығында  асылдандыру жұмысының  міндеті  — түсін, 

мамық түгінің сапасын,  аңдардың өндіргіштілік қабілеттерін, олардың 

дене кәлемдерін ұлгайтады.

Аң 

шаруашылығында 



шаруашылық 

тауарлық 

және 

асылтұқымдық болып бөлінеді.



Тауарлық  шаруашылықтың  негізгі  міндеті  -   экономикалық 

жагынан  аз  шығын  жұмсап,  сапасы  жақсы  аң  терісін  көп  мөлшерде 

өндіру.

Асылдандыру  шаруашылықтарының  негізгі  міндеті  — тауарлық 



фермалардың  өндірушілерімен 

салыстырғанда  сапасы  жоғары 

асылтұқымды  аңдарды  өндіру.  Асылдандыру  шаруашылықтары 

төлдерін  басқа  шаруашылықтарга  сатады,  ал  калганың  терісін  алу

үшінсояды.

Тауарлық  шаруашылықтарда  ақдардың  басын  екі  топқа  бөледі: 

асылтұқымдық  ядро  және  қолданылатын  табын.  Асылтұқымдық 

ядрога  асылтұқымдық  төлді  алу  үшін,  жақсы  жануарларды  іріктеп 

алады.  Қолданылатын  табын  аңдарынан  тек  жақсы  төлдерін  гана 

тавдап қалдырады, ал қалғанын терісін алу үшін сояды.

Асылдандыру 

шаруашылықтарында 

тұқым 

үшін 


басқа 

шаруашылықтарға  табынның  барлық  аңдарының  төлдерін  сатады. 

Өзінің  табынын  жетілдіру  үшін,  аңдарды  селекциялық  топтарга

2 Асылдандыру жүмысының негіздері

11


бөледі;  селекциялық  топты  немесе  асылтүқымдық  ядроны,  әрбір 

бригадада немесе жеке фермаларда құрады.

Асылтұқьімдық ядро (селекциялық топ) жануарларына белгілі бір 

талаптар  қойылады.  Шаруашылыққа  тиімді  белгілерінің  дамуы 

(көлемі,  түгінің  сапасы  және  түсі,  өнімдік  көрсеткіштері)  бойынша 

жақсы  болуы,  осы  сапаларын  өзінің  ұрнақтарына  берік  беруі  қажет. 

Жануарлардың  асылтұқымдық  сапаларын  ұрпақтарында,  олардың 

шаруашылыққа  тиімді  белгілерінің  дамуын  есепке  ала  отыра 

бағалайды.  Асылтүқымдық  ядро  жануарларын  шығу  тегі  және 

үрпағының сапасы бойынша бағалайды.

Асылтұқымды 

шаруашылықтарындағы 

асылдандыру 

жұмысының деңгейі жоғары.

Асылтұқымды 

шаруашылықтары 

мен 

фермаларында



асылдандыру  жұмысының  жоспары  3-5  жылға  қүрылады,  онда 

аңдарды 


күту 

және 


азықгандыру 

сипаты, 


табынньщ 

қалай


жинақтал ғандығы,  оның  қазіргі  жағдайы,  жасалынып  отырған 

селекциядан алынатын аң түрі жазылады.

Жоспарда  берілген  шаруашылыққа  аңдарды  іріктеу  және 

сұрыптау  міндеті  көрсетіледі,  табынның  құрылымы,  брактау  пайызы, 

асылтұқымдық  ядро  көлемі  сонымен  бірге  аңдарды  жеткізу

жоспарланады.



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Гуианигарлық серия серия I'уманитирпых паүк 31 (574. 25) Семей облысы, павлодар уезіне
transactions -> Гшһңр Ц£ңсиі о л ж й з й л й р ы н 0й іы иийлі
transactions -> Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрліп
transactions -> Бижан бижан Ж.Қ. Павлодар, 2015
transactions -> К14 Л. К. Казангапова
transactions -> Оқулық қазақ тілді аудиторияға ағылшын тілін өз бе тінше үйренуге, тілдік курстарға жэне жоғары оқу орындары
transactions -> Казақ тілі терминдерінің салалық гылыми түсіндірме создіктерінің топтамасы Қазақстан
transactions -> Г. Ж. Жапекова архапкалык, мэаенпет
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> С. Меңлібаева, А. Ж. Мұратбек, Қ.Қ. Жолдасова «Проекциялық сызба» бөлімі бойынша семестрлік жұмыстарды орындауға арналған оқу құралы Адматы 2003


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет