Дістемелік кешені


Субботин - Нагорскийдің қарапайым тәсілі



бет72/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   114
Субботин - Нагорскийдің қарапайым тәсілі. Анықтау тәсілі белгілі бір ауа мөлшерін титрленген Ва/ОН/2 ерітіндісімен өлшеу болып табылады. Күйдiргіш барий СО2 тез сіңіреді, бұдан кейін күйдіргіш барий титрі азаяды.


Ва/ОН/2 х 8Н20 + С02 = Ва СО2 + 9Н2О


Ва/ОН/2 ертіндісі титрлерінің айырмасының көрсеткіштері әртүрлі болуына байланысты СО2 сіңіргеннен бұрын және соңынан зерттеу үшін алынған ауадағы көмірқышқылының мөлшерін анықтайды.



1-сурет. Күйдіргіш барий сақтауға арналған бутыль


Анықтау тәртібі:
1. Барий ерітіндісінің бірінші титрін анықтау
Колбаға 20 мл қымыздық қышқылын өлшеп алып, оған 2 тамшы фенолфталеин индикаторын қосып, солғын қызыл түске жеткенше күйдіргіш барий ерітіндісімен титрлейді.
Мысалы: 20 мл қымыздық қышқылына 21 мл барий ерітіндісі кетті делік. Атап айтқанда бұл ерітіндінің 21 мл қымыздық қышқылының 20 мл немесе 20 мг көмірқышқыл газын байланыстырады. Ал 100 мл күйдіргіш барий ерітіндісі қымыздық қышқылының 100х20/21 = 98,6 мл байланыстыра алады немесе ол 98,6 мг СО2-ге сәйкес келеді.
2. Ауа сынамасын алу және одан барий ерітіндісі арқылы көмірқьшқыл газын анықтау
Колибрленген шыны ыдысты (көлемі 5-6 л) ауадағы СО2 мөлшерін қай жерде анықтау керек болса, сол бөлмеге қояды. Зерттелетін ауаны аспиратордың, насостың көмегімен шыны ыдысқа үрлейді немесе ыдысқа алдын-ала су толтырып ауаны зерттеу орнына қойып содан кейін ыдыстағы суды төгеді. Бұдан соң ыдысты тығынмен тығындап, түбін жоғары қаратып төңкеріп, қояды да шағын флаконның аузына (оған алдын ала 100 мл күйдіргіш барий құяды) ыдыстың тығынын тесігіне жалғастырады. Күйдіргіш барий бар ыдысты оған жалғанған флаконмен бірге төңкеріп, 20 минут бойына сілкілейді. Бұл кезде ерітінді күңгірт ақшыл түске айналады, өйткені СО2 сіңіргендіктен осындай түске айналдырады. Осыдан кейін СО2 сіңген барий ерітіндісін шағын флаконға қайта құйып, тығындайды. Сүйықтық мөлдір болуы үшін флаконды 1-2 сағат уақытқа тұндырып қояды.
Көмірқышқыл газын анықтау үшін 5-6 л ауаны алып ауа сынамасын алған кезде термометр мен барометрдің көрсеткіштерін жазып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет