Өнердiң басқа түрлерi мен әдебиет



Дата21.09.2023
өлшемі237,29 Kb.
#109430
Байланысты:
Өнердiң басқа түрлерi мен әдебиет

Өнердiң басқа түрлерi мен әдебиет


Орындаған: Жолдасова А.
Қабылдаған: Аширов Ж.

Әдебиет пен өнер

Өнер өмірде болған оқиғаларды сол қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Өнер шындықты көркем образдар арқылы қабылдап, бейнелейді. Өнердің мақсаты да осы – қоршаған ортаны, адам өмірін, дүниені көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей сезімге, кейіпкермен бірге қуанып, бірге қайғыратын толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Өнер көркем образды көркем тілмен айрықша бейнелеу арқылы адамдардың санасына жол табады.

Адамның көркем шығармашылдық әрекеті әр түрлі қалыпта дамып, өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады. Өнер теориясы бойынша көркем шығармаға негіз болуына байланысты өнер түрлерінің негізгі үш тобы туындайды.

Өнер түрлері

Мекендік немесе пластикалдық

  • (кескіндеме, мүсін, графика, көркем фото, архитектура, т.б.) яғни, көркем бейнені кеңістікте түзетін өнер түрлері

Мезгілдік

  • (сөз және музыка өнері), яғни көркем бейнелерді уақыт кеңістігінде құратын өнер түрлері.

Мекенді-мезгілдік

  • (би, актерлік өнер және осыған негізделген аралас түрлер – театр, кино, телевизия, эстрада, цирк, т.б.), яғни көркем бейнені белгілі бір уақыт кеңістікте түзетін өнер түрлері.

Өнер түрлері


Сөз өнері штей жазба әдебиет, ауыз әдебиеті деп бөлінеді.
Сөз өнері
Вокалдық, аспаптық музыка түрлеріне бөлінеді.
Музыкалдық өнер
Кескіндеме, мүсін, графика, архитектура болып жіктеледі.
Сәулет өнері
Драмалық, музыкалдық, қуыршақ, эстрада, цирк, т.б. болып жіктеледі.
Сахналық өнер
Портрет, пейзаж, натюрморт, т.б. жанрларға бөлінеді.
Бейнелеу өнері

Өнердің басқа түрлері мен әдебиет

  • Өнердің көп салаларының ішінде ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі – көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен байланысы бола тұра, өзгешелігі де жоқ емес. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын; сөз – бояу немесе дыбыс емес, барлық халыққа бірдей түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар; әдеби шығарма сол тілде ғана туады. Басқа өнер түрлеріне қарағанда әдебиет уақыт пен кеңістікке еркін қатынаста. Яғни оқиғаны баяндау барысында бірнеше жердегі оқиғалар көрсетілуі мүмкін.
  • Әдебиеттің тілі музыка тілінен гөрі нақты, театр тілінен гөрі затты. Симфонияны тыңдаушының бәрі нақты түсіне бермейді,театр сахнасында бүгін кеште жүріп жатқан спектакльдің ертеңгі ұрпаққа мұра болып қалғандай қолға ұстар затты дерегі бола бермейді,ал әдебиетте екеуі де –нақтылық та,заттылық та бар. Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері затты,нақты болғанымен жансыз, қимылсыз, ал әдебиет кез келген шындықты қимыл,қозғалыс үстінде құбылта,құлпырта көрсете алады.

Назарларыңызға рақмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет