Дүкенбай Досжан Қазақтың жүз романы



Pdf көрінісі
бет29/29
Дата03.03.2017
өлшемі1,57 Mb.
#7268
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
көздеген жерінен табылмай – құр босқа арамтер болып, көктемгі сасай текедей ауа 
жайылып кетпейін! Осы жолда жан пида әйтеуір!»
Терезе жақтауына күншуақ ұйыды.
Үшінші болып енген Беласарды әкім суық қабылдады. Құлдырап келіп қолына 
жармасқан, төпемелеп хал-ахуал сұраған төменшік халіне қыңбады. Қабағының қыртысы 
жазылмай алдындағы алақандай ғана қойын дәптеріне үңіліп отыра берген. Беласардың 
жаны құлазып, іші жидіді. Әкімнің алдындағы қара тысты дәптерді бұрын бір жерде 
көрген секілді. Бетіндегі сойдақтатып жазған сөйлем сықпыты, кеспірсіз қыртысы 
соншама таныс! Сұмдық-ай! Таныды да тынысы тарылып, су тиген қарақұрттай 
құрысып-бүрісті. 
Алыпсатар аңдитын орынбасарының көк мұзға отырғызғанын анық сезді.
«Оу, көке, соңыңнан томпаңдаған ініңді ғазауаттың қыл көпіріне қалай айдайсың?! 
Оу, көке, арқа сүйер ағам деп жүргенде мұныңыз қалай?! Каналды құлатып өле алмай 
жүр дейсіз бе? Алыпсатар саудагерлермен ауыз жаласты деген не сұмдық?! Егіз ұлдың
келініңіздің көз жасы жібермейді!»
Беласар ирек көшемен иығы селкілдеп келе жатып әділет, заң-зәкүн, қазақ 
атаулыны қарғаған. Қайда қашсам да құтыла алмадым деп жылаған. Абыройдан да, 
ақшадан да жұрдай қазір. Енді қайтып ес жиып, кінәсін жуып жоғары өрмелеймін дегенше 
кім бар, кім жоқ. Хош бол, қызық дәурен, дүбірлі жылдар!

Түгіскеннің кетпені киелі күрішшісі аталып, қолым әні-міні орденге
депутаттыққа жетеді деп жүргенде Батыр бетпақ жолын кесті. Аузындағысын қақшып 
кетті. Інінен су шыққан борсықтай ауа көшті содан. Екі қолға бір жұмыс, қалаға келгесін 
қарап қалған жоқ: және жағынды, және өрмеледі. Дүниені жамыратып тапты. Енді ғой 
алыпсатар саудагерлердің аты-жөні, адресі, өзінің тіршілік-тынысы жазылған қойын 
кітапшасы хатшының алдында жатыр. Жымысқы сімсіктермен ауыз жаласқаны 
жұртқа мәшһүр болды. Осының күллісі қарғыс атқан баллоннан шыққан. Өзінің саудагер 
аңдитын орынбасарынан «Волганың» баллонын сұраған. Әлгі мұндар майшелпек 
қылғаның жетеді деді, онсыз да табысымнан жырып тесік өкпе еттің деді. Бұл көкең 
содан тарс кеткен, орынбасарды жұмыстан қуған. Ақыр аяғы мынау – барша іс-
әрекеті әкімнің алақанында сайрап жатыр.
Үйіне құр сүлдері жетті.
Қасқа төрде шәниіп жатқан Алтынбала, жерлесінің әлем-жәлем түрін көріп 
шошып кетті. Апыр-топыр аяғын жинап, қамыстың үпелегіндей үпектеді. «Өзіне тымау 
тигелі көңіл хошы жоқ, курортқа жүргелі жатқан», – дейді Зүбайра. Алтынбала дабырлап 
құлақ қажады: «Қиқалақтап жүре берсек бір күндері шашылып қаламыз, – дейді. – 
Денсаулық байлықтың төресі. Тісімнің төгіліп түскені қинайды, өңге бұрандаларым берік 
әзірге», – дейді. Беласар қарап отырып қара суға түсіп терледі, кеудесін сығымдады.
– Бұл қай жүрісің? – деп жөн сұрады екі жүз грамнан соң.
– Ақыл-кеңес сұрағалы бұрылдым. Қосүйеңкіде құрылыс бригадасын 
басқаратын Жаманеркек деген мұндар бар. Кейінгі кезде бағынуды қойды, қит етсе 
текетіресіп шыға келеді. Шалдарға арқа сүйейді. Басқан ізімді аңдиды ма-ау, істеген 
ісімді тәрік ете ме-ау, әйтеуір көзге шыққан сүйел болды. Ит пен мысықтай 
шиеленісіп кеттік. Ғайнекең шақыртты деп кеше ауданға аттаныпты. Қайдағы шақыртқан! 
Үстімнен арыз айтқалы кетті. Сол Жаманеркектің көзін қалай жоямын? Әдейі соңынан қуа 
келдім.
Беласар тау еліндегі бөтелкелес жерлесін жаңа көргендей аңырайып қарасын, 
отырды-отырды-дағы:
– Торғайдың миындай миың болса мұрнымды кесіп берейін, – деді.
Алтынбала ыршып түсті:
– Е, неге! жазығым алдыңнан өткенім бе?!
– Өмірі бір кітаптың бетін ашпайсың, жалғыз адамның ақылын тыңдамайсың – 
қалай ғана бала өсіріп, түтін түтетіп жүргеніңе таңым бар. Нағанай марқұм өсіріп 
кетпегенде тері жинағыш агент болып әлі жүретін едің. Осы пиғылмен, осы біліммен 
адаммын деп ас ішіп, аяқ босатып жүргеніңе қайранмын тегі!
– Жынданғаннан саумысың?! Екі-үш мәрте тіс салдырып бердім деп қырамысың! 
Кетемін!..
– Сен секілді кещемен ауыз жаласқанша Ғайнекеңнің қыл бұрауына түсіп азап 
көргенім көш артық!
Алтынбала есікті тарс ұрып шығып кетті. 
Беласар отырып-отырып қолтығындағы жастыққа тыраң етіп құлады. Шалқасынан 
жатып өткен өмірін ойлаған. О, тоба, өңі ме, түсі ме бұл? Құм, қиыршық, сор, тас, 
жалаңаш қыраттар елестеді. Және қурап қалған сексеуіл. 
Аудан әкімі Ғайнекең түстен кейінгі мәжіліске дейін қаладан шығып таза ауа 
жұтып сергіп қайтуды ойлады. 

Мәшинесін шақыртты. Неге екені беймәлім, біртүрлі көңілі өсіп көтеріліп қалды, 
иығындағы зілмауыр жүк жеңілдеп кеткендей. Үлкен көшенің басындағы танымал 
тораңғы ағашының жанына кідірді. Желмен азынай түседі. Шыт-шыт жарылған 
қабығы алақанына түрпідей тиді, жоғарылы-төмен сипады, бірауық сүйеніп тұрды. 
Жапырағы мезгілінен бұрын сарғая бастаған. Тастақты жерде тамырына нәр жетпеді 
ме, әлде азынаған жел мен құмның өтінде тұрып өңі тайды ма, әйтеуір тым жүдеу, тым 
кеспірсіз көрінді.
Газикке қайыра отырып кер далаға маңыды. Бұл төскей кәдімгі аудан аэродромы, 
ұшақ ұшып-қонатын жазық... Мәшинеден түсті. Кеудесін күн иісті күреңсе самал кернеді. 
Әріден келіншек келе жатқан. Жүрісі жәй. Сая екен, жылыұшырап сәлемдесті. Далабайды 
ұшақтан күтіп алуға шыққан беті. Еріні піскен өріктей торсиып, танауының үстіне ноқта 
түсіпті.
– Жігітіміз туған жерге біржолата қайтып келе жатыр ма? – деді Ғайнекең.
– Біржолата келе жатыр.
– Сені қиып кете алмады-ау сабазың!
Туған жерін қимады.
Саяның даусы дірілдеп, танауы желпілдеп алыс қиырға көз тікті. Түсінеді. Жас 
адам айырылысуға емес, қауышуға, қуануға жаратылған. Ғайнекең де көкжиекке 
тігілген: суатқа құлаған ақбөкен бе, әлде Аққұм даласындағы етегі дүрілдеген құйын ба, 
әлдене шаңытады. Ту сыртында сапырылысқан тіршілік сарыны.
Екеуі бірауқым қатар аяңдаған... Бұл өмір, бейне, Сырдарияның ішінен тынып, 
сақы мінезбен иірімді қойнауға, сан сағаға бұрылып көк жойқын теңізге асығатын ағысы 
секілді. Толқынын жамыратып көгілдір телегейдің құшағына еніп тыным алар мезетке 
асығады. Сырғуы тез, құлдырауы құмбыл. Асығу мен өмір – егіз. Қаратау мен Сырдария 
арасындағы көне қобыздың кепкен шанағындай үшкіл даланың өмірі сырт көзге пәлендей 
өзгеріссіз, пәлендей дабыра-дамайсыз баяу сырғып өтіп жатқандай. Үңілген кісіге – 
жиырма бірінші ғасырдың дүбірлі жылдары сырт айналып кетпепті.
Ғайнекең мен Сая қат-қабат оқиғаларғдың куәсі.
Акүйік өзенінің оң кабағынан қорғасын кені ашылды. Бесарық су қоймасы дүниеге 
келді. Кешегі жылдары ызығуыт көшкінге түскен тау елінің бүгінде іргесі бекіп, шаруасы 
түзелді. Түгіскеннің төсін сызып көгілдір канал өтті. Ежелгі Оғыз елінің қонысына 
дихангершілік айналып келді, күнге шағылған Батыр кетпенінің жарқылы сол – бақ 
айналып, береке дарыған, дәстүр-салтын сақтаған ел атанды. Ең ғанибеті – өмірдің өріне 
қарсы жүзетін жас ұрпақ өсіп жетілді.
Ең ғанибеті адам өзгерді. 
Ендеше ұйқысыз түндер мен күлкісіз күндердің зая кетпегені, ендеше соңдарында 
әдемі сүрлеу соқпағы қалғаны. Жас буынға қадір-халінше тер төгіп, ырзық теруді, тек 
жүріп, келісті тіршілік кешуді үйретті. Жұртының ілкіден келе жатқан сұңғыла сұлу 
салтын сақтады. Үлкен жолдың үстінде түтіні тік шаншылған, түңлігі желпілдеген 
«пәленшекеңнің ауылы!» аталды. Нешеме ықылым қонақ ат басын іркері, нешеме толқын 
ұрпақ төсінен өрері хақ.Табан астында күнге күйіп күтірлеген жусаны, қиянда сабылған 
құйыны, шекеге шақшиған сартап күні, сосынғы кетпені жарқылдап, керзі етігі ырқылдап 
туған жерін жан-тәнімен сүйген жұрты киелі!
Ғайнекең қол сағатына қарап оқыс кідірген. Ұзап кетіпті. Саяның жанары әсие 
тастай жәудір ете түсті. Ой-хой!.. Толқынын тасқа ұрып ағатын Ақүйік... Бесарықтың 
тоспа тоғаны... Түгіскен төсіндегі сүмбідей сұлу канал... көк бұйра күріш... соры шыққан 

жер... Сауранбайдың қолынан оқыста тасқа түсіп сынған асыл құмыра... жел өтіндегі 
жалғыз тораңғы... ағаның ақ шашы... қапалық... қуаныш... әуен... уақыт – күллісін сол әсие 
тастан қайыра елестеткендей хал кешті. 
Сары даланың жүзімен бет шарпыған замана желі азынай соғып тұрды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет