Байланысты: 4 ариф орта өзгеріс ауқымы мода медиана
АРИФМЕТИКАЛЫҚ ОРТА
Сыныптағы 6 ұлдың орташа бойы 1 м 14 см. Медеттің бойы олардың ең кішісі – 1 м 4 см. Қалған бес ұлдың орташа бойы қандай болады?
Сыныптағы 12 ұл баланың орташа бойының ұзындығы 1,54 м. Егер ең аласа баланың бойының биіктігі 1,21 м болса, қалған 11 баланың орташа бойының биіктігі қанша?
Сыныптағы 8 баланың орташа бойы 1,14 м. Ең кішкентай баланың бойы 1,07 м. Қалған 7 баланың орташа бойы қанша?
Банктың күту залында орташа жасы 23-ке тең 32 адам отыр. Күту залынан 1 адам шығып кеткенде, қалғандарының орташа жасы 22-ге тең болды. Күту залынан шығып кеткен адамның жасын табыңыз.
Футбол командасындағы 11 ойыншының орта жасы 22-де. Ойын кезінде 1 ойыншы ойыннан шығып қалғаннан кейін, қалған ойыншылардың орта жасы 21 болды. Ойыннан шыққан ойыншының жасы нешеде екендігін анықтаңыз.
Футбол алаңындағы бір команданың ойыншыларының орташа жасы 29 жас. Бір ойыншыны ойыннан шеттеткеннен кейін қалған он ойыншының орташа жасы 30 жас болды. Шығып қалған ойыншының жасы нешеде екенін анықтаңыз.
Футбол алаңындағы бір команданың ойыншыларының орташа жасы 24 жас. Бір ойыншыны ойыннан шеттеткеннен кейін қалған он ойыншының орташа жасы 23 жас болды. Шығып қалған ойыншының жасы нешеде екенін анықтаңыз.
Баскетбол командасындағы алаңда жүрген 5 ойыншының орташа бойы 1,96 м. Ойын кезінде бір ойыншы ойыннан шығарылды. Қалған ойыншылардың орташа бойы 2 м болса, ойыннан шыққан ойыншының бойын табыңыз.
Баскетбол командасындағы алаңда жүрген 5 ойыншының орташа бойы 2,04 м. Ойын кезінде бір ойыншы ойыннан шығарылды. Қалған ойыншылардың орташа бойы 2,05 м болса, ойыннан шыққан ойыншының бойын табыңыз.
Бір топтағы 9 адамның орта жасы 25 жас. Екінші топтағы 11 адманың орта жасы 45 жас. Егер екі топтағы адамдарды қосса, олардың орта жасы неше болады?
Кварталда 8 көпқабатты үй салынды. Олардың орташа биіктігі 38 м. Егер сегіз үйдің төртеуінің орташа биіктігі 29 м болса, онда қалған төрт үйдің орташа биіктігі қандай?
Оқушының бір ай бойы математика пәнінен алған бағалары берілген: 5; 4; 5; 5; 3; 4; 5; 5; 4. Оқушы бағаларының арифметикалық ортасының жүздік үлеске дейінгі жуық мәнін табыңыз.
Қайрат, Самат, Серік, Жандос және Әсеттің бойларының ұзындығы берілген:
Қайрат – 1,85 м; Самат – 1,65 м; Серік – 1,75 м; Жандос – 1,7 м; Әсет – 1,6 м.Берілген мәліметтерді пайдалана отырып, олардың бойларының арифметикалық ортасын анықтаңыз.
Төрт санның арифметикалық ортасы 56-ға тең. Егер осыларға 16 санын қосып, осы сандардың арифметикалық ортасын алатын болсақ, қандай сан шығатынын анықтаңыз.
Аделия, Аяла, Әділет, Нұрәділ, Ернияз және Индираның бойларының ұзындығы берілген: Аделия – 145 см, Аяла – 155 см, Әділет – 150 см, Нұрәділ – 156 см, Ернияз – 153 см,
Индира – 147 см. Олардың бойларының арифметикалық ортасын анықтаңыз.
Gold тобы математикалық сауаттылық пәнінен ҰБТ-да 16, 18, 17, 19, 20, 17, 18, 19 ұпай жинады. Жинаған ұпайлардың арифметикалық ортасын табыңыз.
Екі санның арифметикалық ортасы 12-ге тең. Егер сандардың бірі 15-ке тең болса, екіншісі неге тең?
Оқушы бес емтиханнан орташа 7 ұпай алды. Егер алғашқы 4 емтиханнан 6, 5, 10 және 7 ұпай алса, соңғы емтиханында қанша ұпай алған?
Оқушы 6 емтиханға кіріп, орташа 9 балл алды. Егер алғашқы 5 емтиханнан 6,5,7,13 және 9 алса, соңғы емтиханнан қанша балл алған?
Ержан ҰБТ-да орташа 25,6 ұпай жинады. Егер 4 пәннен 18, 17, 38, 35 жинаған болса, математикалық сауаттылықтан қанша ұпай жинады?
Төрт санның арифметикалық ортасы 9-ға тең. Олардың үшеуі 5, 9, 12 сандары болса, төртінші санды тап.Байқау тестінен жинаған ұпайларының арифметикалық ортасын тап.
Үш санның арифметикалық ортасы 3,2. Осы сандардың алғашқы екеуінің арифметикалық ортасы 2,85. Үшінші санды табыңдар.
Самат математика пәнінен 10 тестілеу жұмысынан төменгі ұпайлар жинады: