Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»


Материя философиялық категория ретінде. Материя туралы қазіргі ғылыми ойлар



бет32/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58
Байланысты:
база

3. Материя философиялық категория ретінде. Материя туралы қазіргі ғылыми ойлар.
Материя(латынша materia - зат, материал деген сөз) категориясы болмыс категориясы сияқты философиялық категориялардың арасындағы ең бастысы.Антикалық философтары материя ретінде барлық нәрселер одан пайда болып, кейін оған айналатын затты түсінді. Мысалы,
Натурфилософтар: Гераклит барлық нәрселер оттан, Фалес - судан, Анаксимандр - апейроннан, Анаксимен - ауадан жаратылған деген пікірді ұстанды. Демокрит материалдық және идеалдық дүниедегі өмір сүруші нәрселердің бәрі бөлінбейтін, өте кішкентай бөлшектерден - атомдардан тұрады деп түсіндірді. Яғни дүниенің атомистикалық бейнесі материяны атомдардан тұратын, кеңістікте өмір сүретін, мызғымайтын, қозғалысқа ие және тағы басқа қасиеттері бар зат деп қарастыратын түсінікті орнатты. Материяға көзқараста атомдық түсінік XVIII ғасырға дейін басым
болды. Бірақ XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы ғылыми жаңалықтар, атап айтқанда, рентген сәулесін (1895 ж.), радиоактивтік сәулелердің (1896 ж.), электронның (1897 ж.), А.Энштейннің салыстырмалы теориясының (1905 ж.) ашылуы материяны материалдық бөлшек емес, энергия ретінде қарастыруды, материяны дүниенің негізі деп тануды жоққа шығарғандай болды. Ғалымдар материя жоғалды, энергия ғана қалды, яғни субстанция деп энергияны тану қажет деген пікір айта бастады. Бұл қателік материяны оның құрылымы мен қасиеттері арқылы ғана, яғни физикалық шеңберде ғана түсінуден туындаған еді.Шындығында материяның философиялық ұғымы өзгерген жоқ. Осы мәселенің басын ашып айтқан В.И. Ленин болды. Өзінің «Материализм және эмпириокритицизм» еңбегінде ол материяның жан-жақты анықтамасын берді, және, біздің ойымызша, бұл анықтама (қазір біз В.И. Лениннің көптеген идеяларынан бас тартып отырғанымызға қарамастан) өзінің маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.
Материяның лениндік анықтамасы мынадай: «Материя адамға түйсіктері арқылы берілген, бізге тәуелсіз өмір сүре отырып, біздің түйсіктеріміз арқылы көшірілетін, суреті түсірілетін, бейнеленетін объективті реалдылықты белгілейтін философиялық категория». Осы анықтамадан материяның онтологиялық мәнін түсінуге болады: материя - жалғыз субстанция, өзінің себебі бар адам санасынан тыс өмір сүретін, бірақ санада бейнеленетін объективтік реалдық, ол жаратылмайды және жойылмайды.Маркс болмыстың негізін материямен түсіндіріп, метафизиканы жоққа шығарды. Сондықтан, материя – материалистік дүниетанымның өзегі саналады. Маркс қоғам мен әлеуметтік өмірдің заңдылықтарын материализмге көгендеп түсіндіруге тырысып бақты. Ол адамның материалдық қажеттіліктері толықтай қамтамасыз етілсе, өзге мәселелерінің барлығына шешім табылатынын алға тартты. Адамдардың рухани мәдениетін қалыптастыратын дін, өнер секілді т.б. факторлардың бәрін екінші кезекке ысырды. Оның бұл тұжырымын құптамағандардың бірі – Дюркгейм. Ол Құдайға сенбесе де ұлт, өнер, дін т.б. факторларды қоғам өмірінің обьективті шындығы ретінде дәлелдеп бақты.Берклидің ілімі бойынша «жалпы материя» деген бос сөз.Үшбұрыш деген жалпы ұғымның дүниеде болмайтыны сияқты, «жалпы материя» да болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет