Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»


Фараби, адамгершіліктің басты мақсаты – бақыт дейді



бет30/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58
Байланысты:
база

Фараби, адамгершіліктің басты мақсаты – бақыт дейді. Оны танымсыз және еріксіз тану мүмкін емес. Ерік – сезіммен, еркіндік – логикалық ой-санамен байланысты. «Қайырымды қала тұрғындары» трактатында Платон мен Аристотельдің ізін жалғастырып, өзі құрған идеалды мемлекет моделін ұсынады. Бөлектенген қалада адамдардың жақсылық жасауы, бақытқа жетуі оңайырақ. Осындай мемлекеттің саяси құрылымын адамдардың дене мүшелері қалай берік орналасса, сол секілді мемлекетте де бірлік болатындығын аңғартады. Адамдардың осындай ой-санасы оны жақсылық жасауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге мүмкіндік береді. Мемлекеттің барлық іс-әрекеті сол мемлекет тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Осы мәселелерді шешу үшін мемлекет басында адамгершілігі мол, ерік-жігері мықты адам отыруы керек. Ол рухани және зайырлы билік құрып, жақсы, рухани және дене жағынан сау, ақылды болуы тиіс. Осындай басшы халықтың ғылымға деген құштарлығын ашып, басқаларға жанашыр болуға, ғылымның дамуына ықпалын тигізеді. Фараби осындай қайырымды қала тұрғындары нағыз бақытқа біріге отырып жете алады дейді.


2 БЛОК



  1. Болмыстың философиялық категориясы. Болмыстың негізгі формалары.

Болмыс философиядағы ең көне, дəстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі болып саналады. Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған.
Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Əр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мəнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мəселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы — болмыс. Мəнділік жөнінде айтқанда не нəрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тəсілі оның негізін құрайды . Болу жолдары жəне сан алуан құндылықтар — бəрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нəрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бəріне ортақ жалпы қасиет, ол — болу.

Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мəселесін – ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мəселені – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.



Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен айырма тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады:



  1. табиғат болмысы немесе заттар (денелер) жəне процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғат заттары мен процестері жəне адамдар жасаған заттар, процестер болмысына бөлінеді;




  1. адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына жəне адамның өзіндік болмысына жіктелед



  1. рухани (идеялық) болмыс, бұл жеке адамның рухани болмысы (идеясы) жəне объективтендірілген (жалпы адамдық) рухани болмыс болып жіктеледі;




  1. əлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы жəне тарихи процестегі жекелеген адам болмысына жəне қоғам болмысына бөлінеді






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет