бет 209/305 Дата 06.01.2022 өлшемі 2 Mb. #11310
ПƏНАРАЛЫ Қ БАЙЛАНЫС:
Жаратылыстану
АКТ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫ:
Компьютерді қолдану.
АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР:
Шығыс септігі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Дереккөздер
Сабақтың басы
2 минут
(Ұ) Шаттық шеңбері. Оқушылар шеңбер құрып , өлеңді хормен айту арқылы бір-бірлеріне сəттілік тілейді.
Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап ,
Қазақ тілін оқуды бастаймыз!
Көңілді əуен қосып қою
3 минут
(Ұ) «Мақал – сөздің мəйегі». Мақалды жалғастыру. Мақалдың мағынасына талдау жасау.
«Туған жердің күні де ыстық , ...». (түні де ыстық)
«Бірлігі жоқ ел тозар, ...». (Бірлігі күшті ел озар)
«Туған жердей жер болмас , ...». (Туған елдей ел болмас)
Мақал-мəтел жазылған қима қағаздар
Сабақтың ортасы
3 минут
68-жаттығу. (Ұ; Т) Жұмбақты оқып , шешуін табу. Қарамен жазылған сөзге сұрақ қою арқылы олардың қай септікте тұрғанын анықтау. Каллиграфиялық нормаларды сақтау жəне жазу техникасын жетілдіру.
Оқулықпен жұмыс
3 минут
Жаңа ақпарат.
Көмектес септіктегі зат есімдер кіммен? немен? кімдермен? нелермен? деген сұрақтарға жауап береді.
Көмектес септігі атау септіктегі сөзге -мен, -бен,
-пен жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды көмектес септік жалғаулары деп атайды.
5 минут
69-жаттығу. (Ө) Сөйлемдерді көшіріп жазу.
Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазу барысында көркем жазу.
№3 дəптермен жұмыс
3 минут
(Ж) Сөйлем мүшесіне талдау.
Бір-біріне түсіндіре отырып, сөйлем мүшесіне талдау. Көмектес септіктегі сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғанын анықтау.
Жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.
3 минут
Достарыңызбен бөлісу: