Ең үздік ғылыми жоба «Мәшһүр Жүсіптің көріпкелдігі» Орындаған: Мұқатай А


Биыл Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 160 жыл. Дайындық қалай жүріп жатыр, алдағы жоспарларыңыз қандай?



бет11/14
Дата09.05.2022
өлшемі51,67 Kb.
#33160
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Документ Microsoft Word (3)

Биыл Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 160 жыл. Дайындық қалай жүріп жатыр, алдағы жоспарларыңыз қандай?

– Мәшекеңнің 160-жылдық мерейтойына біршама жоспарларымыз бар. Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы “Адам Жүсіп” деген пьеса жаздым. Шын аты солай. “Найзатас” деген журналда жарық көрді. Сол пьесаны қойса деген үміттеміз. Екіншісі, бұрыннан бері қолға алып келген Тамаша адамдар өмірі (ЖЗЛ) сериясына байланысты Мәшекеңнің кітаптарын шығарсақ деген ойымыз бар. Қазір оны дайындап жатырмын. Аудармаға байланысты айтсақ, 20 томдық шығармаларының бәрін аудару қажет емес деп ойлаймын. Мысалы, шежіреге қатысты аудармалары басқа ұлтқа қатысы жоқ. Ал, әңгімелерін, отбасы, білім, ұлтқа қатысты, халықаралық қатынасқа қатысты еңбектерін аудару қажет. Діни шығармаларына аса сақ болған жөн. Аса мұқият болған жөн. Араб парсы тілінен аударылған шығармалары, немесе араб парсы сөздерінің мағынасына да байыппен қарап, өте мұқият болу керек. Себебі араб парсы сөздерінің мағыналары көп аударғанда басқа бітім болмыс алып кетуі мүмкін.

Тағы айта кетерлік жайт, алдағы уақытта тағы да 10 томдық кітабын шығарсақ деген арманымыз да бар. Оның барлығы қаражат пен маманға, аудармашыға келіп тіреледі. Тағы он томдықты шығаруға кітапхана, архивтік материалдар жеткілікті. Ал зерттеулер былай да жазылып жатыр. Көркем әдебиет жағына келсек, 5-6 рет фильм түсірілді. Терме, айтыс ұйымдастыру керек. Ғылым саласында болғаннан кейін бе, бұрын айтыс ұйымдастырып сәтсіз шыққан кезіне де куә болдық. Өйткені, Мәшекең туралы сахнаға шыққанда ауызға сөз түспей қалып жататынын айтады ақындар. Ал, термелері жақсы шықты. Ел арасында айтылған термелерін шығаруымыз керек.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің көптеген өлеңдері бар. Мысалы “Ағайын” деген өлеңі керемет! Сол өлеңдерге нота жазып, әнін шығарып насихаттау керек. Кезінде Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің күйлері де болған, өлең айтқан. Мысалы, Мұса Шорманның алдына барып “Қыз Жібекті” айтыпты. “Қозы Көрпешті” сегіз жасында домбырамен айтып көзге түсіпті дейді. Сол кезде Шорман шақырып алып үкі таққан көрінеді. Сонда үкі тағып сенің атың Мәшһүр болсын деген екен. “Мәшһүр” араб тілінде танымал деген мағына береді. Адам жақсы жағымен де танымал, жаман жағымен де. Сондықтан Мәшекеңнің аты Адам Жүсіп. Құран оқылғанда да солай деуі керек. Азан шақырып қойған аты солай!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет