Ең үздік ғылыми жоба «Мәшһүр Жүсіптің көріпкелдігі» Орындаған: Мұқатай А



бет2/14
Дата09.05.2022
өлшемі51,67 Kb.
#33160
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Айтмұхамет Қасымбайұлы Тұрышевпен сұхбаттасқан едік.

Мәшһүр атамыздың 20 томдық шығармалар жинағы шыққанын білеміз. Әлі де жинақталмады-ау деген еңбектері бар ма?

– Әрине, бар. Кезінде ғалым, филология ғылымдарының докторы Мұратбек Бөжеев 30 томға жететінін айтқан болатын. 2003 жылы Мәшһүр Жүсіптің 3 томдығын Мәшһүр Жүсіптің немересі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жүсіп Қуандық Пазылұлы шығарды. Осыдан кейін Мәшһүртану ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларының 20 томы жарыққа шықты.

Омбыда жиналған, микрофильмге түсірген, өзіміздің Орталық Ұлттық ғылыми қолжазбалар қорынан, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының сирек қолжазба қорынан және т.б. қорлардан жинақталған 20 томнан өзге, тағы да 10 томға жететін мұралары бар. Аударма саласындағы араб, парсы тіліндегі мамандардың тапшы болуына және қаржылық мәселелерге байланысты қалған 10 томы жарық көрмей тұр. Қолжазба деректері баршылық. Түбі шығарамыз деген ойдамыз. Бұл тікелей Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларына байланысты. Ал егер Мәшһүртануға келетін болсақ, 100 томнан асып кетеді. Яғни, мәшһүртанудың екінші тынысы ашылғанын айтқым келеді.



Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларына жасалған зерттеулерді жинастырсақ, тіпті көп. Ол рет-ретімен әлі жинақталған жоқ. Бірақ көптеген кітаптар жарық көрді. Ол туралы 2005 жылы «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармалары этномәдени негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғадым. Соның нәтижесінде бес томдық монография жарық көрді. Cол кезде ең бірінші болып Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының тілі бойынша қорғадым. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының тіл байлығы кең. Ол байырғы, ескі сөздерді (историзм, архаизм) көп қолданған. Әсіресе, салт-тұрмысқа, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, үй-жиһаз, киім-кешек, аңшылыққа, киіз үйге қатысты, адам дүниеге келгеннен, өткенге дейінгі кезеңдегі қоланылған сөздерді т.б. айта беруге болады. Сол сияқты, шығармаларында байырғы ескіліктер, әсіресе көне сөздер, араб, парсы, орыс тілінен енген сөздер, моңғол, қалмақ т.б. кездеседі. Ал көне түркі сөздерінің орны тіптен бөлек. Тағы қайталап айтамын, Мәшһүр Жүсіпте біз естімеген қазақтың байырғы сөздері өте көп. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы “Берген аста береке бар, бермеген аста пітә бар” деп айтады. «Пітә» дегенді ары іздеп, бері іздесек, ол сөздің мағынасы «қаракүйе» екен. Сол сияқты, «шөк» сөзінің орынына «жүк» сөзі жазылып кеткен. Шөк (түйені шөгер) кездеседі. Демек, түйе малына қатысты сөз деп білуіміз керек. Ол сөз Будаговтың сөздігінен шығады деп кім ойлаған? Алда әлі де болса, кеңейтіңкіреп жеткізетін боламыз. Мәшекең кезінде мыңнан астам мақал-мәтелдерді жинаған. Ал шығармалары ішіндегі мақал мен мәтелдерде есеп жоқ. Жұмбақ пен жаңылтпаштағы, ертегілердегі көне сөздер қаншама десеңізші? Қазірде қолданыста жоқ ескі мақалдарды оқып отырсаң, таңғаласың. Және ол кейбір мақал-мәтелдердің шығу тарихын да жазып кеткен. Кезінде Ғафу Қайырбеков «Мәшекеңді – қазақтың пайғамбары» деп айтып кетті екен. Кезінде мен де Ғ.Қайырбеков қалай айтты екен деп ойлағанмын. Бізде пайғамбар туралы түсінік бөлек қой. Мұнда ақын «қазақтың» деп отыр, сондықтан ол Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарға теңеу емес.

Мәшекең діннің шығуы, таралуы, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыздың өмірі, Құран және ондағы әрбір аят, сүрелеріне арналған өлеңдер жазған. Бірақ бұларға бір қырынан қарап, тек діни көзқарастың адамы деуге болмайды. Олай ойлайтын болсақ, бір жақты қарағанымыз. Мәшекеңнің тұлғасын кішірейтіп аламыз. Мысалы, ұстазы – Абай, ол дін мәселесіне келгенде Семейдің поптарын сүріндірген. Орыстың бір білгірі «Абайға тиіспеңдер, тістерің батпайды» депті. Түйдей құрдасы Шәкәрім (бірқызығы Мәшһүр Жүсіп екеуінің туған және өмірден қайтқан жылдары да бірдей) т.б. дін мәселесіне келгенде өте терең білген. Дегенмен, Еуропа, Батыс және орыс мәдениетіне де иек артып отырған. Шәкәрім Стамбұл кітапханасында отырып, білімін тередеткен. Өзі іздене білген. Мәшһүр Жүсіп те жан-жақты терең білімнің адамы. Оны Сәдуақас Ғылмани ғұламалар қатарына енгізген. Ол орыс мәдениетін жетік білген. Атап айтар болсақ, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Л.Н.Толстой, В.Г.Белинский т.б. шығармаларымен сол кезде таныса білген. Ол Белинскийдің әр шығармасына дәйектеме жасаған адам. Белинскийді біз де кейде оқымаймыз. Ол Библияны, Інжілді, Тәуратты да оқыған адам. Оның ішіндегі ең кереметі – Құран екендігін айтқан. Географияны, араб грамматикасын, дұға деген еңбектерін толық жазуға алғышарттарын қалаған. Қырық жыл ұдайы ораза ұстап, намаз оқыған. Бұл кісі Еуропа әдебиетін оқып, мәдениетін білген. Батыс әдебиеттеріне де өте қатты көңіл бөлген адам. Омбыға барып, әдебиеттерді оқыған. 1905 жылы Ресейде болған қанды көтеріліске, одан кейінгі Алаш қозғалысына Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді тікелей араласпаса да, бұл кісі өзінің саяси көзқарасын, ойын «Сарыарқаның кімдікі екендігі, Хал-ахуал, Тіршілікте көп жасағаннан көрген тамашамыз» деген 1907 жыл шыққан кітаптарында ашық айтты. Патшалық цензура кітаптарды арест жасады. Ақынға іс қозғап, екі статьямен соттады. Тағы да реті келгенде айтатын боламыз. Мәшһүр Жүсіп мұсылман дініне қатысты пікірін ашық айтқан. Мешіттер жабылып, шіркеулер салынып жатыр, қысым жасалып жатыр деген мәселелерді қозғаған. Жалғыз Мәшекең емес, С.Шорманұлы, Науан хазірет (Наурызбай Таласұлы), Шәймерден Қосшығұлұлы, Қуанай Қосдәулетовтер т.б. қоғам қайраткерлері Ресей патшалығының көрсетіп отырған қысымдарына қарсылығын білдіріп отырған. Оны айтатын себебіміз М. Әуезовтің 15 томында былай делінген: «1902 жылы патшалық Абайдың үйін тінтіп, тергеу жүргізеді. Шапанымды алып бер, шапанымның қалтасында хат болуы керек. Мәшһүр деген адам менің мыналармен жаман екенімді білмейді ғой деймін, осы хатты жаза береді», — дейді. Сол жылдары Наурызбай Таласұлы, Шәймерден Қосшығұлұлы, С.Шорманұлы т.б. бір мезгілде патшалық жандармения тінту жүргізген. Неге? Өйткені, ол кісілер патшаның жерді алып жатқанына, мұсылман діні қысым көріп, мешіттер жабылып жатқанына қандары қайнайды. Қажым Жұмағалиев, Есмағамбет Ысмайылов кітаптарында, сол сияқты Е. Бекмахановтың хатында да осы хат жазысқан деген сөз шығып қалды, бұл тегін емес. Көкшетаулық Қосшығұлов Шәймерденнен хат алған дейді. Ермұхан Бекмахановтың да архивтерінен қарау керек, сол уақыттағы хаттар бар шығар. «Алаш» энциклопедиясында осы аталған адамдар жөнінде біраз мәліметтер бар. Абайдың саяси көзқарасы тым тереңде жатыр. Абай саяси жер аударылғандармен қарым-қатынаста болды. Патшалық ресейдегі болып жатқан істен хабары болды.Долгополов, Михаэлис, Гросс т.б араласқан, Чернышевскийдің, Добролюбованың кітаптарын оқыған. Жалпы, Абай «адамзаттың бәрін сүй» десе, Мәшһүр Жүсіп «дін қарындас» деген. Ал С.Торайғыров «кәпір мұсылман бәрі адам, оларды алалаған қандай надан» деп, ғылымды адамзатқа ортақ дүние деп қарастырады. Менің ойымша ғылым расында ортақ болу керек. Айталық, математика, физика, биология, геометрия, т.б. Адамзаттың дүниені тануы ортақ. Ал дін, діл, тіл, тарих мәселесінің орыны бөлек сияқты. Ғылым жалпы адамзатқа қызмет етуі керек қой. Сондықтан кейбір Ғылыми кеңестер әлемдік ортақ болуы керек сияқты. Егер орыс, ағылшын тілін білсек солай болғаны жөн сияқты. Жоғарыдағы пікірім осыған саяды.

«1905-1907 жылдардағы Мәшһүр Көпеевтің саяси көзқарасы» деген бөлім Мәшһүр Көпеевтің 20 томдық шығармаcында кездеседі. Абай — Алаш өкілдеріне ой тудырған адам. Сол секілді 1906 жылы Ямышевка деген жерде Ә. Бөкейханов түрмеде болған. Мәшһүр Жүсіп білген тіпті барып халін сұрап тұруы да мүмкін. Мәдиге де барған деседі.

Және Әлихан Бөкейханов туралы шығармаларында өте жақсы айтып кетті. «Алаш» өкілдерімен араласуы хат алысып тұруы Мәшһүр Көпеевтің саяси бейнесін өсірді. Әйтпесе, алдыңғы аты аталған кітаптарды қалай жазған. Іші тұнып тұрған саясат. Алаш өкілдерінен хат алып тұрған. Ж.Аймауытов, Ә.Марғұланнан хат алып, М.Әуезовпен хабарласып тұрған. Өзі Мағжан, Міржақып, Ақпаев, Шәкәрім т.б. туралы жазып өткен. Мәшһүр Көпеевтің «Сарыарқаның кімдікі екені», «Хал ахуал», «Тіршілікте жасағаны» туралы 3 кітабы бар. Сол кітаптары 1907 жылы шықты. Бірақ патшалық цензура Мәшһүр Жүсіп Көпеевті екі статьямен соттап, ол Орта Азияға бой тасалап кетіп қалды. Сонда жаңағы кітапты оқып отырсаң, ол Алаш өкілдерімен байланыс жасалмаса, еңбектеріндегі терең идеяларды айта алмас еді. Мәшһүр Жүсіп: «Жерді алып жатыр, дін жойылып бара жатыр, мектептер жабылып жатыр, бекіністер салынып жатыр, жайылым тарылды» деп, т.б. деген мәселелерді қозғайды. Сондағы Алаш идеяларына, Алаш өкілдеріне айтқан идеяларына Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің көзқарасы сәйкес келеді. Тегіннен-тегін емес, патшалық цензура ол 3 кітапты неге тұтқындады? Құсайыновтар баспасына 12 мың теңге (ол кезде көп ақша) берген.

1907 жылы Мәшһүр Жүсіпті соттады бірақ патшаны жамандамапты дегеннен кейін Мәшһүр Жүсіп Көпеевті қамаған жоқ. Бірақ оның артынан қуғын түсіріп, ол Орта Азияға қашуға мәжбүр болды. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басталғаннан кейін Мәшһүр Жүсіп елге қайтып оралды. Өйткені елінде аласапыран болып жатқанда біреуді-біреу қуатын заман емес. Патшаның өзінің есі шығып кеткен уақыты еді. Ел іші бүлініп, иеліктен кетейін деген кез екен дейді. 1916 жылы Баянауылға келеді. Содан кейін қалған өмірін осында жүріп қызмет етіп, кітаптарын жазды. Ортаншы ұлы Мұхаммедәмен ұлт-азаттық көтеріліске қатысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет