Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет41/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
77 
боп жиекте байыздап отырған қырық əйелдің ешқайсысы төбелерінен 
төніп тұрған мұнара жаққа мойнын бұрып қарамайды. Бұл олар қашан 
киімдерін киіп болғанша көзін алмайды. Бірақ қырық əйел əдейі 
уəделесіп қойғандай бұл жаққа бір де бір рет көз салмастан қайтадан 
сарайға беттейді. 
Жаңа ғана мамырлап басып, қыдырып жұрген қырық əйел көзден таса 
болғанда, хан бағы көрер көзге əдеткі ажарынан айрылып жүдеп қалады. 
Мөп-мөлдір күміс айдын əлдекім күл шашып жібергендей, аяқ астынан 
əлемтапырықтанып шыға келеді. Ираны кілемдей қырық құлпырып 
тұрған гүлзарлар да күйе түскендей солғын тартып кетеді. 
Ханым бағымен қоса мұның да көңілі құлазып қоя береді. Жаппар көзі 
боталап, əлгінде ғана Кіші ханым нөкерін ертіп жүріп өткен, ту-ту 
төменде əзер-əзер көзге түсіп, ақсиып жатқан жіңішке соқпаққа телміре 
қарайды. Бірақ жас ханымның өзі түгілі ізін де жым-жылас жұтып 
қойған сылқым сүрлеу мұны мазақтағандай ақсия күліп жата береді. 
Бала жігіттің көңілі сол бір жасыл желек астына сүңгіп жоғалатын сумаң 
соқпаққа түсіп ап, көзден бір-бір ұшқан қырық сұлудың соңынан салып 
береді. Бірақ жас ханымды, оның қырық нөкерін күнде-күнде мұның 
көзін қызықтыратын ғажайып көрікті көлегейлеп тұрған көк бұйра 
желектің ішіне енуге батылы бармай, тентіреп-тентіреп кері қайтады. 
Жаппардың күндегісі осы. Кіші ханым тағы да сейілге шығар ма екен деген 
есек дəмемен күннің батпағанын тілейді. Бірақ ханым сəскелік серуеннен 
кейін бақ ішіне аттап шықпайды. Жігіттің жүзі солған гүлдей сарғайып 
сала береді. Сол-ақ екен əлгінде ғана алып ұшқан асау арман қайтадан 
тұқшаңдаған тұғырға айналып, үйреншікті тіршіліктің ирелең соқпағына 
түсіп ап, беки жөнеледі. Бұғанасы бекігелі бері қолынан балшық кетпеген 
құлақ кесті қара құл басымен көңілінің ханымды ойлап елегізгенінің 
күпірлік екенін де енді ұқты. Жаңағы бір көкірегін алай-түлей еткен 
əзəзіл сезімді біреу-міреу байқап қалған жоқ па дегендей жан-жағына 
алақ-жұлақ қарап қояды. Бірақ бір қабат аспанның арасында тұрған оның 
алабұртқанын кім көруші еді. Ол да бір, зəулім шынардың басына қонған 
жұлма-жұлма торғай да бір, ханым мен нөкерінің одан айылдарын 
жимай аппақ айдында шомылып ап, сарайға тып беріп тайып 
отыратындарының себебі де сол. 
Тəкаппар ханымның аспаннан басқа ештеңеге түспейтін асқақ жанарын 
өзіне аударудың жалғыз жолы – мына мұнараны бұрын соңды бұл Қос 
өзен елінде ешкім көрмеген ғажайып көрікке бөлеу. Баяғыда өзі Байтақ 
шаһарға мұнара салдыртам деп бел буғанда көңіліне оралған көрікті 
елестен де өткізіп əшекейлесе, ханым қайтып қарамас екен! Қасындағы 
қырық нөкер əйел мақтап, ауыздарының суы құрып, сусылдай 
жөнелгенде ханым осынша сиқыр көрікті өз қолынан жаратқан бұған да 
қайран қалатын шығар! 
Əлгінде ғана сабыр тапқан тентек жүрегі қайтадан лүпілдей жөнелді. 
Мұнараны жаңағы өзі ойлағандай жас ханым мен нөкерін еріксіз өзіне 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет