Əбіш Кекілбаев АҢыздың



Pdf көрінісі
бет1/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры




Əбіш
 Кекілбаев
АҢЫЗДЫҢ
 АҚЫРЫ 
Kitapkhana.ucoz.com
Ашы
Кітапхана



Əбіш
 Кекілбаев 
АҢЫЗДЫҢ
 АҚЫРЫ
 
 
РОМАН
 
 
Бірінші
 бөлім 
 
ҚЫЗЫЛ
 АЛМА 

Ат тұяғынан құм сауырын ойып түскен дөңгелек шұңқыр лезде қайта 
толады. Алдындағы оқ бойы озық өңшең құла ат мінген күзет 
сарбаздарынан тау-тау шағылдың беткейінде шашырап қалып жатқан көп із 
көзді ашып-жұмғанша-ақ ғайып болады. Сусыма құм баянсыздықтың 
тылсым құдіретін танытқысы келгендей, құп-қу жүзіне жолап кеткен сəл 
таңбаны жалмап жұтып жатыр.
Əмірші ұлы шөлге келгелі бері оппа құмның осы бір обыр мінезінен назарын 
қанша алып қашса да, құтыла алмай-ақ қойды. Сары ала күйменің ішінде 
сусылдақ құмаққа шашасын қаптырып, малтыға жорғалап келе жатқан көп 
аттың тұншыға шыққан жапа-тармағай дүсірін тыңдай-тыңдай мезі боп 
кетіп, тұсындағы селдір пердені ысырып, сыртқа қарады-ақ - көзіне ылғи 
сол түседі. 
Шаңылтақ көктем. Қыста қар көріп жарымаған жабырқаңқы шөл көзіңді 
қажытады. Жүзген мен сексеуіл əлі бүр жармапты, сояу қалпы. Төңірек 
түгел мүлгіп тұр. Деңкиген шағылдар да, тырбық құм бұталары да ғұмыры 
қыбыр-қимыл көрмегендей, жер тістеп жатып алыпты. 
Тасбақаның дауылы басылғаны таяуда ғана емес пе еді. Бес күн бойы қарсы 
алдынан тандырдың деміндей бет шарпыған қызыл жел ұрған да тұрған. 
Əлдеқандай долы дүлей қара жерді тас-талқанын шығарып, күл қып уатып, 
сосын бір алапат табаққа салып ап, елеп, кебегін желпіп ұшырып жатқандай, 
жер мен кек түгел шаңға айналып кеткен-ді. Қара құрым қалың қол бірін-
бірі көре алмай, кеуделерінен төмпештей ұрғылап кері итеріп баққан 
қызыл желді бетке ұстап ілбіген де отырған. Күллі дүние түлен тигендей 
тулап шыға келген-ді. Аспан қайда, жер қайда - ешкім ажырата алмастай... 
Құлақ сарсытып ұлып тұрған жел... Күллі кеңістікті бір өзі ием-деніп, асыр 
салып ойнақтап жүрген шаң-тозаң... Енді дүние қайта орнына келместей... 
Сол бір шаң-тозанға айналған қалпы біржола күлі көкке ұшатындай. 
Əумесер жел бұл мініп келе жатқан сары күймені де жер бетінен жұлып ап, 
төбесінде бедірейіп жатып алған сұп-сұр кеңістіктің əлдебір тұңғиығына 
жітіріп жібергісі келгендей, екілене жұлқылайды. 
Аттар əбден титықтап болдырды; жұрт көздеріне құм құйылып, желге 
қарай жүре алмай, ит зықылары шықты. Сонда да шеруді кідіртпеген-ді. 



Тоқтағанда да, қара құрым қалың қол тырдай жалаңаш тұлдыр шөлде 
ықтасын таба ала ма? 
Қайта тентек жел күймелер мен жүктерді құла түзге бет-бетіне қуып əкетуі 
де мүмкін. Шөлдің есірік дауылы талай-талай керуендерді құм астына көміп 
те кеткен. 
Бұрын тасбақаның дауылы мен қазанның кірісінде жолға шықпаушы еді. 
Осы жолы елге қалайда көктем басында оралам деп амалсыз ұрынып отыр. 
Бірақ əлдекімнің қарсылығын көрсе, бұрынғысынан бетер қарысып бағатын 
əдетіне басып, əбден тістеніп алды. Дүниені көктемде бір дүрліктіретін жел 
күшті ме, жоқ, қаласа жарық жалғанның астын үстіне келтіретін бұл күшті 
ме? 
Дегенмен, найзаңа ілікпейтін, қылышың кеспейтін мына жел деген пəленің 
осынша жын ойнағына зығырданы қайнап та келеді. Сонда да, тоқтаймыз ба, 
қайтеміз дегендей, сары күймені айнал соқтап, қайта-қайта келе берген қол 
басыларына еш шырай танытпаған-ды. 
Сырттағы ышқына ұлып тұрған желді көрмеген естімеген кісіше сұп-сұр боп 
қатқан да қалған.
Бесқонақтың бес күні өткен соң, дүние жынынан айрылған бақсыдай жым-
жырт бола қалды. Жер беті айғыз-айғыз жарылып кетіпті. Жарықтың 
арасынан шықса керек, мына жерде де, ана жерде де, теңкиіп-теңкиіп тас-
бақалар жатыр. Кейбіреулерін жел аударып тастапты, төрт аяғы көктен кеп 
үйелеп қапты. 
Дауыл басылған күйі бесін ауа құмға іліккен-ді. Астынан əлдекім алып 
дəулердің сүйегін қазып алғандай, шағылдардың бүйірлері опырайып-
опырайып 
көрінеді. 
Сусылдақ 
сұп-сұр 
құмға 
малтығумен 
келе 
жатқандарына да əлденеше күн өтті. Кеше желден шаршаса, енді, міне, 
мелшиген меңіреу тыныштық қажытып келеді. Мынау қимыл-қыбырсыз, 
сыбыс-сыбдырсыз кеңістікте мен де тоқтап қалармын деп қорыққандай 
кеуде тұсында жұдырықтай бірдеңе еміс-еміс бұлқынады. 
Жолдарына дөңкиіп-дөңкиіп кес-кестей құлаған жал-жал шағылдардың 
қай-қайсысына да жеткенше асыққанмен, қара қатқақтың сынайы əлі 
білінбейді. Көз жетер жердің бəрі-əжім-əжім құм. 
Жаяу борасыннан сақина-сақина боп шимайланып қалған ұлпа құмақтағы 
əлдебір сиқыр жазып кеткен жұмбақ дұғалықтай көп шиыр, қанша 
телміргеніңмен, ой сергітердей нышан танытпайды. Қайта көңіліңе 
тіршілік дегенің өзі де құм бетіндегі осы бір мəн-мағына-сыз құр шимайдай 
мынау ұлан-асыр сұрқай кеңістіктегі бүгін бар, ертең жоғалып кететін 
өткінші бедер ғана емес пе екен деген күдік қашырғандай. Күні кеше ғана 
асырды салып-салып, ақырында мысы құрып, өз-өзінен тыныш тапқан 
көктөменің əумесер дауылындай о да қанша ала-сұрып баққанмен, уақыт 
дейтін сусыма құм бəрібір із-түзін қалдыртпай, түп-түгел өшіріп 
жіберетіндей. 
Төрт жыл бойы жорықта жүрді. Жүз мың аттың тұяғының баспаған жері 
жоқ. Сонда күндердің күнінде соның бəрін де дəл мынандай қып, жел 
үйіріп, құм жұтып қоя ма? Адам деген неменің ғұмыры ұйтқып-ұйтқып ба-



сыла қалатын қырдың желіндей құр əншейін өткінші нəрсе ғана болса, 
тұсында соның əрбір ұсақ-түйегін жіпке тізіп тіркеп бағатын адамның 
жады да мына сусыма құмдай тұрлаусыз бірдеңе екен ғой. Сонда анау аспан 
мен мынау жердің арасында баянсыздықтан басқа ештеңенің болмағаны да. 
Басқасының бəрі-өткінші, тек баянсыздық қана мəңгілік пе? 
Кім біліпті солай болса солай да шығар. Баяғыда өзінің көрмеген 
қорлығы бар ма еді... Тіпті осы ұлан-асыр түздің өзінде қатын-баласын 
жетектеп, қашып-пысып жүрмеп пе еді... Міне, сары ала күйменің ішінде 
отырып, көз салғанының өзінде жанарын пышақтай кескілеп келе жатқан 
кесір құм мұның талай борбайын осқылап, табанын күйдірмеп пе еді. Ең 
болмаса, түбінен қолымен тырмалап, сыз шығаратын бұта екеш бұта да 
табылмай еріні кезергенде, көңін қуырып, қаталатып бара жатқан қаскөй 
шөлден өмір-бақи құтылмайтындай, қасық қара су таңдайын шылайтын күн 
енді айналып келмейтіндей көрінуші еді ғой. Ал қазір соны кім біледі? Тіпті 
өзі екеш өзі де осындай ілуде бір қайыптан тайып ойына түспесе, есіне алып 
жарымайды емес пе? Баяғы қорлықты бүгінгі мəртебе, баяғы азапты 
бүгінгі бақыт ұмыттырмады ма! Сонда кешегідей бүгін де ұмытыла ма? 
Ендеше, 
жұрттың 
ертең 
деп 
көкіп 
жүргендерінің 
не 
болғаны? 
Жолындағының бəрін жапырып, бəрін құрдымға жіберер əулекі құртушы 
ма, əлде əлемдегі ар атаулының баршасының мүңкір-нəңкірі - баян-
сыздықтың қолындағы аяу білмес алмас қылыш па? Не? Ертең қылыш 
болса, төбесінен аузын арандай ашып тажал төніп тұрған бүгіннің не қажеті 
бар? Бірақ, бүгін мəңгілік болса, ажалсыз болса, кешегілер қайда? Кеше 
бұнымен теке тіресіп арыстандай арпалысып жүргендердің көздеріне қалай 
құм құйылды? Оларды омақастырған тек бұның аяу білмес алмас қылышы 
ғана ма? Жоқ. Ең алдымен, өздері, өздерінің əлсіздігі. Кеше деген əлсіздіктің 
екінші аты. Бүгін əлсірей-əлсірей кешеге айналады. Ал бет қаратпас алапат 
күш бүгін түгілі ертеңнің өзімен белдеседі. Күштіліктің шын аты -
Мəңгілік... Мəңгілікпен сол бет қаратпас алапат күш қана тіл табыса алады. 
Əлжуаздың ажалы бүгіннен, екі ортадағы дүрегейдің сазайы -ертеңнен, ал 
атасын танымас алып күштің Мəңгіліктің дəл өзіндей ажалы жоқ. 
Бүгін деген-қорқыныш пен үміттің екі ұдай аралығы. Пенде біткеннің 
қалтылдақ қайық мінгендей қалтырап күн кешетін бар аясы-тек сол ғана. 
Олар тек сонда ғана мықтылардың ұстап тұтынғанына көнеді. Ал, мықты 
тегеурінсіз өңшең əлжуаз түк те бітіре алмайды. Бір қолына қорқынышты, 
екінші қолына үмітті мықтап ұстап, қалғандарды екі ортада əрі-сəрі қылып 
қоя алатын тегеурін ғана əлжуаз əлсіздікті күшке айналдыра алады; оның 
қолына түскен бүгіннің өзі-ертенмен егесетін қару... 
Оның қай сардарының да құлағына құйып бағатыны-«басыңа қандай қиын іс 
түссе де
,
айла таптырмас тығырықтан қаш; əйтеуір түбі бір сытылып шығар 
амалды алдын ала қарастырып қой... «Əлсіздік те-тығырық... Одан да 
қашып құтылар айла-амалыңның көп болғаны дұрыс». 
Шариғаттың өзінде де бар емес пе? Баяғыда сұңғыла Сүлейменге бір күні 
құмырсқа кеп: «Саған жаратқан ием желді неге бағындырып бергенін 
білесің бе?»-деп сұрапты. Сүлеймен қапелімде жауап таба алмай мүдіріп 



қалыпты. «Ол сенің патшалығыңның ақыр түбі желге ұшатынына 
меңзегені»,-депті құмырсқа. Сүлейменнің бұны естігенде өңі ауып кетіпті. 
Əлгі құмырсқа: «Алланың əмірін ұлыларға кішілердің сөзі жеткізеді деген 
осы болады»,-деп тайып тұрыпты. Сүлейменнің де басынан ауған бақ кімнің 
басынан аумайды дейсің. Бірақ Сүлейменнің басынан бақ ауғанмен, даңқ 
ауды ма? Соған қарап-ақ, бақ-аз ғана күн тіршіліктің ырызығы да, ал даңқ 
-ұлан-асыр мəңгіліктің несібесі екенін біле беруге болмай ма? 
Бағзы Сүлейменнің даңқын қазірге жеткізген де əлгі жарлы дихан мен 
құрдым құмырсқа емес пе? Ұлыларға Алланың пиғылын жеткізетін кішілер 
олардың атын да тым алысқа шығандатып шығармай ма? Үлкендер істеген 
үлкен іс-кішкентайлардың кішкене көзіне тым алапат боп көрінбей ме? Ал 
шын ересен іс істесең, олар сені құдіреттің өзінен кем көре ме? 
Даңқтың астындағы дүлдүлі-дақпырт. Парасаттының аузындағы керенау 
ақиқат қашан үзеңгіге аяғын салғанша, дарақының аузындағы далаңбай 
дақпырт екі етек боп елден бұрын жетпей ме? 
Дақпырт тарататын дарақы тек дабырайғанды көреді. Дабыралап іс 
қылмаған даңқтың жылы-жұмсағынан дəметіп, құр бекерге тамағын 
ісірмесе де болады. 
Кішкентай көздерді не істесең де ірі істеп таңғалтасың. Таңғалған кісінің 
жақсы мен жаманды таразылап жатар шамасы қайсы? Мінекей, алдында күн 
батыстың талай елінің қазынасында жатқан алтын мен асылды теңдеп ап, 
тау-тау шағылдардың жып-жылмағай көбесін омыра опырып, балп-балп 
басып бара жатқан пілді алғаш көрген адам, «бұл жақсы хайуан ба, жаман 
хайуан ба» деп бас қатырып жата ма? Оның ересен үлкен денесіне де, 
орынсыз шұбалып жатқан оғаш тұмсығына да түк шошынбай да, жиренбей 
де, бірден таңғала қарап, таңдайын қақпай ма? 
Кішкентай көздерге жақсылық істе мейлің, жамандық істе мейлің, 
жанарының шарасына сыймайтындай алапат қып істе. Əйтпесе, аз 
жақсылығыңа бəрібір місе тұтпайды, ал сəл ғана жамандығыңды көрсе-
жерден алып, жерге салып жазғыра жөнеледі. Біреудің тұмсығын қанатсаң, 
бар пəлені басыңа үйіп-төгіп бағатын немелер кең əлемді белшеден қанға 
малып қойсаң: «Бұл не істегенің?» деп нəлет айтпайды. - «Апырай, қалай 
істедің?» деп қайран қалады. 
Тек тіріңде маңайыңдағылардың бəрін таңғалтумен өт. Өле өлгенше 
таңғалып өткенде саған өлген соң да таңғалады. Олардың аузындағы 
лақапты естіп, сені көрмегендер де таңғалады. Тек оларға əлгі өзгеден 
естіген естіміштеріне «е, бəсе» деп қойғызатындай қып, əр жер-əр жерге 
өз құдіретіңнен жұрнақ қалдырып отырсаң болғаны, 
Ол кез келген пенденің қолынан келмегенмен, бар қазынаны астыңа басып, 
бар қаруды маңайыңа иіріп ұстап отырған сенің қолыңнан келеді. Тек 
қажып қалма... Тоқмейілсіп қалма... Өйтсең болды, күйеуінің көзіне шөп 
салмай жүре алмайтын жады қатынның қойнынан өрген бөтен еркектей 
мына опасыз дүниенің тағы бір пұшпағынан өзіңнен гөрі мықтырақ басқа 
біреудің сыпаң етіп шыға келуі оп-оңай... Өзің де осынша құдіретке 
жұрттың қапысын тауып жетпеп пе ең, ендеше өзің де жұртқа қапыңды 



таптыртпа... Қапыңды құдай таппаса, адам таппасын... 
Құдай таппаса... Иə, бұл бұрын ол жорықтан жеңіспен оралғанда дəл осы 
жолғыдай қайдағы-жайдағының бəрін ойлап, миын ашытушы ма еді. Бұның 
бəрі ту сонау жүрегінің түбінде жасырулы жататын еді ғой. Жұртқа 
көрсетпек түгілі, қайта-қайта қолына алып қарай берсе, көлденең көзге 
қолды қылып алармын деп, қорқып, əйтеуір, сенімді жерде тұрғанын біліп, 
іштей тоқ боп, өзі де көп сұқтана бермейтін қымбат бұйымындай осы бір 
ұры түйіншек түп ниетін тіпті өз ойынан да бірер қабат қалтарыс ұстаушы еді 
ғой... Енді неге бүгін кеп, өз жынын езі қайта шайнап, күйіс қайтарған 
қоспақ түйедей əлдеқашан бүге-шігесіне дейін ойлап, əбден кесіп-пішіп 
қойған, тіріде ешкімге аузынан шықпайтын сырларын қайыра толғап, қайта 
ойлап отырғаны несі? Іш есепті де тұтынғасын, алмас қарудай берік 
тұтынған жөн. Орынсыз шошаңдата берсең, о да қолыңнан шығып кетеді, 
жауға бұйырса, өз қаруындай, о да өз мойныңды қырқады. 
Сондықтан ол өзі бір тұтынған шешімді қырық қайтара кесіп-пішіп 
жатпайтынды. Бүгінгісіне түсіне алмай келеді. Бұрынғы жорықтарында 
қанша шаршаса да тап мынандай ойы ойран болмайтын. Əлде, бір апта 
бойы ұлы құмның ішінде қыс пен көктемнің өліарасы-Бесқонақтың 
дауылына тап боп, əбден титықтап қажығанынан ба... Əйтпесе, бұ жолы да 
бағындырған 
елі, 
қиратқан 
тағы 
аз 
емес. 
Жол-жөнекейгі 
ұсақ 
патшалықтарды былай қойғанда, өзімен көптен ұстасып, сырттай теке тіре-
сіп жүрген екі бəсекелесінің көзін құртып келе жатыр. 
Бұрын аяғының астына домалап түскен бетен тəжді көрген сайын, бір 
айдынданып қалушы еді, бұл жолы селт етпей қойды. Əлде, бұл қанша бел 
бермеуге тырысқанмен іргеңе қонып алып, əрлі-берлі жүріп тұрғаныңның 
бəріне де итін қосып жатқан қаскөй көрші кəріліктен бе екен? Ол немені 
қалың қол ертіп барып шауып алуға да болмайды, айла-тəсілмен алдын орап 
қайтарып жіберетін аңғал жау да емес. Самсаған сары қолмен көк 
желкеңе келіп шатыр тігіп жатып алған ата дұшпандай бірден қол салмаса 
да, күн өткен сайын төбе-құйқаңды шымырлатып, сеніміңді сетінете түседі. 
Енді, міне, жылдап-жылдап жүріп қайтатын алыс жорықтардың да, бұдан 
былай ауырға түсетінін мықтап сездіріп келеді, 
Соны ойлағанда жүрегінің басын аяз қарып алғандай, шым ете қалды. 
Тақ бұйырып, тəж киіп, əзін басынған жауды бір-бірлеп алдына жыға 
бастағанда-ақ, өмірінің алтын тақтың үстінде емес, ат үстінде өтетінін анық 
аңғарғанды. 
Сол бетімен əлі келеді. Талай елді бағындырды. Ат тұяғы жетер жерде 
бұның қол астына қарамаған жалғыз-ақ ел бар. Қара құмырсқадай қаптаған 
немелер көптігіне сене ме, өзгелердей айбына қоймайды. Тіпті ау-ық-ауық 
бұған жіберіп тұратын селдір сақал, қысық кез елшілерінің өзі бірде 
елпілдеп аяғына жығылып, бірде кілгіре қарап, манаурай тіл қатып, 
мардамси қалады. 
Тісін көптен қайрап жүргенмен, оларға кезек енді келген сияқты. Қалған үш 
тарапты аузына қаратып, қайта тұрмастай етіп тізесіне басты. Енді басқа 
алаңдары да жоқ. 



Қазір талай жаудың жүрегін шайлықтырған əскері де нағыз «сен шап, мен
атайын» боп бабында тұр. Оның ойы-əскерінің осындай тас түйін қалпын
жоғалтып алмай, бірер ай ғана тыныс қып, алыс жорыққа аттанып кетпек. 
Соған бола, осы жорығында ертең тағы бас көтеріп, қарудың күшімен ұстап
тұрмас үшін қай елді алғанда да, əскерлерінен жұрнақ қалдырмай түгел
қырғызды. Жол-жөнекей бұрын көнген аймақтардан да қол қосып алып
келеді. Мың сан тұяқ құм шағылды қарш-қарш асап, мың-мың көк найза
күнге шағылысып, шағыл-шағылдың ара-арасынан шұбырып шығып жатқан
соңындағы қара құрым қол алыс жорықтан еліне қайтып келе жатқан
əскерден гөрі елінен жорыққа енді аттанып бара жатқан əскерге көбірек
ұқсайды. Жауынгерлері қыз қойнынан өргендей құп-қунақ. Тулар мен
көзге түскен онбасы, жүзбасылардың қыл құйрық нысана найзалары да
шашақтарын желге сылап желк-желк етеді. 
Жорықтан қайтып келе жатқандарын сездіретін қазына артқан керуендер
мен қолдарына кісен салулы көп құл, көп күң ғана. Ол не болса да Байтақ
шаһарының өзіне осы сары масадай самсаған қалың қолымен кірмек. Үш
тарапты табанына таптап келе жатқан əміршілерін халық өз көзімен көріп, 
бір айбынып қалсын... 
Кенет, Əмірші алдындағы ақ шағылдың үстіне шаншылып шыға келген бір
жіңішке сырықты көзі шалды. Көктемгі шайдай ашық көк ніл аспанның
өзінен де көкпеңбек сол тіп-тік сырық құм тасасынан сəл-пəл мұнартып
көрінетін көкжиекке инедей қадалып тұрып апты. 
Бұны əлденеге аян берген нышан ба деп, қасына сейіттерінің бірін шақырып
сұрағысы келді де, оның барған сайын тым қара көктеніп, айқындала
түскенін байқап, əліптің артын бақты. 
Ұлы шағылдар таусылып майса құмақтар басталды. Көп ұзамай қатқыл
жолығатын сыңай танылды. Əуелі тыр жалаңаш құмның əр жер-əр жерінен
қылаңытып қана керінген бұта басқан бұйрат шағылдардың барған сайын
қатарлары жиілей түсті. 
Шағылдардан асқасын, бұрынғы аяғының астына кеп жатып қалған көкжиек
те бауырын көтеріп ту-ту алысқа жылыстай бастады. 
Мынау қара құрым қалың қолдардан сескенгендей алыс-алыс бұйраттарға
қарай мысық табандап шегіне түскен көктемгі күлтілдек көкжиекпен бірге
əлгі бір сиқыр сырық та алыстай берді. 
Бұлар жүзген, сексеуіл, шағыр ұйлыға өскен ойдым-ойдым түлейлерді
орағытып етіп, құмақ жалдарға көтерілді. Көп ұзамай қатқақ қара жонға да
шықты. Сонау ту-ту алыстан сағым көтерген ала теңбіл таулар бұлаңытты. 
Тағы да біраз жүріңкірегенде, алабас таулардан көп беріректе сағым шалып
жатқан кең қойнауда көп қарайғандар көрінді. Əлгі бір елден ерек серейіп
көрінген көк сырық та бірте-бірте селдір мұнарға сіңе түсті. 
Көк қойнаудағы көп қарайған айқындала бастады. Қарсы алдарынан қара
құрым қалың қол кес-кестеп тұра қалғандай зəулім мұнаралары көк мұнарда
қалқып, байтақ шаһар шыға келді. Қақ төрде əлгі бір аспанмен бой таласқан
көк сырық, енді байқады-мұнара. Оны бұрын бұл шаһардан көрмеген
сияқты еді. Көк масаты көйлек киген əлдебір арудың алыстан арып-ашып 
kitapkhana.ucoz.com



келе жатқан жарына сағына қол бұлғап, көкке көтерген білегіндей жұп-
жұмыр, сымбатты мұнара жақындаған сайын жалт-жұлт ойнап жарқырай 
түсті. 
Қалың қол жылмиған жазық кең қойнауға түскенде, жер реңі кенет қызғылт 
тартты. Əр жер-əр жерде жыбыр-жыбыр қыбырлап, кішкене-кішкене 
қарайғандар жүр. Көктем шаһарды шырқ айнала қоршап жатқан кең 
ойпаттың астын үстіне шығарыпты. Атқа жеккен, өгізге жеккен, жаяу 
сүйреткен көп соқа енді-енді бозқылшықтана бастаған тақтай тегістіктің 
сауырын таспадай тіліп, жеңіспен оралған сапардың салтанатты шеруіне 
тұрды. Қақ алдында адырналарын шірене тартып садақшылар, одан кейін 
сұп-суық көк алмастарын көкке көтерген қылышкерлер мен найзагерлер 
тұрды. Олардың өкшесін баса, кісендеулі құлдар мен олжалар артылған 
ұзын-шұбақ керуен жүреді. Керуеннің артын ала-əр қилы халықтан таңдап 
алынған тұтқын қыздар өтеді. 
Солардан соң барып, он мың нөкердің ортасында күмбірлеп хан отырған 
шатыр көрінеді. 
Қос қанаттағы жер қайысқан қалың қол мен тосқауыл əскер сансыздың 
соңынан шаһар қақпасына дейін бірге барады. 
Жолдың екі бетіндегі жүзімдікке, қауын-қарбыз егетін бақшалыққа, 
мақтаға айдалған аңыз жер біраздан соң бау-бақшаға ұласты. Жеміс 
ағаштары енді-енді бүрлей бастапты. Төңірек көк ала шыт көйлек кигендей. 
Сол селдір көк шабдар алаптың астынан шым дуалдар қоршаған аула-
ауланың арасымен көшелер басталды. Көшенің екі бетіндегі кең 
жаймаларда қытайы жібек, күнге шағылысқан əр алуан асыл тас, алтын, 
күміс, былғары мен шұға, аң терілері, шартараптың саудагерлері əкелген 
ірілі-ұсақ бұйымдар ыбырсып жатыр, жылы самсаның, кепкен мейіздің, буы 
бұрқыраған ыссы палаудың, сексеуілдің шоғына шыжғырған кəуаптың ию-
қию иісі мұрын жарады.Көк желек жамылған бау-бақша кілт азайып, 
ығы-жығы адам мен иін тірескен қоңырқай дуалдар көбейе түсті. Лай 
шалшыққа бір бүйірден келіп қосылған ақ түтек ағындай боп, шерудің 
алды шаһарға ене беріп еді, шаһардың қаң ортасындағы биік дөңестегі 
шырқ айнала су толы тоғандармен қоршалған биік қорғанның іші 
кернейлетіп қоя берді. Сол-ақ, екен шашақты найза мен қыл жалаулары 
жалбыраған қалың қолдың да бар керней, бар дауылпазы дабылдата жөнелді. 
Мың-сан тұяқтың саздауыт жерді шегелеп басқан қуатты дүсірі мен 
даңғырлаған дабылдан Байтақ шаһардың барша көк күмбездері мен көк 
мұнаралары да байлаудағы тұлпардай арқасы қозып жер тарпып тұрғандай, 
күллі дүние тітіреп кетті. 
Шаһар тұрғындары қапелімде өңдері қату көк найзалардан қорқып 
кеткендей дуалға асылып, саңылаулардан сығалап, шерулетіп өтіп бара 
жатқан көп əскерден көз алмай қарап қалыпты. 
Алмас ханның бар назары шаһар үстіндегі шалқар аспанға асқақтай бой 
көтерген жаңа мұнарада... 



II 
Əмірші жорықтың жеңіспен аяқталғанына той өткізді. 
Той екі айға созылды. Ол өткен ашық алаң тағы да қаңырап бос қалды. Екі ай 
бойы той тойлаған байтақ, шаһар қайтадан үйреншікті тіршілігіне көшті. 
Əбден қапысыз сайрандап, құмарларынан шыққан жұрттың бəрі қунақ. 
Тек Əміршінің ғана шаршағаны тарамаған. Ол той өткен күннің ертеңіне 
шаһардың шыға беріс сыртындағы оңаша сарайға көшіп алғанды. Ол ішіне 
күн түспейтін қалың бақтың қақ ортасындағы биік төбенің басыда-ды. 
Салтанаты өзге сарайлардың ешқайсысынан кем болмаса да, онда ешкімді 
қабылдамайтын. Сарай тұрған төбенің жан-жағындағы бақ та тау 
қойнауларындағы табиғи тоғайдай өз бетімен өскен-ді. Оның ішіндегі еліктер 
мен тотылар да, өзге бақтардағыдай қолға үйретілмеген, жабайы; адам 
көрінсе анадайдан қаша жөнеледі. 
Мұнда келгенде Əмірші өзге сарайлардағыдай қақырайып тақта отырмайды. 
Көбіне-көп сарайды шырқ айнала қоршаған тоған судан көпірмен өтіп, күні 
бойы бақ ішін аралайды. Қасына жолдас та ертпейді. Бұл баққа үй ішінен 
басқа сарай адамдарынан ешкім жіберілмейді.Бірақ олар да мұнда тек өз 
рұқсатымен ғана аттайды. Ол көбіне-көп кішкене немерелерін осында 
шақырып ап, күні бойы бірге қыдыратын да, кешқұрым күймеге отырғызып, 
бəйбішесіне қайыратын-ды. 
Бұл жолы мұнда немерелерін де алдыртпады. Жолығатын шаруа бар еді деп, 
бəйбішесі адам жіберген екен, кейінірек сөйлесерміз деп қабылдамай қойды. 
Ұзақ 
жорық, 
одан 
кейінгі 
той-томалақтың 
ырду-дырдуы 
əбден 
қалжыратқан. Қазір ешкімді көргісі келмейді. 
Саябақтың оңаша түкпіріне барып, сылдырап ағып жатқан бұлақ 
басындағы қойтастарға отырады да қояды. Мынау жарық жалғанда тек осы 
бір аядай тұма бұлақтың басында ғана ол өзін билеуші сезінбейді. Сылдыр-
сылдыр ағып жатқан мөлдір бұлаққа да, жасыл-желек арасында мігірсіз 
шықылықтаған сансыз құстарға да, су үстінен шыр айналып шықпай қойған 
көк қанат инелікке де оның ешқандай əмірі жүрмейді. Бұл арада одан 
ештеңе ықпайды. Тек қалың нудың ішінен шыға кеп, бұны көргенде 
дүркіреп кейін қарай зыта жөнелетін үркек еліктер ғана сескенеді. Бірақ 
олар да бұдан атақты билеуші екен деп емес, көп екі аяқтылардың бірі екен 
деп қорқады. 
Ол бұлаққа беттегенде төңіректегі сақшылар мен сарай қызметкерлері де 
көзге көрінбей жымып береді. 
Əмірші оңаша тұма бұлақ басында ұзақ отырады. Талай-талай алыс 
жорықтарға тəуекелді осы арада буғанды. Талай-талай тəж кигендердің 
тағдыры да осы бір пейіштей рақат маужыраған оңаша алаңқайда сылқ-
сылқ күлген сылқым бұлақ басында шешілген-ді. 
Мұнда 
келгенде 
көкірегінде 
де 
əрдайым 
мынау 
жер 
қойнынан 
жылымшылап шығып жатқан тұнба судай таусылмас, тартылмас ойлар 
қоздайтын. Бірақ бұлақ суы бір қалыпты шыға береді, бір арнамен аға 


10 
береді. 
Ал, Əміршінің көңілінде енді түлеп жатқан түртіншек ойлар қайта-қайта 
арнасынан адасып, əр саққа бір жүгіріп кетеді. 
Міне, бүгін де ол көп ұзамай тағы да атқа қонатын келесі жорығы туралы 
ойланғалы келіп еді, есіне қайдағы бір алма сап ете қалды. 
Сол бір білінер-білінбес жіп-жіңішке пышақ дағы түскен нарт қызыл алма 
кеше бұның алдынан қайтқанды, жаңа тамақ үстінде қызметші əйел алтын 
табаққа салып тағы əкеліпті. 
Ол өзге алмалар жетпегендей, тап соны ұстай апты. Арасын ашып қарап еді, 
бұлаңдап құрт шықты. Қызметшілерінің алдында мінез шақырып 
жатпайтын; байқамаған боп табаққа қоя салды. 
Қызметші əйел қайта алып кетті. Ол қатуланып отырса да, қызметшінің бұл 
ағаттығын кешірген болды, лықсып келе қалған ашуын жасырған болды. 
Бірақ мұның қиырдан шалып отыратын қырағы көзі қызметші əйелдің жұқа 
ернін жымқыра тістеп алғанынан басқа, жүзінен не жүріс-тұрысынан 
ешқандай қысылған-қымтырылған мінез байқамады. Қызметші əйелдердің 
иба сақтаған боп, еріндерін тістеп, жымиып күліп жүретіндері қашанғы 
əдеттері емес пе! Сонда қызметші əйел Əміршінің алдында əлгіндей 
ыңғайсы; жағдайға ұшырағанына түк қысылмағаны ма? Əлде дас-тарқан 
үстіне өзге тағамдар мен ыдыс-аяқтарды қойып, күйбеңдеп жүріп, көрмей 
қалды ма екен? Қызметші түгілі уəзірлер де, қол басылары да, тіпті өз 
балалары алдына келгенде бауырларын жаза алмай, бүгежектесі тұрмай 
ма? Ендеше, бейшара əйелге не жорық; ол тіпті əміршінің жүзіне қарауға, 
не істеп не қойғанын аңдып отыруға жүрегі дауалайды дейсің бе; əлгіндей-
əлгіндейді тіпті байқамайтын да болар. 
Əміршінің кейде қарауындағылардың оп-оңай нəрсеге қайтіп ақылдары 
жетпейтініне қайран қалатыны бар. Артынан өзі байыптап ойлап-ойлап, 
онысының бекер екеніне көзі жетеді. Өзі болса, біреуге жаға ма, жақпай 
қала ма деп қипақтамайды, ал қарауындағылар мұның қас-қабағын бағып 
қипақтап тұрғанда, шатаспастан шатасып кетуі əбден ықтимал. 
Ол бағыныштылармен оңаша сырласқанда мəжіліс тесін ұзақ сөйлетіп, өзі 
үн-түнсіз тыңдайды да отырады. Əбден айтатынын айтып болғанша сөзін 
бөлмейді. Ұстаз алдындағы бала шəкірттей қыбыр етпей, аузына қарап 
қатады да қалады. Тіпті «иə, дұрыс, айта бер» деп мақұлдап басын да 
иземейді. Өйтсе де, кейбіреулердің «тап осы бағытымнан ауып кетсем, 
жақпай қалармын» деп ыңғайға аунап, көп сырын ішке бүгіп қалуы мүмкін 
ғой. Оған өз бағыныштысының ішіне құлта сақтамағаны, не ойлап, не 
қойғанын түк қалдырмай түгел айтып бергені керек. Өйткені бұның əмірінің 
астындағы елде ішіне сыр бүгіп, құлта сақтауға тек оның өзінің ғана хақысы 
бар. Ал былайғы жұрт бұның жолынан жаны мен қанын аямағанда, сырын 
аяп қайтеді... Бұл өзіне бағынышты жердегі əр пенденің не ойлап, не 
қоятынын түгел біліп отыруға тиісті. Əсіресе өз төңірегіндегілердің 
көкірегіндегісін əбден ақи-тақи бəрін біліп алмай тұрып, көңілі көншімейді. 
Адамның сырын білмейтін атқа мінбейтіні сияқты, не ойлап, не қоятынын, 
өресінің қайда жетіп, қай жерден сүрінетінін білмейтін кісілерді де 


11 
маңайына жолатпағаны жөн. Оның үстіне əр адамның сыры көкейінде жат-
қанда ғана өзінің қаруы да, аузынан шығып кеткен соң естіген кісінің қаруы 
емес пе? Бұл өз маңайындағыларға ішіне құлта сақтатпауға тырысады. 
Қайқайсысының да бар сырын біліп ап, өз сөзімен өзін матап қояды. 
Сондықтан да бағыныштыларын ештеңеден секем алдырмай, еркін сөйлетіп 
бағады. Біреуді тыңдап отырып, сөзін түзеткенді ит етінен жек көреді. Қайта 
білетін нəрсесін білмеген боп, өп-өтірік аңғал сұрақтар қояды. 
Сонда жер түбіндегіні біледі дейтін сұңғыла Əміршінің қайдағы бір 
қарапайым нəрселерден де бейхабар екенін көрген мəжілістесінің манағыдан 
бері көмейіне іркіп, ашып айтпай, маңайлап қайтып жүрген тілдегі тиегі өз-
өзінен ағытылып қоя береді. 
Сөйтіп, əуелі бағыныштысына ішіндегі қырындысына дейін айтқыздырып 
алады да, өзінің анау ойлап отырғандай аңқау еместігін артынан барып 
аңғартады, ар жақ-бер жағыңды айтқызбай біліп отырған көріпкел кісінің 
қалпын танытады. Сонда əлгі саулап отырған «сабазың» бірден жым болады. 
Бұдан кейін ол да бір, мұрындығы тесілген тайлақ та бір-айтқаныңа жүріп, 
айдауыңа көнбеске амалы қайсы... 
Əмірші атаулының былайғы жұрттан биік тұратын жері де-өзі кімнің сырын 
білгісі келсе де, сұрап біліп ап, өзге ешкімге сыр айтпайтындығьшда емес 
пе? Арғы-бергіде Əміршіден сыр сұрауға жүрегі дауалаған адам бар ма, 
тəйірі... 
Əмірші аузына қандай берік болса, құлағын да əркімнің аузына төсеп 
отыра алмайды, оған біреудің өсегін тыңдағаннан гөрі басындағы алтын 
тəжді жұлып ап, сасық ауыз өсекшінің алдына түкіргіш қып қойғаны 
əлдеқайда дұрыс. 
Ол біреу туралы шағым айтып келген кісіні ит етінен жек көреді. Ал өзі 
туралы өзгелер не айтып жатқанын өсек қып жеткізгендерді бір-екі рет дар 
астынан қайтарғаны да бар. Содан бері бұған ешкім əлгіндей бұралқы 
əңгімемен маңайламайтын болды. Уəзірлері мен балалары өзі тапсырма 
бермесе, ешкім жөнінде ештеңе айтпайды. Бұл білуге тиісті төтенше 
оқиғаларды ханның үй іші не сарайдың аса жоғары дəрежелі ұлықтары бұл 
бал аштыратын сейіттерге айтады. Олар бұған өздері естіген жайсыз 
хабарды нысаналап білдіреді. Бұл олардың əлгіндей нысаналарының əр 
жағында не жатқанын ақи-тақи білгісі келсе ғана шақырып ап, өлгі өзі 
байқаған нысананы жорытады. Сонда сейіттер оған өздері естіген қолайсыз 
лақапты ашып айтпай, əлгі нысананың жоруы қып тұспалдап жеткізеді, оны 
қалай түсіну бұның өз еркінде. Əлгі тұспал əңгімеге қарап, қандай 
қорытынды шығарарын, жазықтыға қандай жаза қолданарын тек өзі ғана 
біледі. Əрбір құлағы естіген ұнамсыз жағдайды əшкерелеп отыру, жазалап 
отыру падишаның өзіне де оңай тимейді. Ал біреуден əлгіндей қылмыстың 
анық-қанығын естіп біліп отырып, оған лайықты жаза қолданбаса, о да 
халық алдындағы асқар таудай абыройына дақ салар еді. 
«Қайда да айла таппас тығырықтан қаш», деген өз қағидасын берік 
тұтынатын ол бұл мəселеде де өз қолына өзі бөгеу салғысы келмейді. Оның 
үстіне шағым мен өсек жекелеген кісілер үстінен айтылады. Қара нөпір 


12 
əскерді қан қасап қып қырып тастауға бар Əмірші əрбір жеке пенденің іс-
əрекетін бағалағанда, əсіресе жазалағанда, қиянат, əділетсіздік жіберуге 
қатты қаймығады. Өйткені соғыста жазықсыз жауынгерлерді, əркімнің 
əлпештеп өсірген өрімдей ұлдарын қанша көп қырсаң, соншалықты атағың 
асса, жай өмірде жай əншейін көкірегінде жаны бар жалба тонды 
қайыршыға істеген сəл əділетсіздігің абыройыңды айрандай төгеді. Ал 
Əмірші басыңмен қарапайым біреуге қайырым жасасаң, қаншама боздақты 
қырған қан ішер атағың жойылып, қарашыға қайырымдылық жасаған, қара 
қылды қақ жарған əділетті атағың жайылады. 
Оған да баяғыда күнгей жорығының тұсында əбден көзі жеткен. 
Пəлен ай бойы үдере тартып келе жатқан ауыр қол ақыры жау астанасына 
да жақындады. Алдарынан арқырай мөңкіген тау өзені жолықты. Арғы 
бетте өкшелері жалтыраған қара сирақ диқандар маң-маң басып дəн сеуіп 
жүр. Кең қойнауды шырқ айнала қоршаған таға таудың баурайының бəрі 
бұйра-бұйра ну жыныс, үлпілдек ақ жолақ, ақшыл жолақ, сарғыш жолақ, 
қызғылт жолақ, жасыл жолақ - теңбіл-теңбіл. Ертеңгі пісетін шырын 
жемістердің дəмін сездіретіндей бір түрлі күмілжі тəтті иіс кісіні еліттіріп, 
басқа шабатындай. 
Сол бір пейіштей көркем қойнауға быжынап көп шатыр қонды. Барлық 
кернейлер тартылып, барлық дауылпаз дабыл қақты. Əлгі тұнып тұрған 
тыныш қойнау мен манаурап жатқан марғау тауларға жан біткендей, жан-
жақтан дүбір мен дүсір көбейе бастады. Бұйра жы-ныстардың арасындағы 
бұғылар мен еліктер сытылып шығып, өзеннің арғы бетіндегі ұлан-асыр 
кең жазыққа қарай лап қойды. Жан-жақтан тартылған сұр жебе онсыз да 
жүректері ұшып безіп бара жатқан жүйрік хайуандардын соңынан 
суылдап қуып берді. Талайы омақаса құлап, опат тапты. Қалың қолға 
оңай ет табылды. 
Өзеннің арғы бетіндегі қара сирақ диқандар да, қара жолақ айғыз-айғыз 
аңыз басына қолдарындағы соқала-ры мен кетпендерін, тұқым толы 
дорбаларын тастай-тастай қаша жөнелді. Бірақ олардың соңынан оқ жауған 
жоқ. 
Тау баурайындағы сыбдыр күшеймесе басылар емес. Олар, шамасы, қалың-
қалыңның арасымен арғы қауіпсіз баурайға жылысып бара жатқан 
жымысқы жыртқыш аңдардын дүсірі болса керек. 
Жауынгерлер ағаш кесіп, шоқы-шоқының басына отын үйді. Кешқұрым 
кеңінен орағытып жатқан тағы таулардың басынан қатар-қатар тізіле 
жағылған көп алау лаулап қоя берді. Жазғы аспанның быжынаған көп 
жұлдызы жер бетіне көшіп қонғандай. Түнгі көкжиек түп-түгел өрт 
құшағында. 
Ертеңіне де ол тырп етпей сол көк қойнауда жатып алды. Тағы да кеш түсті. 
Тағы да жер мен көкті отқа тоғытты. 
Астана төңірегіндегі қалың елдің мынадай жұлдыздан да көп əскерге дəт 
қылып жатар шыдамдары екі-ақ күнге жетті. Үшінші күні таңертең жан-
жақтан бұларға еркімен мойын ұсынған босқындар лек-лек ағыла бастады. 
Ол босқындарды əскер жайғасқан алқапқа жолатпай бір жағы-ақар-шақар 


13 
тау, екінші жағы-доғаша иіліп, орағытып ағып жатқан жойқын өзеннің 
ортасындағы тығырық тар түбекке иіріп қамай тұруға əмір берді. Осынау жер 
қайысқан жау нəсілді ертең піл үстінен от жаудырып шығатын жау 
əскерінің алдынан салмақшы. 
Түс ауа босқындарды барып көріп кел деп үлкен ұлын жұмсап еді, көп 
ұзамай қайтып келді. Өңі сұп-сұр Қалың кірпіктері жаппай көтеріліп, бадырақ 
ала көзіндегі бар үрейді жарқыратып жайып салыпты. Есіктен аттамай жатып: 
-
Босқындардың саны жүз мыңға жетті, – деді.
-
Бесінге дейін біздің əскердің санынан асып кетуі мүмкін, – деді 
əмірлердің бірі. 
Бұны естігенде сары ала шатырдың екі жақ іргесін толтырып, қаз қатар тізіліп 
отырған əскер басылар бір-біріне қарасты. Олардың көңіліне ойда жоқтан 
қонақтай қалған қобалжуды бұл айтқызбай-ақ танып отыр. 
Бұның оң жағында сыртын тай жарғақпен қаптаған қалың Құранды, қарсы 
алдындағы күміс тағанның үстіне қойып, таспиық тартып отырған ақ сұр хазірет 
əңгімеге араласты. 
-
Уа, тақсыр, қара шыбындай быжынап, мынау жарық жалғанды қайдағы 
бір ыбылыс-ластыққа жайлатып бара жатқан кəпір тұқымды қалай қырсаңыз да, 
қанша қырсаңыз да сауап. Мен өзім ол найсаптардың онын өз қолыммен 
бауыздауға əзірмін. Оларды осы қазір қылыштың астына алмасаңыз, алдымызды 
түнге айналдырсақ, қапы қалуымыз ықтимал, – деді. 
-
Хазірет жөн айтты. 
-
Иө, қапы қалуымыз мүмкін. 
Үлкен ұлы мен бас уəзір оның сөзін қосарлана қостады. 
Бесін ауа қалың əскер босқындар иірілулі тұрған түбекке беттеді. Олар əуелі 
бұлардың не мақсатпен келе жатқанына түсінбей, айқайлап қуанды. 
Көктің жүзін көшіп келе жатқан шегірткедей жебе қаптап кеткенін көргенде 
барып, жан дауыстары шығып бақыра бастады. 
Жүз мың адамның өкірген, бақырған, шыңғырған əжептарқы даусының 
жаңғырығынан жан-жақтағы шоқы-шоқылар ел көшкен жұртта қалған бұралқы 
иттердей жапатармағай ұлып қоя берді. Жойқын өзеннің сары ала суы 
бұрынғысынан бетер жөңкіле ағып жатқандай. 
Садақшылар жаудырған көп жебеден босқындар бірінің үстіне бірі құлап, 
жайрап қалды. Қалғандары қаптап келе жатқан қалың əскерден, қастарында 
сұлап-сұлап жатқан өліктерді бірінің үстіне бірін қалап, төбе-төбе қалқа жасап, 
жандəрмен қорғанып бақты. 
Енді іске найзагерлер кірісті. Көк сүңгіге ілінгендер ақырғы рет аспанды бір көріп 
қалайыншы дегендей, ба-сын əнтек шошаң еткізіп, шалқая бір қарайды да, сосын 
мойындары сылқ құлап, найза ұшында қан сасып жатқан қара жерге тесіле қарап 
тұрып қалады. 
Өліктерден қалаған тосқауыл опыр-топыр құлағанда қылыштар көкке ойнап шыға 
келді. Өмірінде қой да бауыздап көрмеген хазіреттің өзі қолына қылыш алды. 
Босқындар қарусыз болса да, арыстандай арпалысты. Қолына түскен жауынгердің 
кеңірдегін орып, құлағын шайнап жатқаны қайсы, оқ тиіп жерде құлап жатып, 
өтіп бара жатқан жауынгердің аяғына жабысып, тілерсегін қырқып, қадалып 


14 
айырылмай жатқаны қайсы-манағы өкірген, бақырғанның бəрін қойып айқасьш 
бақты. Қарш-қарш тіс шықыры мен дүрс-дүрс тиген жұдырық дыбысы қылыш 
суылына, ақырғы рет ышқынған жан тəсілімге араласып, ию-қию; суға атылып 
бас сауғаламақ болған босқындар қызыл түтек ағын мен садақ оғына жем болды. 
Күн екіндіге таянғанда тығырық түбекте жауынгерлер жұлықтарынан қан кешіп 
өліктерді төбе-төбе қып үйіп жатты. 
Қара шыбындай көп деп айбынып келген жұртты оп-оңай жусатып 
тастағандарына əбден еліріп алды. Ол күні түні бойы аспанды шырақтай маздатып 
өлік өртеген алаулардың айыр тілі шарпып шықты. Түнгі аспан күңірсік 
өліктердің май-май күйесіне батып қалған тажал қазанының түбіндей қап-қара 
боп, бауырын алауға аймалатып, тас төбеден төңкеріліп төнді де тұрды. 
Ертеңіне таң намазын оқып болған соң, хазіретке Құран аштырды. Ақ сұр молда 
қалың құранды алдына алып жая салды да, ашылған беттегі сүрені күңіреніп оқи 
жөнелді: «Шынына келсек, мұндағы өмір неге ұқсайды? Ол аспаннан жер бетіне 
адам мен барша жан-жануар атаулы азық қылатын алуан түрлі өсімдік өнсін деп 
жауатын нұрдың суына ұқсайды. Жердің беті қызыл-жасыл құлпырып, гүл-гүл 
жайнап шыға келгенде, пенделер оны бұндай көз тойдырар көрікке бөлеп жүрген 
өзіміз ғой деп ойлайды, ал сол араға бір күні не бір түні мына біздің тəтенше 
əміріміз тап болса, ол өмірі ешқашан əлгіндей гүлдеп, құлпырып көрмегендей, 
түк атаулы тып-типыл боп түгел жайпалып, құлазып шыға келер еді». 
Ақ сұр хазірет Құранды қайта жапты. Сосын жай əуенге кешсе, құран оқыған 
мақамын ұмытып қалатын кісіше ыңыранып сөйлей бастады: 
- Тақсыр əлгі ашылған сүре мынау көк найзаңыздың астына кеп, ажалын тосып 
тұрған көп көпірдің басына көрінетін болжал. Іншалла, бүгін олар да орылған 
қаудай жайпалып қалады екен. Енді Алла тағала сіздің өзіңіздің бүгінгі 
ғазауат ұрысыңызға қандай нышан білдірер екен, соны көрейік, – деп 
тізесінде жатқан құранды қолына қайта алды. 
Бұ жолы: «Алла сізді ештеңеге билігі жүрмейтін құлақ кесті құнсыз құл 
менен оны құрбандыққа шалмай тұра алмайтын асыл қасиет, абзал сипат 
беріп өз тəнімізден əдейі жаратқан сүйікті ұлымызбен салыстырып көруге 
меңзейді» деген сүре шықты. 
Хазірет оны: «Бұл жерде жаратқан ием кəпір мен мұсылман жайлы 
мисалды айтып отыр. Біреуі-алтынға сатылатын құлақ кесті құл, қор; 
екіншісі-өз ырзығын алланың шарапатынан алған, не істеп, не қоям десе де 
еркі бар азат адам; ол екеуі ешқашан бір-бірімен тең болмайды деп, сіздей 
сайыпқыранның қылышынан өлгендердің сұраусыз екендігіне меңзейді», – 
деп түсіндірді. Сосын басталғалы тұрған ұрыстың кəпірстанды пайғам-
бардың ақ туының астына жығуын тілеп бата қылды. 
Ол əскерін алдарындағы асау арнаның арғы бетіне шығарды. Өзі атына 
мініп, əскердің оң қанаты мен сол қанатын, маңдайы мен ортасын, 
тосқауылды сапқа тұрғызып, орын-орындарына жайғастырды. Оң қанатқа 
үлкен ұлы мен кенже ұлын жəне төрт əмірді, сол қанатқа екі ортаншы ұлы 
мен төрт əмірді, алдыңғы шепке бас қолбасшыны, бір ұлын жəне төрт əмірді 
қойды. Ортадағы əскерді өзі басқаратын болды. 
Жау жағында жиырма мың атты əскер, отыз мың жаяу əскер, жүз жиырма 


15 
піл ұрысқа кірісуге сақадай сай тұр. Жүз жиырма пілді бір-біріне 
тұмсықтарынан тіркеп қойыпты. Арқаларына ұзын-шуақ ашамай ерттеліп, 
оған əрқайсысына алты-алтыдан садақ ататын мергендер отырыпты, 
пілдердің ара-арасында алма кезектестіріп тас атқыштар мен ауыздарынан 
от шашатын зеңбіректер қойылыпты. 
Мынау дөңкиген-дөңкиген тау-тау пілдердің қасында мұның атқа мінген 
əскері жаяу адамдай тым жұпыны, тым жатаған көрінді. Оны анау дəу 
мінгендер қазір-ақ жайпап өтердей. Кеше құр қол босқындарды қыруға 
екіленіп кіріскендер бұ жолы сасайын деді. Əсіресе молдалар, жұлдыз 
қарайтын сəуегейлер, қазына ұстайтындарда өң қалмады. 
Бұл: «Соғыс тұсында сендер қайда боласыңдар?» -деп сұрап еді, олар: «Біз 
анау қатын-балалар қорқар, солардын қасында қара боп тұрсақ қайтеді?» – 
деп шу ете қалды. 
Əмірші күліп жіберді. 
Алқаптың екі бетінен жер қайысқан қалың қол ман-маң басып, бір-біріне 
жақындап келеді. Екі жақтың қақ алдарындағы шолғыншы əскерлері енді-
енді маңдай түйістірерде, ол өз əскерінің қақ ортасындағы үйік оба-ның 
басына шығып, жайнамазын жайып, құбылаға қарап, намазға жығылды. 
Намаз оқып отырып майдан даласына көзі түсіп еді, алдыңғы шеп- ауыр 
пілдер мен қарша бораған қара тасқа қайрат қыла алмай, мысық табандап 
шегініп келеді екен. 
Ол жайнамазын шұғыл жиып, ортадағы əскерден екі қанатқа қосымша əскер 
жіберді. Сол-ақ екен жау əскері бұларды маңдайдан тықсыртып, ішке біраз 
еніп кеткен кезде, екі қанаттың тосқауыл əскері қос бүйірден қапта-ғайлап 
дүрсе қоя берді. Барлық күштерін маңдайға салған жау əскері 
қапталдарынан мұндай тосын килігісті күтпеп еді, қапелімде сасқалақтап 
қалды. Соны сезген мұның ту сыртындағы тосқауыл əскер де қақ айрылып 
қос қанатқа қарай ұмтылды. Бұлардың маңдай алды күштері жаудың 
пілдерін өз соңдарына салып, тереңге шегіне берді. 
Қос қанаттан тап берген мол əскерден тоқтай қап қорғанған жау əскері 
пілдерінен қара үзіп алыстап қалды. Соны пайдаланған бұлардың алдыңғы 
шебі, жүз жиырма пілді арттарынан орағытып қоршауға алды. 
Екі сақинаның ортасында бір-бірінен ажырап қалған жау қанша жанталаса 
ұрысса да, бірте-бірте əлсірей берді. 
Ашамай үстіндегі мергендерді бұлардың жан-жақтан жауған жебесі баудай 
жайпады. Көп ұзамай ер жүрек жігіттер қылыштарын жалаңдатып пілге 
қарсы шапты. Бір-біріне тұмсығынан байлаулы хайуандар бүйірлері-нен 
кірш-кірш кірген қылыш пен найзаға қайрат қыла алмай біріне-бірі 
соқтығып, ұйлығып қалды. 
Алпамса хайуандарға да жан керек екенін біліп алған сарбаздар онан сайын 
екілене түсті. 
Пілдердің ара-арасындағы тас атқыштарды қолға түсіріп ап, алып 
хайуандарға қақ маңдайларына ат басындай ауыр тастарды қарша боратты. 
Көп ұзамай жол үстіне теңкиіп-теңкиіп құлап жатқан пілдер көбейді. Олар 
да қара қанға малшынды. Əлгінде ғана кейбіреулердің үрейін ұшырған дəу 


16 
хайуандар бірте-бірте сирей берді. 
Бір уақытта бұның он төрт жасар немересі бір пілді қолға түсіріп, алдына 
алып келді. Ол ойына: «Дəуітке Сүлейменді беріп ек, ол оған қандай тамаша 
қызметші бола білді» деген сүре оралып, ер жүрек немересінің маңдайынан 
иіскеді. 
Сол екі арада екінші сақинаның ортасына түскен жау əскерінің де күл-
талқаны шықты. 
Кең алқаптың бойында жайрап жатқан өлікке ат сүрініп жүре алмады. 
Сол күні бесін намаз тұсында ол астанаға келіп кірді. Туы жығылған елдің 
қалған ақсүйектері қаланың қақпасын өздері ашып, алдынан шығып 
бастарын иді. 
Қалың əскер бөтен елдің бай астанасының аңырайып ашық-тесік жатқан 
қақпаларынан тұс-тұстан лап қойды. 
Ол қолбасшыларымен жеңілген елдің патша сарайында думандатып 
отырғанда, оның жер қайысқан сарбаздары қала ішінде сайрандап жүрді. 
Шаһарды сыртынан төрт жағынан төрт түменге күзеттіріп қойды да, 
қалғандарына 
жау 
астанасында 
құмарларынан 
шыққанша 
ойран 
салуларына, 
құшақтары 
талғанша 
құшып, 
қоржындары 
толғанша 
тонауларына ерік берді. 
Бұл ойран екі аптаға созылды. Əркімнің қос-қостан мініп шыққан 
аттарының тұла бойы қоржыннан көрінбейді. 
Бірақ жұрттың ындыны жаман ашылыпты. Əрқайсысы жүз-жүзден құл мен 
күң ертіп шыққан жауынгерлер де болды. 
Бəрінен де бір сығыр көз, жылтыр қараның қорлығы өтті. Бұл жеңілген 
елдің бір топ ақсүйектерін ертіп, нөкерімен қала ортасындағы алаңда келе 
жатып, тапатал түсте көшеде алысып жүрген екі еркекті көрді. Анадай 
жерде бір-біріне қосақтаулы екі ат, оның қасын-да қолдарынан қыл 
шылбырмен байлап, бір-біріне тіркеп қойған он шақты əйел, еркек тұр. 
Алысып жатқан екеудің қастарына хан келгенімен де шаруалары жоқ. Екі 
көзі бірдей соқыр, еңгезердей едірең мұрт, мосқал біреу мойнына қос қолдап 
жабысып қалған сығыр көз, сыптығыр қараны шекеден де, тұмсықтан да 
періп жүр. Шарапқа аямай тойып алған сыптығыр қараның ұзын мойны
едірең мұрттының зіл жұдырығына төтеп бере алмай, көк есектің мойнына 
таққан қоныраудай əрлі-берлі бұлғаңдай береді. Бірақ дүниеқоңыз сып-
тығыр қараның қос қолы, еңгезердей соқырдың алқымынан айрылар 
емес. 
Ол мына масқараға шыдай алмады. Көптен бері істеп көрмеген əдетіне 
басып, екі көзіне қан толып, күймеден секіріп түсіп, төбелесіп жатқандардың 
қасына жетіп бар-ды да, сыптығыр қараны оң иықтан қылышпен тартып 
қалып еді, аяғын құшақтап құлап түсті. 
Еңгезердей соқыр енді мұның етегіне жармасып, жібермей қойды: 
-
«О, қайырымды адам, кім боласыз... Анамнан қалған жалғыз көз- 
ақық алқа еді. Мына бір көрсеқызар сүмелек жабысып алып бермей тұрған 
еді. Тəңір жарылқағыр, атыңды айтшы! Өмір бақи аузымнан тастамайын», 
-дейді. 


17 
-
«Ой, пақыр, менің аты-жөнімді біліп қайтесің, -деді Əмірші. 
-
-Шіркін, еліңнің барлық еркек кіндігі сендей болсайшы!» 
Содан бұл қайтар жолда қай қалаға соқса да, алдынан ғаріпті қорғаған 
қайырымды билеуші туралы аңыз шықты да отырды. 
Елге келген соң, ол өзі жоқтағы оқиғаларды айтқан бір топ ғайбатшыны 
той үстінде дарға асты. 
Енді ешкім оған арыз айтып келмейтін болды. Алда-жалда ол білмеуге 
болмайтын сұрқия хабарды шайқылар мен сейіттер ғана тұспалдап 
сездіреді. Манағы алма да солардың ісі болмасын! Сонда бұл ненің ныша-
ны? Өз ел, өз топырағында оған қандай қатер төнбек? Жақын жерде бұған 
жүрегі барып шаба қоятын жау да жоқ. Машырық елшісіне көп ұзамай 
найзамен өзі баратынын сездіріп, бұның халқы мен ер жүрек əскерінің 
көңіл күйі қандай екенін көрсін, білсін, айтып барсын деп екі ай бойы тойда 
ұстады да, той біткен соң, кеше ғана, еліне қайтарды. Ол барып жеткенше, 
бұ да атқа қонады. 
Кеше тойдан кейін ел-елге дəруіш, диуана қып жіберген жансыздарымен 
сөйлесіп көріп еді, төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ, төңірек тыныш деген. 
Шалғай аймақтар мен керуен жолдарының бойына, шекараға таяу 
маңайларға дəруіш, саудагер, бақташы қып ұстап жүрген мың түйелі, мың 
атты құпия əскері де ешқайдан бүлік бар деп хабар айтқан емес. 
Елден салық жинайтын уəзірлер мен жер-жердегі əміршінің сыртынан 
қойған аңдушы сақ құлақтарынан да кісі сескенердей хабар түскен жоқ. 
Бірақ ондай алыс аймақтағы сорақылықтарды бұлай құпиялап қайтеді... 
Əлде бұл алыс жорықта жүргенде сарайда бірдеңе болды ма екен? 
Бұл өз төңірегіндегілердің ішіндегі күмəнданатын адамдарын, қайда жүрсе 
де, көзінен таса қылмай, өзімен бірге ала жүретінді. Бұ жолы жорық ұзаққа 
созылатын болғандықтан, сарайға бас уəзірін тастағанды. Егер ол қазынаға 
қол салса, оның жарасы жеңіл. Ол үшін ешкім бұлай тұспалдап жатпайды. 
Əр жорықтың алдында бір, соңында бір қазынаны өзі тексереді. Олай болса, 
көп ұзамай, ол ұрлық өзінен-өзі ашылады. Бірақ бас уəзір ақыл мен айланы, 
сабыр мен ашуды бірінен-бірін асырмай ұстайтын орнықты кісі еді. Оның 
қазынаға қол сұғардай сұғанақтыққа баруы еш мүмкін емес. Оның үстінен 
айтылатын əңгімелерге бұл көп құлақ аса да бермейді. Ондай кісіге жау көп, 
жала көп болатынын өзі де біледі. 
Сонда бұл нышан нені білдірмек... Өз ошағының басы аман. Кешегі тойда 
бəрінің де бастары түгелді. Содан бері бүкіл дүние асты-үстіне шығардай 
боп, бұлініп шыға келуі еш мүмкін емес. Əлгі қызметші əйелдің жіберген 
ағаттығы ғана... 
Бірақ аршып, ішіндегі құртты көріп тұрып, ол алманы, кім болса да, 
лақтырып тастамай ма? Бұның табағына салғандары қалай? Жоқ, не де болса, 
əлдекім əдейі істеп отыр? Сонда оның не ойлағаны? 
Əлде қазір адам жіберіп, сейіттерінің бірін шақырса ма екен. Піріне де 
жорықтан кейін асығыс кіріп шығып еді. Бұрынғыдай ұзақ сұхбаттасып 
отыра алмағанды. 
Əмірші ешқашан түсін, не басқадай көрген нышанын əуелі іштей болжалдап 


18 
алмай тұрып, ешкімге жорытпайтын. Сонда өзегінен құрт шыққан алма... 
Ол қастандыққа емес, сатқындыққа, опасыздыққа меңзеуге тиісті ғой. Ол не 
қылған опасыздық! 
Заманының мынандай тынышында бұған сатқындық жасап, басына пəлені 
қаралай өзі шақырып алатындай ол кім? 
Қолбасыларының бəрін санап шықты. Ешқайсысының дəл осы сəтте бұған 
қарсы қол көтерердей сылтау-себебі жоқ сияқты. Үлкен жеңістен соң, 
əсіресе алыс жорықтардың алдында қолбасыларының басына алтынды 
жаңбырша жаудыратын мұның қашанғы əдеті. Күнгейдегі бай елді 
шапқандағы мол байлықты да, кешегі мағрұп елдерінен түскен мол олжаны 
да ол қолбасылары мен ер жүрек жауынгерлеріне аямай-ақ үлестіріп 
баққанды. Əскер төңірегіндегі адамдарды өзінің сіңірген еңбегінен он есе 
артық бағалаған жөн. Сонда олар қандай қанды қасапқа айдасаң да 
құлшынып тұрады. 
Осыдан он жыл бұрын күнгей еліне жорыққа аттанарда диуанда пікір екі 
жарылды. Бұның үлкен ұлы: «Ол елдің мол алтынына ие болсақ, күллі 
əлемді біз билейміз»,-деп құлшынса, əмірлері: «Қара шыбындай қаптаған 
көп халықты бағындырып ап, билеп-төстер болсақ, көп ұзамай олар өзімізді 
жұтып қояды. Ұрпақтарымыз ана тілін де ұмытып қалады», – деп 
тартыншақтағанды. 
Сонда ол құран аштырып еді: «Пайғамбар, заң білмес, жөн білмес 
бұзақыларға қарсы соғыс аш», – деген сүренің үстінен шықты. 
Күнгей елінің алтыны кейбір əмірлерінің қисайған ауыздарын қайта 
түзеткенді. Қара шыбындай қаптаған елді де жеңуге болатынына сол 
жорықта көздері жетіп қайтқанды. Ал машырықтың алтыны күнгейдің 
алтынынан көп болмаса, аз емес. Оны тиыннан тиын балалататын мұның елі 
жақсы біледі. 
Ендеше, дəл қазір жаңа жорыққа шығардай кім табыла қояды. Кім? 
Ол мынау тығырыққа кеп тіреліп қалды. Тұма бұлақ сылдыр-сылдыр ағып 
жатыр. Қашан келсең де, мынау тылсым кеңістің əлдебір жерінен жапырақ 
козғар леп тауып тұратын биік ағаштар басындағы судыр-судыр да сол 
қалпы. Бəрі де бұған: «Ойлан, ойлан», – дейтіндей. 
Бой сергітем деп келгенінде, қайдағы-жайдағының бəрін есіне түсіретін осы 
бір қалтарыс оңашаға, ондағы өсекшінің аузындай ылғи сыпсыңдап тұратын 
осы бір жапырақ сыбдыры мен су сылдырына ыза боп кеткендей, орнынан 
тұрып, жалғыз аяқ соқпаққа түсті. Сумаң соқпақ енді оны қайтадан 
сарайға бастады. 
Манағы маужырап тұрған тып-тыныш дүниені əлдебір түлен түрткендей. 
Маңайының бəрі ың-жың дыбыс. Жұдырықтай ақ тамақ торғайлар қыт-
қыттап ағаштан ағашқа қонады. О да бұған бірдеңе айтайын деп 
оқталғандай, тамағының асты бүлк-бүлк етеді. 
Таң атқалы бұны ағаш арасынан аңдып жүргендей кенет жол қапталынан 
киік қашты. Бұдан үркіп қашып бара жатпағандай, таңын жарқылдатып 
мазақтап бара жатқандай. Сумаң соқпақ өрік ағашыңың астынан өтті. 
Уақтылы жиылып алынбаған жеміс өз-өзінен үзіліп түсіп, жерде шашылып 


19 
жатыр. Көбі иістеніп бұзылып кетіпті. Қанат-тары күнге шағылысып, жарқ-
жұрқ еткен бармақтай-бармақтай кек шыбындар шашылып жатқан өріктің 
бірінен соң біріне қонып, кекең-кекең етеді. 
Шіріген жемістен жексұрын нəрсе бар ма? Кеше ғана аппақ боп үлпілдеп 
тұрған гүл-ау бұл. Одан түйнек салды, Көк жапырақты жөргек қып, мынау 
жатаған ағаштар жан-тəнін салып əлдилеген кішкене түйнек жер қойнау-
ынан нəр еміп, аспан тесінен нұр еміп өсе берді. Сары ал-тындай құлпырып, 
көзге түскенше асықты. Болды-толды... Болғаны-толғаны осы, сирақтары 
салтақ-салтақ мына бір малғұндарға жем болды. Миуаның қадірі, шіркін, 
көзіңе от боп басылып биікте тұрғанда ғой... Биіктен бір құлаған соң, 
мынау өріктердей аяқ астыланып қор боласың... Жұрт аямақтүгілі 
тыжырынып жиіркенеді... Кешегі бал шырынға толып балбыраған тəтті 
мəуе екеніңді не қылсын. 
Бұтаққа біткен жеміске бұлай өз бəсін өзі түсіріп, биіктен құламасқа құдай 
тағала ақыл бермеген... Ал тырмыса-тырмыса биікке шыққан адамның өзі 
құлағаны-өлгені... Оны өзгенің сұқты көзі одан гөрі де жоғары-рақ 
өрмелете түспекші. 
Сумаң соқпақ сарайды шыр айнала қоршаған тоған судың үстінен көпірге 
кеп тірелді. 
Ол табан астында бойын жиып, манадан бері ой манауратып бара жатқан ала 
көзін қайтадан суытып алды. 
Сол сұп-сұр күйінде сарайға кірді. Сол сұп-сұр күйінде өз бөлмесіне өтті. 
Қызметші тағам ап кіргенде де, ол кең жайдың қақ ортасындағы шытыра 
хауыздың жанындағы жолбарыс терісін жапқан жатаған тақтада сол сұп-сұр 
қалпы отырғанды. 
Қызметші əйел егде еркектің төсегіне алғаш жатқалы келе жатқан бала 
қыздай, ернін жымқыра тістеп, бұның дəл алдына кеп тоқтады. Қолындағы 
табақшасын дəңге-лек дастарқанның үстіне əкеп қойды. Ернін қанша тісте-
генмен, ұялғанын білдіріп бетіне шапшыған бір тамшы қан жоқ. Опаны 
аямай жаққан ат жақты сопақша жүзі ақ шағылтақтанып тұр. Сүрмелі 
көздің сояу кірпіктері қыдығы кеткен бетте өз-өзінен мен мұндалап 
тұратын қақсақалдыққа тəн қайсарлықты астына бүгіп, өп-өтірік келтірген 
болады. 
Бұрын қызметшілеріне назарын тіктемеуші еді, бұ жолы тінте қарады. 
Тайсала қоятын қызметші əйел көрінбейді. 
Сонда қалай, мына əйел манағы құрт шыққан алманы əліге дейін көрмеген, 
білмеген болғаны ма? Көрсе бұдан нағып қысылмайды? 
Қызметші əйел беті бүлк етер емес, дастарқанды реттеп болды да, басын иіп, 
тағзым еткен күйі жұп-жұмыр бөксесіне сарғыш шытыра көйлектің етегін 
бүлк-бүлк тепкілетіп, тек əйел ғана ойлап таба алатын бір əдемі əзəзіл 
жүріспен есікке жылысты. 
Есік жабылған соң барып, дастарқанға қарады. Көзі қақ алдында жатқан 
манағы нарт қызыл алмаға түсті. Бұл жолы пышақпен кесілген сызығы 
ақсиып айқын көрінеді. Өзін өзге тағамдардан бөлектеп оқшау қойыпты. 
Əлгі əйел бəрін біледі екен! 


20 
Жастығының қасында тұрған қоңырауға қолының қалай тиіп кеткенін 
білмей де қалды. 
Есіктен басын иіп, тағзым етіп, қызметші əйел қайта көрінді. 
Бұл өне бойын зіркілдетіп алып бара жатқан ашуды жасыруға бар күшін 
салып бақты. Қапелімде босағада мүлəйімсіп тұрған əйелге не дерін де 
білмей қалды. 
-
Мына алманы осындағы бақтан үздіңдер ме? 
-
Жоқ, тақсыр ием, сізге əдейі Ұлы ханым жіберіпті. 
-
Бара бер! 
Қызметші əйел жалт бұрыла бергенде, жымқыра тістеген езуінен жымиған 
күлкі қылаң берді... 
Қызметші əйелдің езуіндегі сол бір жымысқы күлкі əдетте мөлтең-мөлтең 
ағып жататын момақан бұлақтың бетіне де көшіп қонғандай. Сонау қара 
жер көкірегінен имене шыққан шым-шым су сəлден кейін болар-болмас 
толқын мезіретке көшт, жымың қағады, тіпті үнінде де бір аяр сылқымдық 
бардай-сылдыр-сылдыр, сыңғыр-сыңғыр... 
Бұрын дүниенің барша сұғанақ көзінен қалқалайтын қалтарыс деп келетін 
осы бір оймақтай оңашасын да кейінгі күндері əзəзіл жайлап алғандай. Тіпті 
астындағы тастың өзі бұл неме сілейіп қашанғы отыра бермекші деп, 
дөңбекшіп жатқан тəрізді. 
Тіпті сонау ағаш басындағы ойнақтаған жапырақтар да, бір-біріне бұның 
біле алмай жүрген əлгі бір құпиясы жайлы сыпсыңдасып тұрғаннан сау ма? 
Бұрын осында келгенде құрыс-тырысының бəрі жазылып, көңілін 
пысынатқан кермек ойлар да өз-өзінен қоздап қоя беруші еді. Бұ жолы 
селкеуі көбейіп кетті. 
«... Ұлы ханым жіберді». 
Бұл осы соңғы жорығына немерелерінің үлкендерін ертіп бəйбішесін де ала 
шыққанды. Ылғи көші-қондымен жургең балалар елді қатты сағынған соң, 
осыдан екі жыл-дай бұрын оны нөмерелерімен бірге кейін қайырғанды. 
Анада, көктемде жорықтан қайтып келе жатқанында əдейі бұның алдынан 
хабаршы шаптырғанда, ол мұндай оқшау хабар айтпап еді ғой. 
Келген соң ол тойға дейін ай жарым уақыт Байтақ шаһардан сəскелік 
жердегі Ұлы ханым мен немерелері тұратын сарайда дем алып жатқанды; 
бəйбіше онда мұндай шəлкем-шалыс ештеңе сездірмеп еді, 
Той үстінде де ол тарапынан ешқандай реніш аңғарған емес. Енді аяқ 
астынан жасаған мынау ишарасына қалай түсінуге болады? Не де болса, 
тойдан кейін душар болған жағдай. Егер одан бұрынғы нəрсе болса, баяғыдан 
бері байқатпай келіп, бүгін айтуы ақылға еш қонбайды. 
Шешелерінің сарайына балалары көп барушы еді. Өйтетіндері бұдан гөрі 
шешелерін жақын тұтқандары емес, көбіне-көп əжелерімен бірге тұратын 
кішкентайларын көруге баратынды. 
Əлде солардан оғаш мінез байқады ма екен? Бірақ баларының қылығына 
бола бұған шағынатындай не жені бар? Олар анасының айтқанын екі 
етпеуші еді ғой. 
Балаларынан қандай мінез шығуы мүмкін... Жаман айтпай жақсы жоқ деп, 


21 
көзі жұмыла қалса, орнына кім болатынын əлдеқашан өз аузынан айтып 
қойғанды. Мұрагерінен əзір сұрқия ой шыға қоюы мүмкін емес. Əлде оған 
өзге бауырлары көз аларта бастады ма екен? Бірақ оның да қисыны 
келмейтін тəрізді. Бəрі де бір анадан туған, кіндіктестер. Өзге анадан туған 
ең үлкен ұлы алыста, күнгей елінде, билеуші боп қалды. Мұндағы үшеуі əлі 
билік дəмін сезе қоймаған жас. Апыр-ау, сонда не болғаны... Əлде мынау 
ертең-бүгін жолға шығамыз деп отырған алыс жорықтың алдында бұның 
балаларының басын айналдыратын əзəзілдер табылды ма? Жеті жыл бойы 
жорықта жүріп, қатын-баласына жаңа қауышып жатқан жұрттың қапелімде 
үзеңгіге қайтадан аяқ салуға зауықтары соға қоймайтыны да рас. Бұл соны 
біліп, əткен жорықта көзге түскендердің бəрінің басынан алтын жау-дырып 
баққан-ды. Əлде сонысы қате болды ма екен? 
Бірден жарылқай салмай, əлі де емексіте тұрғаны дұрыс па еді?
Баяғыда өзінің бір əміршіге айтқан ақылы бар-ды: «Түріктердің көздері 
қандай қысыңқы болса, көңілдері де сондай тартыңқы келеді. Оларды адал 
қызмет еткізудің жаңғыз жолы көзін қазынаға, көңілін мақтанға тойғызу. 
Өзгеден тартып ал, өзіңдікін сатып ал». 
Ол да сол талай елді шарлап жүріп, тартып алған алтын мен асылды өз 
қарауындағыларды сатып алуға жұмсап жатқан жоқ па? Əйтпесе 
қатындарының бауы-рындағы байсымақтарды жылы тесектен алтыннан 
басқа не тұрғыза алушы еді. 
Кеше ғана осы мінез шығарады-ау дегендердің дүние-қоңыздарына қазына 
таратып, бақ құмарларына дəреже улестіріп, ындындарын тесіп жатқан 
қызыл құрттың басын қайтарғандай болып еді ғой. 
Сол екі ортада не шыға қалды екен. 
Машырықтан келген елшіні əмірлер мен қолбасыларға, тіпті өзінің 
балаларына да жуыттырмай қойғанды. 
Ол неме сонда бұл құрған қыл тұзақтан да құмырсқа боп өтер жол тапқаны 
ма? 
Не де болса алып-жұлып бара жатқан оқшау хабар болды. Əйтпесе 
бəйбішесі анада, айтатын сөзім бар еді деп арнайы кісі жібергенде, кейін 
сөйлесерміз деп, кідіртіп қоймап па еді. Енді, міне, бұдан əрі күтуге шыда-
мы жетпегендей, мынау ишара алманы жіберіп отыр. Осы қазір балаларын 
жиып алса ма екен? Бірақ жаман айтпай, жақсы жоқ, олардың біреу-
міреуін таққұмар-лықтың əзəзілі арбап жүрсе, бұның аяқ астынан балала-
рын шақыртқаны, ондай қара ниет шаруаны тым шұғылдатып жіберуі де 
мүмкін ғой. Жоқ, оларды дəл қазір шақыртуға болмайды. Басқа бір шаруа 
шығар. Алда-жалда балаларының көңілі өйтіп қараға аунаса, бəйбішесінің 
тап бұлай елдің алдымен елпеңдеп, өз қолымен əкеп сала қоюы екіталай. 
Ұлы ханымның алалайтыңы бұның елген əйелінен қалған үлкен ұлы еді. 
Оны сонау көз көрмес алысқа, жау аймаққа, билеуші етіп жіберткізген де 
сол болатын. 
Пірдің аузын алып, тақтың мұрагерлігіне қояр да қоймай жүріп өзінен 
туған үлкен ұлын белгілетті. 
Бұл үлкен баласының көңіліне қарап, біраз созбалақтап көріп еді, бірақ 


22 
баласы өзге бауырларының ала көзінен қаймықты ма, əлде əкесін екі 
оттың ортасына салғысы келмеді ме, мұрагерліктен өзі бас тартып, алыс 
Күнгей еліне билеуші қып жіберуді сұрады. 
Тұла бойы тұңғышының сол қылығы есіне түскенде бұның асқар таудай 
көңілі күрт жығылып, бір түрлі шөжіп қалады. Əлгі бір жан-жақтан 
дікеңдеп қоя берген көп оспадар сауалдар да табан астында жым болып, əл-
деқайда жым-жылас жоғалып кеткендей. Ойына сонау бір сергелдең 
жылдар түсті. 
Бұның тұқымы жеті атасынан бермен қарай əскер басыды. Арғы бабасы Ұлы 
ханның үлкен ұлының əскерін басқарыпты. Сол үрдіс атадан атаға көше 
келе, бұған да жетті. Ол осы өлкеде аты шыққан бір кəрі билеушіде 
əскербасы əмір еді. Кəрі билеуші бұны өз балаларынан бетер жақсы көрді. 
Қызына үйлендірді. Қайын атасы дұшпандарының қастандығынан қаза 
тапқанда, тағына бұл отырды. 
Ол кезде бұл Қосөзен елі қырық бөліктін. Бəрі де сонау жер түбіндегі Ұлы 
хан тұқымына тəуелді еді. Бұл таққа отырған бойында ұсақ хандықтардың 
басын біріктіргісі келді. Ол үшін бас-басына хан боп қалған немелердің 
əрқайсысына жеке-жеке: «Қалғандарды қуып шығып, елді екеуміз билейік», 
– деп хат жазды. 
Билік дегенде көмекейі бүлкілдеп тұратын əмірсымақтар бұған жеке-жеке 
хат жолдап, ризашылықтарын айтты. 
Онсыз да ала бүлік ұсақ хандықтардың арасына от түсті. Алыстан қай 
жеңгенің менікі деп өңшең баққұмар немелерді сүзістіріп қойып бұл 
отырды. 
Сол екі арада ауыр қолмен алыстағы Ұлы ханның өзі іргеге кеп тоқтады. 
Əмірші қалған əмірлердің алдын орап, Ұлы ханды қол қусырып қарсы 
алды. Ондағы ойы-өзге ұсақ хандықтар арасында өз беделін нығайтып алмақ 
еді. Бірақ Ұлы хан тұқымы бұған сенбеді, тақтан алып, қайтадан 
қолбасылыққа түсірді. Тіпті көп ұзамай оны Ұлы хан тұқымына қастандық 
жасағалы жүр деп астыртын өлтірмекке ниеттері ауды. Құдай көмектесіп, 
əлгіндей бұйрық бұның өз қолына тиді. Ол елден қашып кетті. 
Күні кеше ғана, жорықтан қайтып келе жатқанда, өткен ұлан-асыр құмның 
ішінде əлденеше жыл қашып-пысып жүруге тура келді. Əйелін жетектеп 
талай-талай шағыл кешті. Талай-талай құмақ жонда жалаң аяқ ізі қалды. 
Қазір құс мамықтан басқа тимейтін табанына қадалмаған шөңге жоқ. Құмға 
түскен жалаң аяқ ізді жел өшірді. Шөңге тескен жараларды уақыт жазды. 
Сол бір күндерді бүгінде үлкен ұлын көргенде ғана есіне алатын. Ол өз 
бауырынан шыққан барлық перзенттерінің ішінде бөлекше ыстық көрінетін. 
Өйткені, ол болмаса, бұның бұл күн, бұл дəрежеге жете қоюы да неғайбыл 
еді. 
Ұлы шағылдарды кезіп, тентіреп жүргенде, құм елінің бір бегі қолға 
түсірді. Əйелі екеуін қырық құлаш құдық зынданға əкеп салды. Сыз 
құрдымға күндіз күннің сəулесі, түнде айдың нұры түспейді. Өлім аузын-
дағы оларды мазақтағандай сонау ту-ту төбеде өлмеші бозамық сəуле ғана 
жылтырайды. Ара-арасында жүні жалбыраған дудар бөрік құдық 


23 
аузындағы əлгіндей əлжуаз жарықты да көлегейлеп, түнекте жатқан 
екеудің тас төбесінен түн боп төнеді. 
Сүйегіне шым-шым батып шымылдатып бара жатқан сыздан шыдай алмай, 
аунақшыған келіншегінің қолындағы темір кісен ғана оқтын-оқтын 
құлынның кісінегеніндей оқыс үн шығарады. 
Ерлі-зайыпты екеуі онсыз да көңілдерін қыжылдатып жатқан өкініш пен 
ызаның қан шапшыған жарасын қасығылары келмей, бір-біріне тіл 
қатпайды. Ауық-ауық күрсініп қана қояды. 
Солай қырық тоғыз күн өтті. Елуінші күнгі түн сүттей жарық болды. Оны 
бұлар зынданның аузындағы күміс табақ төңкеріп қойғандай дөңгеленіп 
жатып алған оқшау нұрдан сезіп жатты. 
Қара көрдей қапас түбінде қасарысып, сыр бермей жатқан келіншегі кенет 
жанын қоярға жер таппай, бебеулей бастады. Тұла бойы өртеніп барады. 
Маңдайынан тер ағып қоя берді. Қолы кісендеулі. Иығымен демеген болады. 
Келіншегі бебеулегенін қояр емес. Тұла бойын түгел дірдек қаққызып, 
сүйек-сүйегін қан қақсатып қақырата бастаған, бұрын-соңды басынан кешіп 
көрмеген бейтаныс азапқа қылар қайран таба алмай, сыз жарға қайта-қайта 
басын ұрады. Бұл оған иығын тосады. Əйелдің тастай ауыр басы бұның 
бұғана сүйектерін қиратып жіберердей екілене түйгіштейді. Əлдебір сəтте 
əйелі үн-түнсіз сұлқ талып түсті. Сол екі арада бұл өмір бойы естімеген 
əуелі əлденеге тұншығып, артынша-ақ құлақ жарардай бажылдай жөнелген 
ащы дауыс шықты. 
Сол-ақ екен құдықтың аузындағы дөңгелек нұр оқыс ғайып болды да, 
артынша қайта жарқырады. 
Əуелі омырауына болар-болмас бірдеңе құлағандай болды. 
Ол омырауындағы нəрсені иегімен іздеп жүріп, тауып алды. Кілт екен. 
Тісімен тістеп тұрып, сұлқ жатқан əйелінің қолындағы кісенді ашты. 
Əйелі əлгі бір шарылдаған дауыстан оянып кеткен-дей, кеудесіне жан 
кіріп, қозғала бастады. Сəлден соң есін жинап, қайтадан бебеулей жөнелді. 
- Бол, мына кілтпен менің қолымдағы кісенді ағыт,-деп ақырды бұл. 
Əйел қараңғы қапаста сипалап жүріп қолын əзер тапты. Сосын кілтті таба 
алмай, біраз азаптанды. 
- Бол, бол!-дейді бұл дызығып. Əлгі бір ащы бажыл басылар емес. 
Бір уақытта кісен де ағытылды. Бұл жалма-жан ащы айқай шығып жатқан 
жерге ұмтылды, қолына жып-жылы бірдеңе ілікті. Кішкене сəби кіндігі 
үзілмей шыңғырып жатыр. Ащы даусы бірте-бірте тарғылданып барады. 
Ол жас нəрестенің бауырына бас қойды да, шұбатылып тұрған жып-жылы 
ішекті тісімен қырқып үзіп жіберді. Əйелінің шашын күрт-күрт жұлып ап, 
тас қып байлап тастады. 
Бауырындағы жып-жылы жұдырықтай ет сонда ғана жаны жай тауып, 
омырауына кіре түсті. Пəлен айдан бері ширығып жүрген жүйке-
жүйкесінің бəрі түбіттей түтіліп, сүйек-сүйегі борша үгіліп қоя берді. 
Ол арқанды əуелі əйеліне кигізді. Кішкене нəрестесін құшақтап өзі сосын 
шықты. 
Зынданның аузында тұрған дудар бөрік қара сақалдыға əйелінің 


24 
мойнындағы жақұт алқаны үзіп ап, ұстата салды да, қолындағы қылышын 
жұлып ап, бек жатқан ордаға қарай беттеді. 
Зындан басындағы абыр-сабырды естіп қап, жан-жақтан жүгіре шыққан 
қарулы сарбаз бір қолында жас нəресте, бір қолында ақ алмас, ордаға қарай 
ұмтылып келе жатқан жалаң аяқ, жалаң бас, жүзі суық адамға қапелімде не 
істейтіндерін білмей, аңтарылып тұрып қалды. 
Ордаға кірер жерде тоқтатпақшы боп, екі сарбаз шалғайына ұмтылып еді, 
қабаған итті қамшысымен тартып-тартып жібергендей, оң қолындағы ақ 
алмас айға қарап екі-ақ рет жарқ етті, екі босағаны қан жуып қоя берді. 
Ол əйелін жетектеп бектің үстіне кіріп барды. 
Есік жақтағылар тұра ұмтылғанды, бек оларға иегін кағып ишарат білдірді. 
Көтерілген қарулар қынабына қайта түсті. 
Бектің ойына не түскенін кім білген, бұларды балалары қырқынан 
шыққанша оңаша отауға жасырып бақты да, балалары қырқынан шыққан 
соң, екеуін екі атқа мінгізіп қашырып қоя берді. 
Кейін бұл дегеніне жетіп, кеше белінен басып қорлағандарды енді өзі 
бірінен соң бірін аяғына жаныштап, бүкіл осы елге бір өзі дербес билеуші 
болып алған соң, сол құм арасындағы елге қалың қолмен бағыт түзеп еді, 
бір апта жол қалғанда ұлы дарияның жағасында аттары-нан түсіп, 
найзаларын құмға шаншып тізіліп тұрған дудар бөрік көп жасақты көрді. 
Бұлар жақындай бергенде, орталарынан үш кісі бөлініп шығып, бұған 
қарсы жүрді. Əмірші ортадағы үшкіл сақалдыны таныды-баяғы өзін 
қашырған бек екен. 
Ол бұған бес адымдай жер қалғанда: 
- Мынау-құран, мынау-қылыш. Бізге сенсең құран ұстап анттасамыз. Ал 
сенбесең, мə қылыш, бəрі-мізді шауып таста, біз қару жұмсамаймыз,-деді. 
Бек өле-өлгенше бұның қадірлі əмірлерінің бірі болды. 
Алғашқы əйелі отыз тоғыз жасында дүние салған-ды. Ол ханым боп қызықты 
дəурен сүрмей, бұған жар боп қана өткен, қиын-қыстауды бірге өткерген, 
алғаш рет əке атандырып, дұшпанның сөзі мен ғайбатынан сарсаң кесек боп 
қатып қалған суық жүрегіне тұңғыш рет жылу дарытқан қадірлі зайыбына 
арнап мешіт тұрғызды. 
Үлкен баласы көрген сайын көзіне оттай басылады. Есіне сонау жастық 
шағы, аяулы жары түседі. Оны бөтен елге де қимай аттандырғанды. Осы 
күнге дейін баласының дұшпан елдің оқ боп атылар мың сан көзінің сұғында 
жүргенін ойлағанында, тұла бойы дүр тітіркеніп, жон арқасын мұз қарып 
өткендей болады. Үлкен ұлы кеткелі жер қайысқан қалың қолдың арасында 
жүрсін мейлі, айғыр жиын ду-дудың ортасында отырсын мейлі, төрт 
жағында төрт ұлы, қаптаған немерелері қоршап тұрсын мейлі, өзін-өзі бір 
түрлі жалғыз сезінеді. Мынау көл-дария аспанның астында кімнің 
болмасын мəңгі серігі құлазыған жалғыздық екенін де енді ғана ұққан 
сияқты. 
Анасы маркұм өлерінде, арса-арса сүиегін зорға көтеріп жатып: 
- Балам, сен арманыңа жеттің. Ал мен арманда кетіп барам. Жапан түздегі 
оқшау əулиенің ағашындай жалғыз қалпыңда тастап барам. Астыңдағы 


25 
тақты кебісіңнен мықты көрме-одан да сыз өтеді. Үстіңдегі ақ ордаңды 
сауытыңнан мықты көрме-оған да көз өтеді. Жан-жағыңдағы əр қатыннан 
тараған торпағыңды айбар тұтпа-оларға да сөз өтеді. Қаптаған қалың 
əскеріңді қалқаныңнан мықты көрме-оған да көз өтеді. Қайбір ыс-тық-
суығыңды бір көріп, бір көрпеден еретін əйелің бар. Əр көрпенің астындағы 
əйел де бір-үйірдегі бие де бір. Сауырындағы сенен гөрі бауырындағы 
құлыны жақын. Жылқы баласының еркегі, тісі қатайған соң, үйірден ал-
дымен атасын шайнайтын. Содан сақ бол. Көп ұлды кім тауып көріпті. 
Қартайған шағында апанын бөлтіріктеріне алдырып, желдің өтінде қалған 
кəрі бөрідей əрі-сəрі күнге ұшырамайын десең, көп баланың бірін баулы. 
Көп қатынның бəрінің көңілін табам деп шөре-шəре болмай, қадіріңді 
өткізіп, бірін тұтын. Сенің əкең, ұлы жалғыз өзің болған соң, ертерек аттан 
түсіп, билікті саған берді. Ал сенің балаң көп, өз күшіктеріңді өз көзіңше 
қырылыстырып қоймай, өле-өлгенше ешқайсысына тағыңды берме. 
Тұғырдан түскен соң, балалы қатыныңды сағалама-балаларына арқа сүйеп, 
басыңның қадірін кетіреді; баласыз əйелді сағала - балалы əйелдеріңнің 
алдында баласыздығынан қорғалақтап, өзіңді пана тұтып, өле-өлгенше 
сыйлап өтеді, – деген. 
Өзге жұрт есітпесін, өзі мықтап ұғып алсын дегендей, қолынан тас қып 
қысып ап, сыбырлап, қадалып айтқан осы сөздерді естігенде, бұның сай-
сүйегі шымырлап қоя бергенді. Айтарын айтып болған соң, əл кеткен 
қаймы-жық еріндер қайтадан табысып, манадан бері бұның жүзіне 
қадалып алған сұрғылт көздер өз-өзінен бірте-бірте алыстап бара 
жатқандай көрінді. Ауру қаусатқан кəрінің қалтылдақ қолы құс мамық 
төсекке сұлық құлап түскенде, қаһарынан күллі жаһан ыққан əмірші 
басымен анасының бауырынан көзі ашылмай тұрып ажыраған бала 
күшіктей абдырап қалған-ды. 
Содан бері алыс жорықтардан елге оралғанда есіне анасының осы бір сөзі 
түседі. 
Сөйтіп, қазіргі Ұлы ханым шынында, бəйбішенің орнына түскен пара 
бəйбіше еді. Ұлы тұқым ұрпағының бірінің қызы-ды. Бұл бүкіл елді 
біріктіріп жұлдызы оңынан туып тұрғанда, ата-тегінде ешкім таққа отырып 
көрмеген ақсүйек те емес, қара сүйек те емес, ала сүйек деп көз аларта 
беретін жуан тұқымның өзін кіндіктен матап, өз қолында ұстап отыру үшін 
əдейі үйленгенді. 
Шетінен бақ құмар келетін айтулы тұқымның қызы бұның қылышының 
астына бір тудан соң бір ту жапырыла құлап жатқанын көріп, өсіп-өнген өз 
жұртынан гөрі бұған бауыр басыңқырап кетті. Теркіндерінің кейбір пыш-
пышына құлақ та аспайтын болды. Қыздарының қыңырайғанын көре-көре, 
төркін жағының да көңілі суй-ын деді. Бірте-бірте қыздарын емес, бұны 
жағалап ке-летінді шығарды. Өйткені батпан көкірек шонжар əулеттің 
таусылып бітпейтін шетсіз-шексіз көп қолқасын қыздарынан гөрі бұл 
оңайырақ орындап жіберетін-ді. Қазір мұның найзасынан аспандағы ай 
мен күннің езі айбынатындай болған тұста, олар бір кездегі жуан тұқымның 
ұрпақтары екенін айтып, тұмсықтарын шүйіруді біржола ұмытқанды. 


26 
Олар келе-келе бабаларын ауызға алуды атымен қойып, енді оңды-солды 
бұны айтып мақтанатын болды. Кейінгі кезде бұның ұлдары ер жетіп, 
өзімен бірге жо-рыққа аттанып, ерлік көрсетіп көзге түсе бастағанда, кер 
ауыз тұқым бұның өзін де қоя қойып, «біздің анау пəленше жиен баяғы 
пəленшекеме тартқан, көрерсің де, білерсің, ол əкесінен де озады» деп 
жиендерін мақтайтынды шығарып жүр. 
Бауырынан өрбігеннің бəрі ұл болып туып, бəрі де аман-есен ер жетіп келе 
жатқаннан бері Ұлы ханым да бұрынғыдай асты-үстіне түспейтін болды. 
Тіпті кейінгі кезде балаларынан туған немерелерінің бəрін өз қолына жиып 
ап, тек жорықтан қайтқан уақытта болмаса басқа уақытта: «Келсе, өзі 
келсін», – деп, сарайында жатып алатынды шығарды. 
Ана бір жылы анасының сөзі есіне түсіп, нағашы жұртынан кіші əйелін 
алды. Он алтыға енді шыққан бала Қыздың мінезі баяғы алғашқы əйелін 
есіне түсірді. Тарпаң-тұрпаңсыз, биязы. Биліктің əзəзіл дəміне əлі құныға 
қоймаған уыз жас. Кейінгі жорығына бұрынғы əдетімен Ұлы ханымды алып, 
оны осында тастап кеткенді. Ал Кіші ханым жорықтағы жарының 
құрметіне мұнара салыпты. Қазір байтақ шаһардағы мұнараларының 
бəрінен бойын асырып тұрған-сол. 
Алмас хан осы оңаша сарайды Кіші ханымға бергенді. Енді алыс жорық 
алдындағы аз тынысын осында өткізбек. Егдерген шағында бұрынғыдай 
сарайдан-сарайға көшіп жүргенді қойып, осында біржолата тұрақтамақ. 
Бəлкім, бəйбішесінің соған іші тарылып жүрген шығар. Баяғыдан бері 
осыған да ақылың жетпей отыр ма дегендей, дəл тұмсығының астынан ара 
ұшып өтті. Төбесіндегі жапырақтар да жамыраса сыбдыр қақты. 
Ол мынау ойына оқыс түскен ақылға қайран қалды. Жастық шақта ой 
екеш ойың да бірден шалатын жас тазыдай бүйтіп басын қатырып із 
шарлап кетпейтін еді. 
Əрине, бұрын қасынан шығармайтын өркөкірек бəйбіше жас əйелімен 
оңаша кеткеніне риза емес. Тірі ол түгілі өлген əйеліне мешіт салған жылы 
да Ұлы ханымның ұзақ уақыт қабағынан кірбің кетпеді. Бұрын мешіт 
шымбайына батып жүргенде, енді, міне, жаңа мұнара тағы қосылды. 
Кəрі əйел күйеуіне жұрттың үстінен сөз тасып жағынбаса, басқа несімен 
жағады? Əлгі нарт қызыл алма да-бəйбішесінің сондай іші тарлығынан 
шығып жатқан ишара. Ендеше бұған бола бас қатырудың қажеті жоқ. Бүгін 
күні бойы жанын тызылдата жеп жатқан жегі құрттың ындыны бітелгендей, 
арқасы жайылып қоя берді. 
Əмірші сол күні күндегісіндей емес, жайлы ұйықтады, жай тұрды. Таңғы 
астан соң күйме жеккізді. 
Сарай қақпасынан жарқырап шыға келген сары ала күйме соңына 
желкілдетіп нөкер ертіп, жаңа біткен оқшау мұнараға қарай тартты. 
Үш тарапты табанына таптаған Əмірші өзі басып алған елдерде алтын тəж 
бен тақытқа қандай өш болса, сəнді сарайлар мен мұнараларға да сондай 
өшті. 
Ол өзінің жаһандағы билеуші атаулының бəрінен озғаны секілді астанасын 
да бар шаһардың бəрінен оздырмақ. Кешегі жорығынан да мыңнан астам 


27 
шеберді көзінен тізіп айдап келді. 
Əр жорықтан оралған сайын, астанасын бір аралап шығады. Қазір Байтақ 
шаһар мұның өзі көрген шаһарлардың қай-қайсысынан да ажар асыра 
бастады. 
Əсіресе өткен жолы қатты риза болды. Кіші ханым бұның көңіліндегісін 
көрмей біліп, алдынан кекпен таласқан көк мұнара салғызып қойыпты. 
Өзінің салынған жері де сəтті табылыпты; анадайдан мен мұндалап тұрады 
екен. Айналасы ашық. Ажар салыстырардай өзге мұнаралардың бəрі 
алыста. 
Əнекей, көк мұнара күлімдеп шыға келді. Көзің түскенде-ақ, бірден көңілің 
жадырап қоя береді. Əншейінде əрі кетіп өңсізденіп тұратын шілде 
аспанына да көк ніл қайта оралғандай, əсіресе мұнара төбесіндегі аспан, ала 
бөтен мөлдіреп көрінеді. 
Мұнара, бұлар жақындаған сайын, биіктей берді. Күлім қағып тұрған еңі 
бірте-бірте сұстана түсті. Дəл іргесіне келгенде, зеңгір көкті төбесімен тіреп 
шалқалап жатып алды. 
Əміршінің көкірегіндегі бір-бірімен итжығыс түсіп, арбасып жатқан əр ұдай 
сезімдердің бəрі де жым болды. Көз алдында көк тіреп тұрып алған 
тəкаппар мұнара көңіліндегі көп түйткілді қуып шықты. Осындай асқақ 
мұнараның басқа еш шаһарда жоқ, тек өз астанасында тұрғанына қатты 
риза болды. Басқа шаһарда тұрса, сонындағы самсаған сан нөкер əлдеқашан 
қолдарына балта алып, əміршілеріне аспандай қараған тас құбыжықты 
талқандай бастаған болар еді. Бұл жолы бəрі ауыздарын ашып қапты. 
Бұдан былай бұл мұнара оның аспандата кетеретін көк туындай күллі 
əлемнің тас төбесінен қарап тұратын болады. 
Ұлы Əміршінің өзі секілді жер түбінен мен мұндалап, өзіне шақырып тұрады 
да, қасына келгенде, айбынтып шыға келеді. 
Көк мұнара көзіңді жіберер емес. Əмірші тəкаппар сұлудың асқақ жүзіне 
телміре қараған бозбаладай тамсанып əлі түр. 
Ол мынау көк мұнараға, оның ажарына ажар қосқысы келгендей, төбесінен 
төңкеріліп жатып алған мөлдір аспанға, жеті жыл бойы осынау заңғар биікке 
мысқалдап өрмелеп, осындай мұнара тұрғызған шеберге, алыс жо-рықтан 
шаршап қайтқанда, қалжыраған көңіліңді тас-түлек қырандай самғатып 
аспаннан бір шығаратын көз қуаныш əзірлеген зайыбына-мұның абыройын 
асырып, атағын жайып жатқан мынау жарық дүниенің бəріне аса разы 
болды. 
Көк мұнара, алыстасан болды, қайтадан бұрынғы жылы өңіне ауысады. 
Жаңа ғана қасына барғанда, состиып-состиып сұс көрсетіп тұрып алған көк 
тастар қайтадан күліп қоя береді. Алыстаған сайын, көзіңе шоқтай 
басылады. Жаңа ғана аспандай қарап, көз қиығын сал-май тұрған асқақ 
сұлу, қасынан ұзай бергенде күлім қағып, қайтадан өзіне шақырғаңдай. 
Шырқ айналып шыққың келмейді. 
Мына мұнарада еркекке тəн ерлік пен тəкаппарлық емес, əйелге тəн 
паңдық пен мейірім қоса қабаттасқан ерекше бір сүйкімді көрік көбірек. 
Ол саң-сапат жорықтарында талай мұнаралар мен сарайларды көре-жүре, 


28 
тап мынадай сиқыр сұлулықты бұрын-соңды ешқайдан жолықтырған емес. 
Бірақ көзін жібермей, көңілін тұзақтап тұсап-матап тастаған өзгеше көріктің 
сиқырына түсіне де алмай келеді. 
Жанына жақындағанның ешқайсысына мейір танытпай, ту-ту алыстағы 
аяулысына күлімдей қарап, келе гөр, келе ғөр деп жалбарынған аяулы ару, 
асыл жардай асқақ мұнара... 
Мұнараны салған шебер жас ханымның алыс жорықтағы жарына деген 
сағынышты махаббатын қалай дəл бейнелеген... 
Жаңа ғана жарқ-жұрқ етіп дəл жанында тұрған асқақ мұнара алыстаған 
сайын əлдебір көкшіл кіреуке жамылып, жүрегіңді шымылдатар мұңлы 
мұнараға орана түсті. 
Енді «апыр-ай, тастап кеткенің бе?.. Кетпе... Кете көрме...» деп жалынып 
тұрғандай. 
«Тоқта! Қайт кейін!» 
Табан астында былайғы ойдың бəрін белден омырып, көңіліне ұялай қалған 
осы бір оқыс бұйрық көмейіне кептеліп тұрып қалғандай. Əмірші шалқалап 
жатқан жұмсақ арқалықтан басын жұлып алды, бірақ, үндемеді... 
Енді сарайға қайтып оралғанша, мұнара жаққа қарамауға тырысты. Оның 
бұл мінезін қасындағы нөкерінің ертең қандай саққа жүгіртерін біле алмай, 
жұмсақ арқалыққа қайтадан шалқалап, көзін жұмып ап жатты да қойды. 
Түскі тамақта əлденеге жүрегі өртеніп, ештеңеге тəбеті тартпады. Балға 
малып мұздатқан бір тілім қауыннан басқа аузына ас алмады. Салқын қауын 
өз-өзінен лоблып тұрған жүрегін басқандай болды. Бұл жолы алма 
əкелінбепті. Қызметші əйел де жұп-жұқа селдір желеңнің ар жағында 
көзін төмен салып, үлбірей қалыпты... Кешегідей бұны сынай қараған 
сыңай танытпады... 
Қызметші əйел кеткен соң, кең бөлменің қақ ортасындағы күңгірт күрең, 
көк мəрмəр шаршылардан қиюластырып жасаған хауызда бүлк-бүлк 
шығып жатқан мөлтең суға қарап біраз отырды... Сол бір көз жасындай, 
көріне түсіп жоғалып жатқан мөлт-мөлт тамшыларға қараған сайын, көңілі 
əлденеге жібектей жұмсарып барады. Көктемнің майда самалындай əлдебір 
майса сезімнен мұның жанында пəлен жылдан бері тапжылмай жатып алған 
қаттылық пен қатыгездіктің меңіреу тоңы біртіндеп мүжіле түскендей, 
қараптан-қарап отырып əлденеге елегізіп, бір түрлі жалғызсырағандай 
болды. Көкірегінде ойда жоқтан аяныш оянды. Мынау еміс-еміс көрініп ап, 
бойын жазып шапши алмай қайтадан құр-дымға жоғалып жатқан мөлдір 
суды ма, жоқ əлгі кіреуке көк мұнарға оранып ап, мөлдіреп қала берген көк 
мұнараны ма-нені аяп отырғанын өзі де білмейді... Мынау мөлдір судай мап-
майда үлбірек сезім ойына тағы да ханымды түсірді. Ол əлгі көк мұнарада 
бұған алыстан қол бұлғаған сағынышы мен асыға күткен ынтызарын, 
өзгеден ала бөтен өліп-өшкен ықыласын ғана емес, жалғыздығын, 
басқалардың көптігін істеп басынғанын көріп, қамырыққан қам көңілін, 
«кел, мұңымды тыңда, ұқ, қорға» деп шағынған жалбарыныш сезімін түгел 
бейнелегендей. Асқақтық пен нəзіктік, шаттық пен мұң, ерлік пен аяныш, 
сағыныш пен құштарлық-бəрі қосылғанда махабаттан басқа не болушы еді. 


29 
Оның қандай екенін басқа білмесе де, бұл біледі. Марқұм қайтыс болған 
бəйбішесі пəлен күн шағыл кезген қуғын-сүргін жүріске шыдай алмай, 
мұның бауырына кіруге именіп, жасқаншақтап қасына жабысып: «Əбден 
болдырып барам, сəл демеп жіберші»,-деп қиналғанда, қажыған жанарынан 
тап осындай біріне-бірі тіркесіп көрінген көп сезімді көруші еді. 
Анада үлкен ұлы оңаша кеп қоштасып кеткенде де, оның қалың қабақтың 
астына тереңірек жасыруға тырысып баққан жанарынан баяғыда анасының 
көзінен аңғарған сол бір кіреукелі күйді көргендей болғанды. 
Мана көк мұнарадан алыстай түскендегі көзіне іліккен көріністен де сол 
бір өзіне өзге жұрттан ерекше ыстық екі адамның жанарынан байқаған 
тілмен айтып жеткізе алмастай тылсым сезімді көрген екен ғой. Сиқыр 
мұнарадағы ала-бөтен көріктің сырына енді түсінгендей болды. Ол Кіші 
ханымды осы қазір көргісі, оның жаутаңдаған жанарына осы қазір үңілгісі 
келді. 
Көкірек тұсы əлденеге оқыс бұлқынғандай секілді. Ол тап бүгінгідей 
албырт сезімді көптен басынан кешіп көрмеген тəрізді еді. Аяқ астынан 
мұндай күйге ұшырағанына ма, жоқ пəлен жылдан бері мұндай сезімсіз 
сіресіп қалай өмір сүріп келгеніне ме қайсысына қайран қаларын біле 
алмады. Не де болса, ханымды тап осы қазір көргісі келді. Оның 
жанарының да қандай екенін ұмытып қалыпты. Көп оңаша жолығып 
жарымағанды, жұрт ішінде əйелінің жүзіне сұқтанып қарап отыра алмасы 
сірə белгілі... Шамасы, ашаң жүзін ашусыз сынық көрсететін мөлтілдеген 
мойыл қара көзді, сұлу қыр мұрынды, ыстық ықылас сыйғыза алмастай тым 
қаймыжық жұқа да, сезімсіз дөрекі көнтек те емес, етті, ұлпа ерінді, жұмыр 
иек болса керек. Өлтіріп-өшіріп, күйдіріп-жандыратын шоғынан гөрі шуағы, 
естен тандырар сиқыр күлкісінен гөрі кісі қиып кете алмастай жұмсақ 
мұңы, нұры мол, ұялшақ, биязы, махаббатқа адал əйелдердің түр-түсі 
əдетте солай келеді деседі. 
Манағы көрген көк мұнарада бейнеленген махаббаттап əлгіндей əйелге тəн 
махаббат. Адамзат жүрегіне баратын төте жолды əйел жүрегінен бастаған 
Сүлеймен пайғамбардың өзі сұлу-сұлудың қанша бір түрімен пейілдес бола 
тұра, адамды əлгіндей қаяусыз сезімімен жіпсіз матап алатын ибалы 
аруларды періште тұтқан көрінеді. 
Сүлеймен пайғамбар шырын шарапты тəтті лəззатынан айрылып қалам деп, 
тілінің ұшын ғана тигізіп, тек дəміне тамсанып отырыпты-мыс деседі. Ал бұл 
ат үстіндегі сарт-сұрт сарбаздығына басып, тап олай сырбазсып көрген 
еместі. 
Бақса, осы уақытқа дейін маңдайына біткен бақтың рахатын қызықтап 
көрмепті. Оның ерте суынған жүрегі аяғының астына кеп құлаған əр алуан 
тулар мен домалап жатқан көп тəждан басқадан лəззат іздемепті. 
Қит етсе, басындағы тəж бен астындағы тақыт аяғын байлап келіпті. Қырық 
пышақ елдің тəжін киіп, тағына мінген адамның олай болмасқа амалы да 
жоқ еді. Енді, міне, екеуі бір сарайда отырып, қасына Кіші ханымды шақыра 
алмай, дал боп отыр, Өзгелер тарапынан тізені көп көріп, əбден қаттылыққа 
үйреніп, үй ішін де маңына көп жолата бермейтін. Əмірші ханымдар 


30 
бөлмесіне де тек түнде ғана бас сұғатын. Елші қабылдаған, жұртпен 
кеңескен, не үй іші боп, бала-шағамен түгел бас қосқан ошақ басы 
мəжілістер болмаса, əйелдерімен күндіз оңаша жолығу салтында жоқ-ты. 
Енді, міне, қанша алағызса да, Кіші ханымды қасына шақыруға, не өзі барып 
жолығуға төңірегіндегілерге өзі үйреткен салт аяғына тұсау боп отыр. Тапа-
тал түсте əсіресе бəйбішесі əлгіндей жорамал жолдап, əр қызметшісі бұл не 
істеп, не қояр екен деп, əр адымын аңдып отырған тұста күндіз Кіші 
ханыммен жолығысса, төңірегіндегі жұрттың неге жорырын кім білсін... 
Кешті асыға күтті. Бұған дейін зулап еткен уақыт енді аяғына тұсау 
түскендей, баспай қойды. Күн көзі де ұлы бесінге барды да, бір орында 
тапжылмай тұрып алды. 
Оңаша бөлмеде сарылып отыра беруге дегбірі жетпеген Əмірші қайтадан бақ 
кезді. Күндізгідей бұлақ басына барып ойға шомып отырғысы келіп еді, 
іріген айрандай ойының басы қосылмай, орнынан тұрып кетті. Ауық-ауық 
күн көзіне қарап қояды. 
Жаудан қайтпаған жүрегі əйел төсегіне жақындауға қаймығатындай болған 
кезінде, жаңа үйленген бозбала жігіттей, күннің тезірек батқанын, тезірек 
ымырт орнағанын тыпырши тосты. 
Көлеңке ұзарды. Ағаш-ағаштың көлеңкелері бір-бірімен ұштаса бастады. 
Бақ іші күңгірттене Əмірші сарайына қайтты. Манадан бері сарыла 
тосқаннан саз тартқан жүрегіне тағы бір күптілік кірді. Кешке абажадай кең 
бөлмеде самсай маздаған самала шырақтар жарығында өзінің мынау ұлан 
асыр жарық жалғанда жалғыз екенін ойлап елегізіді. Көк найзалар арасында 
тұрса, қас-қая шапқан қалың жаудан да қорықпас еді. Жалаңдаған жас жігіт 
шағы болса, ойланбастан ханым бөлмесіне қойып кетер еді. Алағызған 
албырт махаббат айдап апаратын жастан кетті. Сырласып, құса таратуға 
кіретін сырдесте бəйбішесі емес, уыздай жап-жас бейтаныс бойжеткен. Атын 
да білмей, асығыс ұшырасып, айрылысып кеткен көп кəнизактың біріндей 
Кіші ханым осы кезге дейін өзіне бір тіл қатып көрген емес. Əмірші, міне, 
отыз жылдан асыпты, ешкіммен сырласып көрмепті. Қазір барып Кіші 
ханымға не дейді? Абажа бөлмеде атымен жат бір əйел, бір еркек не 
бітірмек, не сөйлеспек? Үлбіреген бала қыздың өзінің əйелі екені шын. Ол 
түгілі бүкіл байтақ шаһар, ондағы əр үй, əр адам Əмірші дегенде тік тұрады. 
Бүкіл ел тік тұрады. Жарты əлем аузына қарайды. Бірақ жарты əлем толы 
жаннын ешқайсысымен іш ашысып сырласа алмайды. Кіші ханым да-сол 
жарты əлемді жайлаған жұмыр басты пенделердің бірі. Мынау оңаша 
сарайға екеуден-екеу қамалғандарына əлденеше күн өтті. Бірақ батылы 
жетіп күйеуінің қасына келе алмады. Неткен тамұқ дүние... Ашса-
алақанындағы, жұмса-жұдырығындағы жарты əлемдегі жан біткеннің жаны 
да, тəні де-бəрі өзінікі, бірақ бəрі жат... Бəрі де бұдан тек бұйрық қана 
күтеді. Бұрын ол өзінен басқалардың бəрі де өкіметтің өктемдігі деп 
аталатын көзге көрінбес қыл тұзақпен шандулы, тырп етерге дəрмен жоқ 
тозақ торда екенін жақсы білетін. Бірақ ондай тордан өзін азатпын деп 
ойлайтын. Бүгін кеп байқаса, сол өзгелерді матап келген қыл тұзақ, енді, 
міне
,
өзінің де аяқ-қолын шырмай бастапты. Жұрт бұрын əміршінің көзі 


31 
мен сөзінен қорқатын болса, енді, міне, Əмірші де жұрттың көзі мен сөзінен 
қорқатынды шығарыпты... 
Міне, ол мысық табандап өзі жататын бөлмеден шықты. Түн ортасы 
ауғанша тырп еткізбей матап қойған сиқыр тұзақ біржолата ағытылып 
қалып қоймай, əлі де сирағына жабысып шұбатылып келеді. 
Қақ төбедегі мəрмəр шытыралар да, қос қапталдағы безерген мылқау 
қабырғалар да, тас бағандардың тасасына тығылған ұры көлеңкелер де, 
аяғының астындағы масаты кілемнің жапырыла құлап жатқан майса түктері 
де, тіпті қолындағы шырағдан да-əр адымын көз жазбай бағатындай; сарай 
ішінде əлдебір қалтарыстардан енді қайтер екен, енді қайтер екен, деп 
тағаттары таусылып аңдып тұрған мыңдаған тіміскі көздер мен қазір қай-
мығып, дымдары ішінде боп, жұмулы тұрған талай-талай жымысқы 
еріндер, ол қазір Кіші ханым жатқан бөлменің табалдырығынан аттауы-ақ 
мұң, бəрі бірдей жабыла табалай жөнелгелі тұрғандай. 
Мыңдаған жанның басы бұныкі болғанмен, ойы бұныкі емес, тілі бұныкі 
болғанмен көңілі бұныкі емес. Бұл бір өзі мыңды аңдып тұра алмайды, мың 
бəрі жабылып бұны аңдиды. Мың қол, мың аяқтың əр аттағаны, əр қимылы 
бұның көзінен таса, ал бұның əр қимыл, əр аттағаны мыңның көзінде. 
Олар мынау оңаша сарайдың ішінде түн ортасы ауғанша кірпік ілмей аңдып 
отыр. 
Əне сақал-шашы ағарған, көзі қып-қызыл екі кəрі азбан құл қол қусырып 
босағадан жылыстай берді. Тірі өліктей боп мөлиіп, кірпіктерімен жер 
шұңып тəлімсіп тұрғандарымен, көзір тұстарынан өте бере-ақ, бір-біріне ым 
қағады. 
Əмірші əлдекім ту сыртынан қанжар сұғып алғандай, жалт қарап еді, 
айтқанындай-ақ екі құл бастарын енді көтергелі жатыр екен, оның сұп-
суық жанарына оқыс шарпылып, қайтадан мойындары салбырап жерге 
қарап кетті. 
Серпе ашылған ауыр есік те қайта жабылғанда, емен жақтауға əлденеңе деп 
міңгір еткендей болды. 
Əмірші самала шырақтар самсаған тағы бір кең бөлмеге өтті. Бір жақ 
бұрышта үйіріле қалған қара қоңыр көлеңкеден əлдене қылаңытады. Ол-
созалаңдап орнынан тұрып жатқан қызметші кемпір... Кіші ханымның 
күтушісі. Əміршінің барлық əйеліне жас кезінде, хан ордаға алғаш аттаған 
шағында сол күтуші болады. Падиша төсегінің маңынан жүріп кермеген 
осы бір қартаң əйел ханымдарға əмірші əйелі болғанның қалай болатынын 
үйретеді. Сарайдағы басқа қызметшілердей емес паң. Маңғаз басып, маңғаз 
сөйлейді. Əнеки, өзге қызметшілердей елпең ете қалмай, қалт-құлт тізесін 
нығыз ұстауға тырысып, керіле басьш келеді. Елдің бар асылын ұстайтын 
қазына бастығы да тап мынандай кердеңдей алмас. Күтуші кемпір өзге 
сарай адамдарына ғана емес, Əмірші мен ханымның өзіне де аспандай 
қарайды. Құдды сол болмаса, олар бір-біріне жол таба алмастай. Əсіресе бұл 
алыс жорықтан оралғанда, басқанынан жер ойылатындай боп батпансып 
қалады. Міне, əдейі тоса тұрсын дегендей ұзын шұбақ белменің бір шетінен 
аяғын санап басып ілбіп келеді. 


32 
Күлгін атлас көйлектің үстіндегі алақандай сұрғылт беті бірте-бірте 
айқындала түсті. Ең алдымен, екі жерде едірейіп-едірейіп бурыл шалған 
қос жүндес қабағы көрінді. Қаймыжық еріндерге шабына төнген орақ мүр-
ны сосын барып аңғарылды. Бір түскен жеріне желімше жабысып, қадала 
кететін екі меңіреу жанары танымай қалғандай біраз тесіліп тұрды да, 
Əмірші қабағын шытқанда барып, аударып əкетті. 
Шұбатылған жеңі тұтқаға оратылып, асығып-үсігіп есік ашты. 
Əмірші ту сыртына желімше жабыса қалған күтуші əйелдің өлімсіреген 
күңгірт жанарынан қашып құтылғанша асығып, ханым жатқан бөлмеге 
озды. 
Бөлме іші бозамық. Ханымның төсегі қай тұста екенін, біраздан кейін 
барып аңғарды. Оң жақ бұрышта-ғы жермен-жексен жайпақ тақтаның 
үстінде томпиып жатқан соның төсегі. Солай қарай беттеп еді, көрпе мен 
жастық екі жерге екі төбе боп үйіліп қалған мыж-мыж төсектің əлдебір 
жерінен екі Əмірші селт ете түсті. Екі үйік көрпе жастықтың ара-сы қайтадан 
тынши қалды. Баяғыдай емес, шоғы қайтқан солғын жанары күңгірт бөлменің 
бір түкпірінде еміс-еміс қылаңытқан төсекке қараған сайын, бұлдырай 
берді. Əлгінде ғана екі жерде екі үйік болып жатқан екі төмпек бір түрлі 
қозғалатын сияқты, біресе дөңкиіп биіктей түседі де, біресе, жым-жылас 
төсекпен төсек боп жоғалып кетеді. Əмірші бірер қадым ілгері аттады. 
Көрпенің астынан ешқандай тіршілік белгісі білінбейді. Кіші ханым 
əлдеқайда жым-жылас жоғалып кеткендей. 
Төсектің төңірегі бөлменің басқа жеріндей емес, бір түрлі бұлыңғырлау. 
Сұлу əйелдің жас тəні мен əр алуан гүлдердің шырынынан жасалған 
жұпардың иісі ию-қию араласып, көнілдің əлдебір зымыран шыңырауына 
түн-шыққан түсініксіз сезімді түрткілеп жатқандай. Əмір-шінің жаңа ғана 
темір серіппедей шиыршық атып кірген жүйке-жүйкесі буға ұсталған 
қайыстай жібіп, жұмсарып барады. Аяғын аттаса, құлап түсердей абдырап 
тұрып қалды. 
Оның буалдырланып тұрған жанары тағы да ағараңдап оқыс шоршып 
түскен екі əлденені шалып қалды. Тұла бойын түгел еріте жөнелген бусаң 
сезім кілт кідірді, жүрегінің басы бүлк ете қалғандай болды. Дөңкиіп үюлі 
жатқан көрпенің тасасынан қос ақ білек қайта-қайта алақан жайып көкке 
көтерілді; кенет оқ тигендей, ұйпа-тұйпа үйіліп қалған көрпенің үстіне сылқ 
құлады да, екі қол айқаса, кетті. Сүйрік саусақтар бірінің арасына бірі сы-
ғымдала кіріп, біраздан соң құшағындағы мамық көрпені мытып ап, 
бауырына қыса түсті. Манадан бері қауқиып тұрған мамық көрпе 
əлдеқандай сиқыр құштарлық билеп алған темір тегеурін жас құшақтың 
мытып қысқанына шыдай алмай, еріген қардай боп, шежіп барады. Көрпе 
тасасындағы бал-бұл жанған ал қызыл жүз енді көрінді. Мамық жастық 
деңкиіп төсек басында қалыпты. Ханымның мойны бір жағына əнтек 
қисайып, жастықтан аунап кетіпті. Ұйпа-тұйпасы шыққан қолаң шаш 
жазық маңдайын жартылай көміп алған. Қос көз тарс жұмық. Қатты 
қызудан ауа жетпей ауырып жатқан кісіше, аузы əнтек ашылып қапты. 
Албыраған екі ерін өз-өзінен ісініп, бір-бірімен жымдаспай, екеуі екі жаққа 


33 
шегінісіп кеткен. Ханым өз тісін өзі күл қып үгіп жібергісі келгендей, 
тістеніп апты. Бір-біріне қадалып қалған ақшыл тістердің ар жағынан əлдебір 
аласұрған қомағай құштарлық сес бергендей. Кіші ханымның ұйықтап 
жатып, əлденеге өліп-өшіп, ентіге шыққан демі Əміршінің құлағын шаянша 
шағып алды. Осы бір тұңғиыққа біржола батып бара жатқан кісінің жаны 
қарқараға келгендегі су астындағы былдырындай тұншыққан дыбысты ол 
алғаш рет он бес жасар бала кезінде естіп еді. Жастайынан балаларға қо-
сылмай оқшау ойнайтын ол бір күні атына мініп ап, тау баурайын тіле 
құлаған сайдың бір жақпарында бөктергінің ұясына тұзақ құрып отырған-
ды, сайдың табанындағы кішкене қыстақ жақтан бұл отырған 
жақпардың астындағы тұма бұлақтан су алуға келе жатқан əйел көрінді. 
Құмырасын иығына қойып, төгілтіп пəрəнжа жапқан əйелдің тұма бұлақ 
қайнап шығып жатқан қалтарыс кеуекке кіруі-ақ мұң екен, жақпарды ора-
ғыта құлайтын жалғыз аяқ жолда шақпақ тастарды шақыр-шұқыр құлатып 
түсіп келе жатқан, жалы тілерсегіне тегілген қара ат мінген қаба сақал 
біреуді көрді. Жал құйрығы шұбалған көшелі қара ат аяғын санап басып, 
төменге құлады да, тасаға түсіп, көзден ғайып болды. 
Бала аңшы оның ешқайсысына мəн берген жоқ, аңғардың ар жағында 
əлденеге шырқ айнала шүйіп жүрген бектергіден көзін айырмай отыра 
берді, кенет сай бойынан шыңғырған əжептарқы дауыс шықты. Əйел даусы. 
Орнынан атып тұрды. Əйел бажылдап үсті-үстіне шыңғырды. Бала қолына 
садағын алып, тастан тасқа қарғып, асыға-үсіге манағы əйел су алуға кіріп 
кеткен кеуекке қарай жүгірді. Бір-екі жерде сүрініп кетіп, алақанын тасқа 
сыдыртып алды. Оған да қараған жоқ. Бұл кеуекке жақындаған сайын, əлгі 
шыңғырған дауыс əлсірей түсті. Бұл онан сайын зəре-құты қалмай, 
жанталаса ұмтылды. Ақырында, тұма бұлақ шығып жатқан қалтарыс кеу~ 
ектің жар қабақ ернегіне де жетті. Енді болмағанда биіктігі құлаш жарым 
ернектен кеуекке бір-ақ ырғығалы түр еді, құлағына көмекке шақырып 
шыңғырған да, шағынып жылаған да емес, бұрын-соңды бұл естімеген бір 
түрлі ерсілеу дыбыс естілді. Ауру батқан азаптың емес, иіген саулықтың 
мекіренгеніндей əлденеге байыз тауып рақаттанған мекер дыбыс. Бала 
аяғының астындағы кесекті теуіп жіберіп, кеуектің астын бір тасыр-тұсыр 
еткізді де, қайтадан орнына беттеді. 
Біраздан соң жалды қара атына мініп, сай табанында-ғы ағын суды кесіп 
өтіп, арғы өр бауырға тырмыса көтеріліп бара жатқан бейсаубат 
жолаушыны көрді. 
Көп ұзамай əйел де кеуектен шығып, сай-табанында ақсиып жатқан жалғыз 
аяқ жолдың бойында су толы құмыраны бір иығына қондырып ап, бөксесі 
бұлт-бұлт ойнап, бұрала басып бара жатты. 
Қаннен-қаперсіз кішкене қыстақтан жаздыкүнгі шытырмақ аспанға көрінер-
көрінбес боп селдір түтін ұшады. 
Бекерден-бекерге жарадар болған баланың қос ала-қаны шымырлап 
барады. Тас кеуек пен өзі ғана куə болған əлгі оқиға ойына түскенде, 
баланың көкірек терісі жалбырап, қан шапшып тұрған ұлпа алақанынан гөрі 
де удай ашып тызылдай түседі. 


34 
Əмірші енді аңғарды. Қазір де көкірегін тап сол жолғыдай əлдене 
тызылдатып алып барады. 
Өз-өзінен дөңбекшіп жатқан ұйпа-тұйпа төсектен құдды бір құбыжықтан 
қашқандай безіне шегіншектеді. 
Есіктен қалай шыққанын да білмей қалды. Созалаңдап орнынан тұрып 
жатқан күтуші кемпірді де байқамады, азбан құлдар да көзіне түспеді. Кіші 
ханым иемденген бөлмелер біржола артта қалғанда барып, қызметшілері бұл 
неге тез шықты екен деп тан қалатын болды-ау деген ұры ой қосарлана 
кетті. Онсыз да тызылдап келе жатқан көкірегі онан сайын ит жыртқандай 
болды. Өз бөлмесі биылдыққа жеткізбес жердің түбі боп көрінді. 
Əмірші өз төсегіне болдыртып жетті. Айдалада кең бөлменің қуыс-қуысынан 
бұның көзіне түспейтін əлдебір тіміскі көздер бұл не істер екен деп, табалап 
қарап тұрғандай, ол жатарын да, тұрарын да білмей, абдырап қалды. 
Бөлменің қақ ортасындағы жыланша шапшыған кішкене хауыздың еміс-
еміс сылдырынан басқа дыбыс та жоқ. Айналасы ат шаптырым жер алып 
жатқан кең сарайдың еш жерінен ешқандай сыбыс шықпайды. Кең бөл-медегі 
ауа бір-бірімен ұстасып, ұйып қалғандай. Тынысы тарылып барады. 
Хауыздың қасына келіп еді, мөлт-мөлт жылап тұрған мөлиме суға қараса, 
көкірек тұсын темір сауыттай сірестіре қысып тұрған ашу үгітіліп күйреп 
кетердей, ілбіп басып бақша жаққа қараған терезенің алдына келді. Шыр 
айнала қоршап жатқан хан сарайдың қақ ортасында хауыз бен гүлзар. Бұл 
терезенің алдына келгенде, батуға айналған айдың солғын нұры астынан əр 
жер-əр жерден бозараңдап əлденелер көтерілді де, бұрыш-бұрышқа үнсіз 
жылыса берді. Олар-сақшы сарбаздар, бұның көзін ала беріп, бəрі бірігіп 
əлденені ермек қып отырды да, енді бейуақта терезе алдынан хан көрінген 
соң, көлеңке-көлеңкені сағалап орын-орындарына безіп барады. 
Ай əлдеқашан еңкейіп кеткен. Оның бозамық нұры ауланың қақ 
ортасындағы хауыз төңірегі мен қарсы беттегі терезелерге ғана түсіп түр. 
Бұл жатқан бөлме жақты қазанның түп күйесіндей қап-қара түнеріңкі түнек 
қоршап апты. 
Жым-жырт. Көзді де, құлақты да бірдей байлап тастайтын жымысқы түн. 
Күндізгі абыр-сабырдың, қимыл қозғалыстың бəріне у беріп, талдырып 
тастаған тыныштық пен қараңғының қайраттарына мінген шағы. Ұры ойлар, 
ұры қылықтар, ұры сезімдер шағы. Күллі əлем түп-түгел күңірсік төсекке 
сүңгіп кеткендей əзəзіл шақ... Жұрттың күні бойы көңілге алуға да 
қысылып-қымтырылып жүретін сайқал нəпсінің аяғындағы тұсаудың 
ағытылатын шағы. Кім-кімнің де көңілін шайтан иектейтін шақ. Жарық күн 
мен ояу жанарлар көзден таса қалтарыс-қалтарысқа қуып тыққан ыбылыс 
ластықтың мың-мың құрты қайтадан бас көтеріп, қараңғыны жамылып, 
қаптап өріп шыға келетін шақ. Адамдар-тек күндіз ғана адам, ал түнде 
олардың өзге жануарлардан ешқандай айырмасы жоқ, пыр-пыр ұйықтайды, 
қасында əйел жатса, барша жануарлардың қай-қайсысындай о да 
шырпынып аласұрады. Ертең қайтадан күн шығып, қайтадан жұрттың 
көздері тірілген шақта, əлгі жануарлардың бəрі еледі де, олардың орнына 
жарық күннен қысылатын, өзге өзі тектестердің көзі мен сөзінен қорқатын 


35 
пенделер қайта тіріледі. Былайғы пенденің күндізгі қысылып-қымтырылып, 
өз аяқ-қолын өзі матаған сіреспе тіршіліктен бір сəт босап, арқасы 
жазылатын түндері бар, түнде ол жұрттың көзін де көрмейді, сөзін де есті-
мейді, ың-шыңсыз оңашаға көшеді. Бұның ондай түні де жоқ. Бұл түнде де 
тас қараңғыда алау оттың жарығында жападан-жалғыз отырғандай. Түнек 
қараңғының түкпір-түкпіріндегі жымысқы көздердін бəрі бұны көреді, ал 
бұл төңірегін тас қып қымтап алған тас қараңғының тасасында не болып, 
не қойып жатқанынан атымен бейхабар. Ол адамдық тіршіліктің күндізгі 
бейнетін бір кісідей-ақ тартқанмен, түнгі лəззатынан біржола мақұрым... 
Мынандай тас қараңғы түнде, төңірегінде күйек сасып теңкиіп жатқан 
өңшең жануарлар ортасында, қапаста қапырың жұтып отырғаннан асқан азап 
бар дейсің бе? Бұның қасында төңірегі шұлғау сасыған жортуыл түндер не 
деген пейіш, ертең оққа ұшатынынан, не тірі қалатынынан атымен бейхабар, 
ерін жастанып, найзасын құшақтап, қор-қор ұйықтап жататын жауынгерлер 
неткен періште, сондай түнде сəл мызғыған не ертеңгі шабуылдың жай-
жапсарын ойлап көрер таңды көзімен атқызған неткен рақат! Өліп-өшіп 
елге оралғанда, осы жұрттың төбесіне шығар мүйізі қайсы? 
Əміршінің арықты жарып шығып, беталды құла түзге ақтарыла жөнелген 
қашпа судай, ойда жоқта қоздай бастаған оғаш ойлары осы арада жар 
қабақ жағаға кеп соқтыққандай тоқырап қалды. Есіне əлгінде ғана өзі барып 
шыққан бөлме, ұйықтап жатып шайтансыраған əйелінің ыңыранған оғаш 
дыбысы түсті. Сол-ақ екен жаңа ғана көз алдына елестеген, мынау қара 
түнде қаптап өріп келе жатқан құрт-құмырсқа енді бұның да балағынан 
еніп, кеудесіне қарай жабыла жорғалай бастағандай, тұла бойы түршігіп 
кетті. 
Жалма-жан терезе алдынан кетіп, хауызға беттеді. Бір түрлі өзінің ояу 
екенін, əлде ұйқысырап жатқанын анықтап білгісі келген кісідей, бөлменің 
ішінен түк қалдырмай тінте қарады. Төрде бос жатқан төсегін керді. Бет 
алдын хауыздағы судың мұздай лебі жалап өткендей болды. Алтын 
жалатқан жіңішке түтіктің аузына қолын апарып еді, əлдеқандай, ту 
тереңнен жыланша ирелеңдеп шығып жатқан мөлдір сұйық саусағын шағып 
алды. 
Ол бойын жиып ала қойды. 
- Апыр-ай, сонда əлгі қызыл алма... 
Аузынан оқыс шығып кеткен осы сөздерді біреу естіп қалды-ау дегендей, 
пышақ кескендей тыйыла қалды. Үркек ой арғыға барғысы келмей, қанша 
тайсақтағанмен, айнала анталай шыққан көп күдік, кеп сауал, жан-жақтан 
жабылып, қамшының астына алды. Бейшара ой тұяқкетті тұғырдай көп 
сауал кес-кестеген шытырман жолды жасқаншақтай басып, көп күмəннің 
көк ала тұман қойнауына қойды да кетті. 
Сонда бəйбішенің жорамалы Кіші ханымға бағышталған болды. Күндес 
қатындар... Үйреншікті соқпаққа түсіп, текіректей жөнелгісі келген көнбіс 
ұғымды тағы бір тосын тосқауыл сауал тізгінінен тартып, тұқыртып 
тастады... «Əрине, солай... Əлгінде ғана төсегінде əлдекімге құшағын 
жайып, бауырын тосып жатқанын өз көзіммен көрмедім бе? Перзент сүйіп 


36 
көрмеген жас əйел еркектен басқа кімге еміренуші еді...» 
Сонда оның осыншама өліп-өшкен еркегінің кім болғаны? Бəлкім, өзі 
шығар. Жоқ, жоқ, қисынға келмейді. Бұл жас əйелмен тап ондай аңсарға 
айналардай төсек сіңісті бола қойған жоқ-ты. Бір-екі рет бірге түнеп 
шыққан Кіші ханым тым ұялшақтық танытқан-ды, ондай əсіре құштарлық, 
ашқарақтық көрсете қоймағанды. Ендеше, ұйықтап жатып, түсінде ынтық 
болған еркегі өзге біреу. Жүрегі бір түрлі шым ете қалды. Өзінің мынау 
жарық жалғанда атымен егей екені есіне түскенде, көкірегіне тас боп қатқан 
сіреспе мұз еріп, өксігендей болды. Кенет осы мен кімге өкпелеп отырмын 
деген ой оралды да, енді-енді сетіней бастаған тымырсық ашу қайтадан 
сіресе қалды. 
Сонда мұның аруағын аттап, басынып жүрген, киелі төсегіне килігіп жүрген 
кім болғаны? Ол білетін жарық жалғанда езін басынардай жан бар ма еді? 
Жорыққа аттанғанда елдің бетке шығар еркегінің бəрі соңында жүр-меуші 
ме еді. Апырау, ханымның көзі түсердей адам қалып па еді? 
Қызылға талпынған аш бүркіттей, адуын ойды тежеп, əлгі сауалға жауапты 
байыппен іздей бастады. 
Күйеуі жорықтағы жас əйел кімді кезіктіруі мүмкін. Сарайда қалғандардың 
бəрі жас жағынан мұның ізін қуып жүргендер. Жап-жас əйелді тап əлгіндей 
таңдай қақтыра қоятындай ешқайсысы жоқ сияқты. Ол сарайда қалғандарды 
жеке-жеке есіне түсіріп көрді. Əрқайсысын таразыға қанша салып, 
салмақтаса да, ешқайсысының бойынан тап сонша, ханымның көңілі 
кетердей қасиет таба алмады. 
Сонда, кіші əйелінің көкірегіне жол тауып, күндіз есінен, түнде түсінен 
шықпастай боп жайлап алған жымысқы еркек кім болғаны? 
Дал болған ой бір қауым жерді шарлап-шарлап шығып, баяғы бір 
тығырыққа тағы келіп тірелді. Əр шығанға алып қашқан ойлардан басы 
қатып кеткен бе, екі шекесі шыңылдап қоя берді. Көз алдына əлдекім тікен 
тіреп қойғандай, жұмыла жаздап, жұмыла жаздап тұрған кірпіктері қайта 
ажырап кетеді. Өне бойын бірте-бірте ауырлата түскен мең-зең хал 
қаңғыма ойдың соңына түсе беруге қажығандай... Шынында да, осы Кіші 
ханымның əлгі бір көрер көзге ерсілеу ұйқысырағанында осынша дал 
болатындай не түр? Мүмкін түсіне өзі кірсе, кірген де шығар. Пəлен жыл 
жорықта жүргенде, күйеуін сарыла сағынып, төсекте бір жататын жұп 
түндерді аңсаған шығар. Пəлен күннен бері бір сарайда тұрып, бірін-бірі 
көрмей, əне келеді, міне келеді деп күте-күте əбден титықтаған соң 
қалжырап ұйықтап кеткен шығар. Пəлен күннен бері бір өзін ойлап, əуре-
сарсаңға түскен сана түсінде де іздеп сандырақтаған шығар... 
Егер сонша сарылып сағынбаса, мана күндіз, өз көзімен көріп, тамсанып 
қайтқандай тамаша мұнара салдырып қояр ма еді? Аспандай қараған асқақ 
мұнараның өне бойы толы махаббат табы емес пе еді... Махаббат... 
Жаңа бір жол тауып ап, адымы енді жазыла бастаған ойы кенет ұшпа құзға 
қайта кеп тірелгендей, əлгі бір «махаббат» деген сөзге ілініп тұрды да қалды. 
Иə, көк мұнараның өне бойынан өліп-өшкен махаббатты тану қиын емес. 
Бірден көзге ұрып түр. Бірақ сол кімнің кімге махаббаты? Көк мұнара алыс 


37 
жорықтағы еріне ынтыға қол созған сағынышты жар ма, жоқ алыстан қол 
созған ғашық жүректі мен мұндалап қасына шақырған сиқыр сұлу ма, 
қайсысы? Мана бұл қасынан көзі қиып кете алмай көп қараған жоқ па еді, 
сонда сиқыр мұнара өзіне тартып тұрмап па еді? Сонда оны салған шебер 
нені бейнелеген болды? Алыстағы жарын күткен сағынышты бейнелесе, 
қасына барғанда, асқақтап аспанға қарап жатып алатыны несі, сəл алыстасаң 
болды, қайтадан өзіне баурап, қараған көздің шырқ айналып шыға 
алмайтыны қалай? Жоң, жоқ, шебер мұнараны салдырған ханымның алыс 
жорықтағы жарына деген пейілін емес, өзінің ханымға деген көңілін 
бейнелеген... Өліп-өшкен махаббатын бейнелеген... Иə, солай. Көк мұнара-
ның сиқырына ол енді түсінді. 
Əмірші ойда жоқта тауып алған мынандай оқыс жаңалығына, манадан бері 
жанын жегідей жеп отырған əлеке сауалдың ындыны тап бұлай оңай 
бітелгеніне қуанарын да, қынжыларын да біле алмады. Əлгінде ғана көз 
алдын тіреп тұрған кезге көрінбес кеп бақан құлап-құлап кеткендей. 
Өне бойына енді-енді дари бастаған мең-зең зіл жым-жылас жоғалды. 
Əлгі бір көзбен көріп, қолмен ұстатқандай, ұрымтал ойды жаңылып 
қалармын дегендей, іштей қайта-қайта ойлап, əбден жаттап отыр. Иə, 
бəйбішесі жіберген өзегіне құрт түскен қызыл алманың жауабы енді 
табылды. 
Енді бұған қолмен ұстатқандай даусыз айғақ керек. Айғақкерді табу да оп-
оңай. Жай-жапсарды бəйбішесінен сұраса, о да айтып береді. Бағанағы 
күтуші əйелден сұраса, о да айтып береді. Тіпті азбан құлдардың білуі де 
əбден мүмкін. Ал бірден-бірі білетін кісі-бас шебер. Бұлардың қайсысын 
шақырып сұрағаны дұрыс. Ендігі гəп сонда? 
Əмірші тағы да маңдайын ұстап, ойланып қалды. Бірақ бұ жолы ойы 
манағыдай керенау емес, əбден балағын түріп, жел аяқтанып алған. 
Мұндайда əбден кесіп-пішіп ойлап алмаса, өзінің абыройына да оңай ти-
мейін деп тұрған күпті күмəннің бетпердесін қалай ашса дұрыс болатынын 
да көп бас қатырмай, бірден тапты. Мұндай ұрымталын өзі біліп тұрған 
күмəнды дабыра қып ешкімнен сұрамау керек. Бірден күмəндінің өзіне 
жабысқаны жөн. Ал əлгіндей түбі шикі əңгімені білетіндер бұл сұрамаса, 
өздері батып ешкімге ештеңе айта алмайды. Ауыздарына құм құйылып 
жүре берсін. Бұл мұнара салған шебердің өзін шақырып, өзімен сөйлеседі. 
Көкірегіне өзі кеп ұялаған əлгі күдіктің анық-танығын соның өзінен біледі. 
Тек таң атсын, оған жаушы жібереді. Əлде оны шақыртуға бас шебердің 
өзін жіберсе ме екен. Иə, сол дұрыс... Бұл əңгіменін арты немен тынарын 
кім біліпті. Сонда бас шебердің де керегі болар... 
Əмірші орнынан тұрды. Енді аңғарды-таң алакеуімдеп қалса керек, 
терезеден көгілдір сəуле төгіліп тұр. Бөлменің ішін түп-түгел көк ала тозаң 
жайлап алыпты. Қарсы алдындағы хауыз да, оңдағы шып-шып шығып 
жатқан су да, сол күйінде қатып-қатып қалған көгіс тозаң, ошақ орнындағы 
үйінді күл сияқты. Жолап кетсең, күйреп үгітіліп түсердей. 
Əмірші сол орнында мелшиіп тұрды да қалды. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет