Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»


Табиғат лириксының ішіндегі ең үздік өлеңі – «Жетісу суреттері»



бет133/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   245
Байланысты:
дебиет туралы жалпы т сінік дебиет – араб с зі, ол « лгілі с з

Табиғат лириксының ішіндегі ең үздік өлеңі – «Жетісу суреттері»
М.Әуезов: «Мен Ілиясты бұрын да білуші едім. Бірақ оның шын мағынасында дарынды ақын екенін мойындағаным «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін».


«Күйші» поэмасы

(эпико-психологиялық поэма)

Кейіпкерлер:

Кене хан


Қарашаш – хан Кененің қарындасы, негізгі кейіпкер.

Күйші – негізгі кейіпкер.

Сапақ – Әлімқұл датқаның ұлы.
Қысқаша мазмұны: Поэманың негізгі арқауы Қарашаш пен Күйші арасындағы терең психологиялық тартысқа, адам сезімдерінің шарпысуына құрылған.

Хан Кененің Арқадан көшіп, Алатауға келуі, хан ордасына сарыүйсін руынан шыққан жігіттің жалғыз шешесімен бірге келуі, атының ұмылып Күйші атануы, оның хан ордасын күйімен түрлі күйге түсіруі, Қарашаштың Күйшіні басыбүтін сұрап алуы, еркінен айырылған Күйшінің зар илеуі, жалғыз қалған шешесін ойлауы, бар ісі Қарашашқа күй тарту, уақыт өте келе бұл халге үйренуі, қызға ғашық болуы, тіпті ханша қыздың өзінің кедей күйшіге «үйленсем бе екен» деген ойға кетуі, олардың осындай ғашықтыққа берілген сезімін Қарашашты оятам деп бәлеге қалған Сапақтың бұзуы, сезімнің құлы болған Күйшінің өз-өзінен «Қарашаштың қасына барған өзі екен деп, «енді басымды шауып алар» деп қатты үрейленуі, Қарашаштың «қарадан шыққан Сапақ бізді басынды» деп хан Кененің әскерін аяғынан тік тұрғызуы, Қарашаштың бұл әрекеттерінің ел басына туған зобалаң ретінде суреттелуі, бүкіл халықты құтқармақ болып, елдің Сапақты масқаралап, тыр жалаңаш шешіндіріп, Қарашаштың алдына әкелуі, баласына жаны ашыған Әлімқұлдың көз жасын селдей ағызуы, Қарашаштың Сапақты кешіруі, осы оқиғаны бастан-аяқ көрген Күйшінің жан дүниесінде өзгерістің пайда болуы, көңілінің сууы, қайғылы күйлер тартуы, қызды жек көріп кетуі, қыз бен жігіттің арасындағы тартыстың махаббат пен зұлымдықтың тартысы ретінде бейнеленуі.

Поэмада ондаған күйлердің әлеуметтік мәні, тарихи негіздері, эстетикалық нысаны ашылады, олардағы образдар, суреттер айқындалады. Әділетсіздікті, зұлымдықты тізе бүктіретін ұлы күш, бостандыққа жетелейтін алып қуат – өнер деген идеяны образдар арқылы жеткізген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет