ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ
(1894–1938)
Туған жері: қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы (бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысы).
Қызметі: ақын, жазушы, драматург, публицист, аудармашы, өнер зерттеушісі, қоғам қайраткері. Ілиясты «Сөз Құлагері», «Өнер жаршысы», «Күй жаршысы» деп атаған.
Жастайынан анасынан айырылады, әкесінен хат таниды.
|
Қазақ ағарту институтында, Жетісу облыстық «Қосшы» комитетінде, губерниялық оқу бөлімінде, «Тілші» газетінің редакциясында қызмет етті, ауыз әдебиеті үлгілерін жинады.
|
1916
|
Қолына Абайдың өлеңдер жинағы түседі. Бұл жылды «Қысқаша өмірбаянында» ерекше еске алады.
|
1920
|
Алматыда 3 айлық мұғалімдер курсын бітірді.
|
1927
|
Алғашқы өлеңі «Беташар» шықты.
|
1928
|
Тұңғыш кітабы «Сағанақ» шықты.
|
1925–1928
|
Москва журналистика институтында оқыды.
|
Елге оралып, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан) газетінде істеді.
|
1934–1935
|
Қазақстан Жазушылар Одағының бірінші төрағасы болды.
|
1935–1937
|
Көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады. КСРО жазушыларының I съезіне қатысты.
|
1938
|
«Қазақ поэзиясының Құлагері» жазықсыз жазаға ұшырады.
|
Поэмалары:
«Дала» (1) Эпико-лирикалық, сюжетті-тарихи поэма. 2) Поэмадағы оқиғалар тарихшы шал көзімен беріледі. 3) қазақ халқының екі ғасырлық өміріндегі негізгі кезеңдерді түгел қамтыған поэма.)
«Күй» (Молқыбай күйшінің өнері жайлы)
«Күйші» (1934)
«Құлагер» (1936, Ақан сері трагедиясы жайлы)
«Көбік шашқан»
Достарыңызбен бөлісу: |