«Алматы – менің туған қалам» романы (аяқталмаған) және «Айсұлу» поэмасы бар.
1942 ж. мамырда «Комсомольская правда» газетінде «О жизни и смерти» деген өршіл патриоттық публицистикалық мақаласы шықты.
Әскери очерктері мен публицистикасын орыс тілінде жазып, үнемі «Комсомольская правда» газеті беттерінде жариялап отырды.
«Я хочу жить» (сүйген қызы шығыс қызы – Жанна туралы), «Жизнь принадлежит нам», «Коварство и любовь» «Письмо сыну Востока», «Слушай Кавказ» және басқа мақалаларын Ғ.Мүсірепов қазақшаға аударып, «Социалистік Қазақстан» газетінде жариялады.
1946 ж. Москвада «Жизнь солдата» деген жинақ шықты, бұған Бұлқышевтың майдандық публицистикасы енгізілді.
1948 ж. М.Иманжановтың редакциясымен шыққан «Өмір біздікі» кітабында және «Жауынгер мәңгілігі» кітабында (1965, құрастырған Д. Әбілев, алғы сөзі Ғ Мүсіреповтікі) Б.Бұлқышевтың көркем әдеби мұрасы жинақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |