Шығармашылығы
С.Мәуленов – 40-қа жуық жыр жинақтарының авторы. Шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жырланады.
Шығармаларында көп көрінетін, көзге шалынатын поэтикалық бояу – көк түс.
1937 жылы тұңғыш өлеңі «Колхозшы» газетінде жарияланды.
1948 жылы «Өлеңдері» атты алғашқы жинағы жарық көрді.
Жинақтары:
«Жолдас» (1954)
«Жас жүрек» (1956)
«Таңдаулы өлеңдер» (1958)
«Жол үстіндегі жалындар» (1963)
«Жұлдыз жырлар» (1963)
«Шаңқай түс» (1966)
«Қызыл арша» (1969)
«Таңдамалылары» (2 том, 1972)
«Боз қырау» (1976)
«Тау гүлдері», «Шалқар», «Жалын» (үшеу де 1979)
«Жаңбырсыз күз» (1980)
«Шуақ», «Алтын тасқын» өлеңдер мен поэмалары (екеуі де 1981)
«Таңдамалы шығармалары» (3 том, «Алтын тасқын» 1-т. 1981, «Өлеңдері» 2-т. 1983; «Өлеңдері» 3-т. 1984).
«Жұлдыз жүрек» (1985) т.б.
Балаларға арнап «Барлаушы бал» (1961), «Құлыншақ», «Бала жолбарыс» (екеуі де 1963), Амангелді Имановтың балалық шағы туралы «Қорқақ торпақ» (1968) т.б. өлеңдер мен әңгімелер жазды.
1966 ж. «Жар нәрі» атты әдеби портреттер мен очерктер жинағы шықты. Мұнда республика еңбекшілерін халық шаруашылығын өркендетудегі еселі еңбегін туысқан республикаларға барған сапарларынан алған әсерлерін суреттейді.
1971 ж. Естеліктерден құралған «Ал Үркер төбеде тұр» кітабы шықты. Мұнда Абай, Ыбырай, Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Қ.Аманжолов, Н.С.Тихонов, М.Тұрсын-заде т.б. өмір жолын қысқа әрі көркем бейнеленген.
1972 ж. Отанымыздың 50 жыл ішіндегі қол жеткен табыстары, лениндік ұлт саясат баяндалаған «Шыңдағы шұғыла» атты мақалалар мен очерктер жинағы басылып шықты.
А.Пушкин, М.Лермонтов, Н.Некрасов, Т.Шевченко, В.Маяковский, А.Блок, С.Есенин, Н.Тихонов, М.Шолохов, Ә.Науаи т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Мәскеуде басылған орыс тіліндегі өлеңдер жинақтары:
«Жаңа көктем» (1956)
«Дала таңы» (1957)
«Көгілдір таулар» (1964)
«Жер нәрі» (1970)
«Апрель жапырақтары» (1972)
«Таңдамалы лирикалары» (1967)
«Тандамалы лирикалары» (1972)
«Жапырақтар жанады» (1972).
Достарыңызбен бөлісу: |