Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет192/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   245
Байланысты:
дебиет туралы жалпы т сінік дебиет – араб с зі, ол « лгілі с з

Драмалары:

«Сәуле» (1968)



«Боран» (1963, қарапайым еңбек иесі Қоспан тағдыры жайлы)

«Ант»


«Әке мен бала»

«Махаббат мұңы»

«Күтпеген кездесу»

«Арыстанның сыбағасы»

«Күшік күйеу».
«Махаббат мұңы», «Күтпеген кездесу» драмалары, «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді.

«Шырағың сөнбесін» – ең соңғы романы (1981). 1941 жылғы оқиға баяндалады. Романның негізгі кейіпкері Назира (Надя) – кеңес армиясының офицері Қасымбектің жары. Жан-жақтан анталаған жау тылында қалған аяғы ауыр әйелдің өмір жолы, бастан кешкендері, өзін қоршаған ортаға, өткен күндерге көзқарасы арқылы кейіпкердің жан дүниесіне әрі барлау, әрі талдау жасалады.

А.Н.Толстойдың «Азапты сапарда» трилогиясын, М.Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.

II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
«Боран» романы

Кезінде өмірдің өзекті шындығын көрсеткен, бұрын айтыла бермейтін құпия мәселелерді батыл көтерген, кейіпкерлердің ішкі әлеміне талдау жасаған жаңашыл шығарма ретінде жоғары бағаланды.

Бұрын айтыла бермейтін мәселелер: негізгі кейіпкер Қоспанның қойшылық өміріндегі көптеген қиындықтар, басшылардың шаруаға қырсыздығы мен менмендігі, шешілмей жатқан көптеген мәселелердің ішінде азап шекккен қарапайым халықтың жағдайы ашық айтылған. Халқымыздың тең жартысын жоқ еткен ашаршылық та бейнеленген. Асыра сілтеудің салдарынан малынан айырылған, отырықшылыққа әлі үйрене қоймаған қазақ халқы қырылып жатты. Өліктер көмілмеді, ит-құсқа жем болды. Адамзат тарихында ешбір халық бұлай қырылған емес. Сталиннен бастап күллі кеңес идеологиясы осынау сұмдық трагедияны айтқызбайтын. Айтқандарды өлтіретін, қуғындайтын, абақтыға тығатын. Міне, осындай қиын-қыстау заманда Т.Ахтанов ақиқатты айтып салып, азаматтық әрі шығармашылық ерлік жасады.

Қасболаттың ауылдарды аралап, жетім-жесірлердің балаларын оқуға әкеле жатқан сәті тарихтың, өмірдің драмасына толы. Сол балалардың бірі – он жасар Торғай. «Барар жері белгісіз, әйтеуір, алда темір жол бар» дегенге солай қарай босып бара жатқан аштар әкеп тастапты оны. Сол аштар жолшыбай бір үзім нан іздеп келе жатып, аштан өлгелі жатқан әйелді көріп бұрылады. Ана бұларға баласын аманаттап, аттанып кете барады. Анасының жанынан түйіншекке оралған бір үзім нанның табылуы сайып келгенде, «өзім өлсем де, балам өлмесін» деген ананың ерлігі. Қазақ даласында мұндай аналардың қаншамасы бар! Баласын аман алып қалу үшін, өз етінен кесіп алып пісіріп берген аналар аз болмаған. Ақылынан алжасып, өзгелерді жеуге ұмтылғандар да болған. Міне, осы ащы шындықтың бір ұшы романда айқын көрінген.

Жасы үлкен аға, абзал басшы Әлиасқаровтың Қасболатқа айтқан «Менің алдымда екі жол тұрды... Бірі – ұлт азаттығы, ұлт бостандығы. Отар елдің ұлы болсаң, одан аттап кету қиын. Ол ұран мені де қызықтырды» деген сөзі де зерек оқырманға ой салады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет