«Қорқыт ата кітабы»
Бұл шығарма – ХV ғасырда жазылған Қорқыт туралы бірден-бір жазба дерек. «Қорқыт ата кітабын» тұңғыш зерттеуші – неміс ғалымы Н. Ф. Диц.
«Қорқыт ата кітабының» екі нұсқасы сақталған:
1) Дрезден нұсқасы (12 жырдан тұрады);
2) Ватикан нұсқасы (6 жырдан тұрады);
«Қорқыт ата кітабы» былай басталады: «Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңір зердесіне салған соң, оның барлық болжамдары қатесіз болған... Оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін (билігін) бұлжытпай орындаған».
«Қорқыт ата кітабындағы» жырлар:
«Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр»
«Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр»
«Оғыз қаған жыры» т.б.
1999 жыл – «Қорқыт Ата кітабының» 1300 жылдығы дүниежүзілік көлемде атап өтілді.
Достарыңызбен бөлісу: |